Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


Суретші секілді ұрла: егер бəрі жасалып



Pdf көрінісі
бет31/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

Суретші секілді ұрла: егер бəрі жасалып
қойса, не жасау керек?
Бірінші деңгейде көп мəселе тудыратын жəне кез келген «суретшіні»
тоқтататын бір нəрсе бар. Ол – «толықтай түпнұсқа» мен «жаңа дүние»
жасауға ұмтылыс.
Бұл «перфекционизм» ауруының бір түрі болуы мүмкін. Науқастардың
«шағымдары»: «Дəрігер, мен бір орында тоқтап қалдым. Неден
бастарымды білмеймін. Не жазуым керек? Бəрі баяғыда жазылып
қойды. Не ойлап табамын? Қандай сурет саламын? Бар жақсы
дүниелер жасалып қойды. Бар маңызды сөздер жазылып қойды».
Еліктеу арқылы емдеу
Алғашқы кездері идеалды іздеу мен ішкі дауысты тыңдауға
тырысудың аса қажеті жоқ. Дара стиль еңбектену барысында пайда
болады.
Бастапқы кезде кез келген өзін құрметтейтін «суретші»... ұрлайды.
Барлық жолын бастаушылардың (жазушы, сəнгер, бағдарламашы,
кəсіпкер болсын) алғашқы кезеңде «еліктеу» кезеңі болады.
Алдымен дұрыс еліктеуді үйрену керек: мысалы, ұстаздарға. Əртістер
өз кумирлері секілді музыкада ойнайды. Жазушылар соңғы 10 жылда
актуалды болған сөздер мен идеяларды қайталауға тырысады.
Бағдарламашылар кезекті Facebook жасауға тырысады.
Мені Остин Клеонның «Суретші секілді ұрла» деген кітабы
25
шабыттандырады. Ол былай басталады: «Жазушы Джонатан Летем
адамдардың қайдан алынғандығын білмейтіндіктен «түпнұсқа» деп
атап жүргендіктеріне сенімді болған. Кез келген жақсы суретші
ештеңенің жоқтан пайда болмайтынын біледі. Өнердің барлық
нəтижесі оған дейін пайда болған дүниелерге сүйенеді. Толықтай
түпнұсқа жоқ. Библияда дұрыс айтылған: «... күн астында ешқандай
жаңа нəрсе жоқ» (Екклесиаст 1:9)».
25
 Клеон О.
Кради как художник. 10 уроков творческого самовыражения. М.: Манн, Иванов
жəне Фербер, 2015.
Барлық ұлы суретшілер жаңа дүние салмайды. Пабло Пикассоның өзі
айтқандай: «Өнер – бұл ұрлау».


Рэй Брэдбэриден еліктеу сабақтары
Рэй Брэдбэри бірде: «Мен 12 жасымнан бастап күн сайын ең кемінде
1000 сөзден жазып жүрдім. Жылдар бойы артымда По, Уэллс, Эдгар
Берроуз, одан да басқа «Astrounding и Weird Tales» журналында
26
жарияланған барлық жазушылар тұрды.
26
 
Брэдбери Р
. Дзен сөзінен алынған
Ол өзінің 20 жасында басылып шыққан алғашқы əңгімелерінің
«еліктеу» болғанын мойындайды. Журналда басылған үшінші
əңгімесінің түпнұсқа болғанын, оны сегіз жыл жазғанын айтады.
Əрине, кейіннен ол 8 жылдың «еліктеуге» кеткен тым көп уақыт екенін
айтады, бірақ ол мүлде басқа əңгіме.
Айтпақшы, Марк Кистлер – суреттен мұғалім, оның шəкірттері
Айдың, Марстың бетінде жүруге арналған космостық ұшу
аппаратының, сонымен қатар «Шрек», «Мадагаскар»
мультфильмдерінің жобасына қатысқан. Марк Кистлер өзінің «30 күн
ішінде сурет салуды үйренесіз» атты кітабында
27
былай жазған: «Бұл
суретті өзіңіз салмастан бұрын (жақын арада солай болатынына
сенімдімін), 3 рет оны көшіруіңізді сұраймын. «Не? Көшіру? Бірақ ол
алаяқтық!» – деуіңіз əбден мүмкін. Жоқ, келіспеймін.
27
 
Кистлер М.
Вы сможете рисовать через 30 дней. Простая пошаговая система, проверенная
практикой. М.: Манн, Иванов жəне Фербер, 2015
30 жыл сабақ берген тəжірибем бойынша, оқушыларыма қаһармандар
жайлы комикстерді, журналдағы адамның бет-əлпетінің, қол-
аяқтардың, жылқылардың, ағаштар мен гүлдердің суреттерін көшіруге
тапсырма беремін. Көшіру – ол осы барлық сызықтардың,
бұрыштардың, қисық-түзу фигуралардың қалай бір бейнеге бірігуін
шынайы түсінуге көмектесетін бірден-бір керемет əдіс.
Ойлап көріңізші, барлық қайта өрлеу дəуірінің ұлы суретшілері мен
мүсіншілері көркемсуреттерді сурет салып үйрену үшін көшірген.
Disney, Pixar, Dream works студияларындағы əріптестерімізбен осы
ескі сұрақты талқылаған болатынбыз. Олардың бəрі еш ұялмастан
мектеп пен университетте сурет салып үйренгенде атақты
жазушылардың суреттерін көшіріп үйренгендіктерін, осы əдістің көп
көмегі тигенін айтты.
Мен сіздерді өзгенің идеяларын, интеллектуалды меншіктерін ұрлауға
шақырып тұрған жоқпын. Жоқ, əрине! Бірақ егер сіз əлемге айтар
немесе көрсетеріңіздің бар екенін сезсеңіз, перфекционизмге жол


бермеңіз. «Барлық керемет жасалып қойғандықтан» ішкі даусыңызды
тыңдамаудан аулақ болыңыз.
Басқалардікін көріңіз, зерттеңіз, өзіңіздікін дүниеге əкеліңіз».
Ал американдық кинорежиссер Джим Джармуш: «Сіздің қиялыңызбен
резонансқа түсетін нəрсені ұрлаңыз. Барлық əсер мен құбылыстарды:
ескі немесе жаңа фильмдерді, музыканы, кітаптарды,
көркемсуреттерді, фотосуреттерді, өлеңдерді, түстерді, кездейсоқ
əңгімені, мүсіндерді, көпірлерді, көше белгілерін, ағаштарды,
бұлттарды, судың ағысын, жарықты, көлеңкелерді ұрлаңыз. Бастысы,
сіздің жаныңызға жақын дүние болса болғаны», – деген екен.
Сөз соңында, əрине, барлық оқырманға «Суретші секілді ұрла»
кітабын оқуға кеңес беремін. Ол керемет сезімге бөлеп, жақсы
еңбектенуге шабыт сыйлайды! Шекарадан шығып, шынайы өзіңізді
көрсетуге бостандық сыйлайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет