Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы



Pdf көрінісі
бет33/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

Өмір қалай құрылған?
Бақыт формуласы: жеті құраушы
Соңғы кездері «Бізді не бақытты етеді?» деген сұрақ менің жанымды
жегідей жеуде. Əрине, бұл сұраққа жауап беру барысында терең ойға
еніп кетуге болады. Дегенмен қаншалықты таңданарлық болса да,
бақыт еңбекпен келеді.
Дəл осы сұрақты жынысы бөлек, жас ерекшеліктері мен əлеуметтік
статустары əртүрлі жүздеген адамға қойдым. Нəтижесінде бақытты
болуымыз үшін күнтізбемізге енгізуіміз керекті жеті іс бар екендігі
белгілі болды.
Əрқайсымыз ерекше тұлға болғандықтан, əрбір істің мерзімі жобамен
көрсетілген.
1. Жасап шығару / ойлап табу / хобби
Меніңше, адамдардың негізгі мəселесі олардың бақытты емес,
табысты болуға ұмтылуында секілді. Олар өмірлік істерін ақылға
сыймайтын көрсеткіштерге қарап таңдайды. Мəселен, қанша ақша
алып келетініне қарай немесе сырт көзге қалай көрінетіндігі мен
адамдар не ойлайтындығына сəйкес таңдап жатады. Көпшілігіміздің
өмірден өз орнымызды таба алмауымыз да осы себепті. Əлемде
қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысатын экономистер,
бодибилдинг бойынша жарысқа қатысқысы келетін юристер жəне ішкі
жан дүниесінде бір-бір Шекспирі бар бухгалтерлер көбейіп кеткенін
байқаймыз.


Негізінде, бақытты болу оларға тамақтанудан да оңай емес пе? Жақсы
көретін істі бастаса болғаны. Барлығымыздың да айналысуға əрқашан
уақыт жетпейтін кішігірім сүйікті ісіміз бар. Өйткені таңғы тоғыздан
кешкі алтыға дейін төрт қабырғада қамалып отырғандай сезінетін
офисте жұмыс істейміз. Ал кешкісін диванда жатып алып, бізге
пайдасы тимейтін əлеуметтік желідегі топтарды оқығанды қалаймыз.
Əйтсе де əр адам – бес күндік өмірде жолаушы ғана. Көзді ашып-
жұмғанша өте шығатын өмірде шығармашылық жəне
жасампаздығымен өзін барынша көрсетіп, барын адамдарға бере білуі
керек. Шығармашылықпен айналысу дегеніміз – тек қана сурет салу,
жазу немесе кесте тігу емес. Шығармашылық – ауқымды тақырып.
Мəселен, менің юрист болып жұмыс жасайтын Марат деген танысым
көліктердің жағдайын адамды емдейтін дəрігерден де артық түсінеді.
Кей кездері автомобильдерді жөндеудің қиындығы соншалық –
профессионалдардың өздері жөндей алмаймыз дегенде, барлығы
Маратқа зулай жөнеледі. Ол автомобильдің қақпағын қазбалағанда өте
ұқыпты хирургқа, дирижер немесе суретшіге ұқсап кетеді. Марат
бейне бір көлікке жаңа өмір сыйлап жатқандай болады.
Егер Марат машинаға көп уақыт бойы жақындамайтын болса, өзі де
бақытсыз болып қалғандай сезінеді. Бірақ оны өзі байқамайды.
Ас дайындау, адамдармен сөйлесу, өлең жазу, аэрография секілді
əрбіріміздің сүйікті ісіміз бар. Спорт та осы істердің қатарына кіре
алады. Өйткені дене жаттығулары біздің денемізді жасайды.
Автоматты түрде емес, сезініп, санамен жасайтын болсақ, тіпті, үй
жинау да жоғарыда аталған істердің бірі бола алады.
Адамдар дəл осы істердің олар үшін қаншалықты маңызды екенін
жəне дəл осы істер оларды бақытты ететінін түсінбей жатады. Сол
себепті біздің өмірімізде басымдылығы бойынша «хобби» соңғы
орынды алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет