Ескі реніштерді, сатқындықты қалай
кешіреміз?
Бұл тақырыпты сізге қатысты емес деп ойласаңыз да, төмендегі
мəтінді оқып шығуға бар ықыласыммен ұсыныс білдірем. Сіз жеке
жауапкершіліктің не екеніне жəне қандай да бір əрекеттің құрбаны
болмай өз өміріңізге өзіңіз қожа болуға мүлде басқаша қарайсыз.
Көпшілігіміздің жан дүниемізде түрлі нəрсеге деген өкпе-ренішіміз
бар. Көбінесе біз өзімізге ең жақын жандар: ата-анамызға,
жұбайымызға, кейде балаларымыз немесе достарымызға ренжіп
жатамыз.
• Анасы немесе əкесі балаға кішкентай кезінде көңіл бөлмейді, оған қол көтереді. Ата-ана
махаббатын толық бере алмайды.
• Ата-анаңның сені емес, ағаңды немесе қарындасыңды қатты жақсы көруі.
• Күйеуі не əйелі бірге өткізген он жылдан кейін жұбайының көзіне шөп сала бастайды.
• Жас жігіттің күтпеген жерден нəзік жандыларға қол көтеруі.
• Енесі немесе келінінің арасында кенеттен кикілжіңнің пайда болуы.
Ал сіз кімге ренжулісіз?
Шынында, реніш – адамды күшті ете алатын керемет нəрсе деп
санаймын. Ал кешіре білу адамның тұтас өмірінің күрт өзгеруіне
əкелуі мүмкін.
Анаңа деген ренішті ұмытып, 20 келі салмақтан қалай
арылуға болады?
Міне, өзгерістер жолындағы адамдардың ең негізгі қателігі: олар
сəтсіздіктерінің себептеріне тереңінен үңіліп көрмейді.
Көбіне өзара байланысқа тереңінен жол табу керек. Адамдар белгілі
бір нəрсеге толық көңіл бөлмегендіктен, жиі табысты бола бермейді.
Бірде артық салмақтан мүлде арыла алмаған 27 жасар Инна есімді қыз
менің көмегіме жүгінді. Мен өзім 30 келідей артық салмақтан
арылғандықтан, бұл жағдайда да «арықтауды» психологиялық
себептерді іздеу арқылы бастау керек екеніне сенімді болдым.
Иннадағы негізгі мəселе өзін асырап алған анасының оны адам құрлы
көрмегендігін кешіре алмауында болды. Өгей анасы мен оның
балаларын бағып, үй шаруасы мен тамақ əзірлеуден көз ашпаған Инна
ертегідегі Күлше қыздың кейпін киген. Инна 18 жасында тұрмысқа
шығып, 20 келі артық салмақ жинап ренішінің орнын «жеумен»
толтыра беріпті. Алайда арықтауға ешқандай диета да, дəрігерлердің
сансыз тексерулері де көмектеспепті.
Иннамен жүргізілген біршама уақыттық жұмыстардан кейін ол үшін
ең «ауыр» тиген жағдай қыздың барлық күш-қуатын қалағанынша
«сорған» өгей анасына деген реніш екенін анықтай алдық. Өгей
анасына деген ренішін кешіріп Инна жарты жыл ішінде артық
салмағынан арылды.
Маған əрдайым қызықты болған нəрсе: «Неліктен, өкпе-реніштерді
кешіру пайдалы?» – деген сауал болатын. Ал бұл сауалдың нақты
жауабын жақында ғана таптым.
«Кешіру» сөзі санскриттен «ашу, шешу» деп аударылады. Адам үлкен
ренішті ұмытып өткенді кешіріп жіберсе, үлкен түйінді шешкендей
болады. Бұл игілік өз мақсаттарыңа жетуге болатын алып қуат көзінің
арнасының ашылуына сеп болады.
Ғалам көзімен қарар болсақ, қуат – «виртуалды валюта» болады. Сіз
өзіңіз ренжіген адамды кешіргенде, аталған валютаны көптеп аласыз.
Кейін белгілі бір мақсатқа қол жеткізуде «төлем» ретінде қолдансаңыз
болады.
Меніңше, бұл – ренішті кешіру үшін жақсы себеп.
«Бірақ мені де адам құрлы көрмеген! Мен неге кешіруім
керек?»
Балалардың реніштері турасында əңгіме өрбітіп көрейік. Ата-ананың
баласының өміріне балта шапқаны туралы қанша рет естідіңіз? Ішкіш
əкенің бүкіл отбасын үрейде ұстауы; өміріне көңілі толмайтын ананың
бар ашуын балаларынан алуы сияқты оқиғаларды бірнеше рет
естігеніңіз анық.
Иə, солай болып тұрады. Тіпті балалармен де осылай болатыны
шынында да өкінішті. Бірақ бұл жағдайға сұрақты қалай қойғанымыз
абзал болмақ? Кім кінəлі? Жауап болса белгілі: ересектер. Алайда осы
жағдайға душар болған балаға не істеу керек?
Менің бір таныс досымның анасы сондай салқынқанды суық кісі
болатын. Анасы психологиялық тұрғыдан ұлына қысым көрсеткен
емес, десе де ол ұлын ешқашан мейірлене құшақтап, сүймеген екен.
Ал осылай ер жеткен досымның айналасындағы нəзік жандылармен
қарым-қатынасында əртүрлі мəселелер пайда бола бастады.
Ол барлық сəтсіздіктеріне анасын кінəлі деп санады. Кейін анасы
қайтыс болғанда, заттарының арасынан кездейсоқ оның күнделігін
тапқан жолдасым маған жылап қоңырау шалды. Ол маған өз анасын
кішкентай кезінде туған бауырларының ұрып, қорлағандығы себепті
анасының өмір бойы сол ауыртпалықты арқалап келгендігін айтты.
Осы оқиғадан кейін жігіт өз-өзіне келе алмай тағы бір ай есеңгіреп
жүрді. Бұл уақыт ішінде ол барлық ренішін ұмытып, анасын кешіріп,
өз сүйіктісін де жолықтырды.
Өкпе-ренішті кешіру сізді ренжіткен адамның да бір кездері қандай да
бір сынақты бастан-кешкендігін түсінуден басталады. Кез келген
зұлымдық адам жан дүниесінде сақталған ауыртпалықтан туады.
Мен кейде сериялық кісі өлтірушілердің (серийные убийцы)
өмірбаянын зерттеймін. Олардың тағдыры осы əлемде бəрі бір-бірімен
қалай байланысты екенін көрсетеді. Көптеген сериялық баскесерлер
балалық шағында зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың
куəсі болғандығы себепті өсе келе зұлымдық жолын таңдаған жандар.
Оларды түсінуге жəне кешіруге əбден болады, бірақ əрине зұлымдық
атаулыға да тоқтау салу керек.
Сен өскенде кім боласың?
Мағынасы терең бір жақсы оқиға бар. Бір отбасыда қатарлас жастағы
екі ағайынды бауырлар өсіп жатты. Олардың ата-аналары ішкілікке
салынғандықтан үйде жиі болмайтын. Ал балалар ұсақ
қарақшылықпен айналысып, ұрлықтары үшін кезекпе-кезек түрмеге
отыратын. Ата-аналары балаларына мүлдем назар аудармағандықтан,
олар не сүйіспеншілікке, не қамқорлыққа, не жанұя жылуына бөлене
алмады.
Ағайынды бауырлар ер жеткенде, олардың бірі «кəсіби» ұры болды.
Оны ұрлығы үшін қайта темір торға тоғытқан кезде:
– Мен басқаша өмір сүре алмаймын. Себебі менің ата-анам да
маскүнемдік пен ұрлыққа əуес болған. Олар маған еш таңдау
мүмкіндігін қалдырмады, сондықтан қазір мен түрмеде отырмын, –
деген.
Ал екінші ағасы өз компаниясын ашқан, өзінен əлсіз болған жандарды
ешқашан ренжітпеген сыйлы адам болды. Ол нашар отбасында
дүниеге келіп, қорқынышты жағдайда өссе де өз-өзін қалай өзгерткені
жайлы сұрағанда:
– Менде басқа таңдау болған жоқ. Маған бала кезімнен адамдарға
қандай қарым-қатынас жасаудың қажеті жоқ екенін жəне қалай өмір
сүрудің қажеті жоқ екенін көрсетті. Сол себепті менде бір ғана жол, бір
ғана таңдау тұрды. Бұл таңдау – мен сияқты адам болу, – деп жауап
берді.
Психологияда «сценарий» жəне «антисценарий» деген түсініктер
қалыптасқан. Нақтырақ айтсақ, сіз қалай өмір сүретіндігіңізді жəне
өзгелермен қалайша қарым-қатынас жасайтыныңызды таңдай аласыз.
Сізге қалай қараса басқаларға да тура солай қарым-қатынас жасау
(«сценарий») немесе керісінше əрекет таныту («антисценарий»)
болады. Өміріміздің құрбаны немесе қожайыны болатынымызды
өзіміз таңдаймыз.
Сіз бəлкім «үйреншікті əлсіздіктің» жай-күйі туралы естіген
шығарсыз. Бұл жағдай адам баласы бір істің құрбаны болуға
үйренгенде орын алады. Сонда біз де құрбандықтың кейпіне еніп,
«ресми түрде» əлсіздігімізді мойындаймыз. Сосын: «Өкінішке орай
мен солай тəрбиеленген ем. Мен өздігімнен ештеңе істей алмаймын.
Мұны бақылауымда ұстай алмаймын», – деп ақталғандай боламыз.
Біз біреуге ренжігенде өзіміздегі жауапкершілікті ысырып қоямыз.
Себебі бұл кім үшін болмасын өте ыңғайлы позиция болмақ, солай
емес пе?
Ата-анаға қарсы көтеріліс
18 жасқа толғанда ата-анама өз қарсылығымды білдірмек болдым.
Өйткені мені ата-анам дұрыс тəрбиелемегендей көрінетін. Содан мен
анама келдім де, оларға деген ішімдегі барлық ренішті жайып салдым.
Анам болса: «Білесің бе? Мен де 18 жасымда анама сен жасағандай
шағыммен келдім. Анам маған: «Біз əкеңмен бірге 18 жасыңа дейін
саған өзіміз дұрыс деп тапқан тəрбиені бердік деп есептейміз. Алайда
сенің де таңдау құқығың бар. Саған өзіңдегі бірдеңе ұнамаса, оны
қайта жаңартып көр», – деді.
Арада қаншама жылдар өтсе де, кейде өмірімнің мен қалағандай
болмағанына біреуді айыптағым келген сайын осы сөздерді есіме
түсіремін. Сосын тағы да өз өмірім үшін өзім ғана жауапты екенімді
сезіне бастаймын.
Джим Рон айтқандай: «
Достарыңызбен бөлісу: |