Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы



Pdf көрінісі
бет50/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

Мақсатқа деген қадам
Спринт немесе марафон? Өзіңді «қалпыңа
келтіруге» қанша уақыт кетеді?
Осыдан үш жыл бұрын таразының үстінде тұрған кездегі бір сұмдық
оқиғам есімде. Негізі, мен семіз емес едім, бірақ таразыда сандар
былай сөйледі: «Семіздіктің ауылын артқа тастауың үшін 35 келіге
арықтауың керек!»
Содан кейін əйтеуір нəтижесі жақсы болды. Шынында да, сол кезде
менің өмірімде спорт та, дұрыс тамақтану да болмады, бірақ жаман
əдеттер болды.
Сонда мен объективті болуға шешім қабылдадым. «Тамақтану əдетін
өзгерту үшін бірнеше ай қажет. Олардан тұрақты нəтиже алу жəне
салмақ жоғалту үшін – бір-екі жыл тағы қосам. Спортпен үнемі
шұғылданып, өзім қалаған қалыпқа жетуім үшін тағы екі жыл керек».
Ашығын айтқанда, арманымның шындыққа айналуы үшін мені
алдымда бақандай төрт-бес жыл күтіп тұрған болатын. Бұл ақпарат
мені сабама түсірген күйі бір тəртіппен тырп еткізбей ұстады.
Қазіргі адамдар уақытты үнемдеуге машықтанған. Ал трендте
«жылдам шешім шығару»: «15 минут ішінде суахили тілін үйрен»,
«екі аптада бізбен бірге 90 килограм таста!» «бір айда өз стартапыңды
жаса!» Fast food, fast love, fast life. Кейбір əлеуметтанушылар бұны
снэк-мəдениет деп атайды.
Бірақ (Америкалық парасатты кəсіпкер Уоррен Баффет айтқандай) бұл
əлемде, бұрынғыдай «тоғыз əйел бір мезетте жүкті болса да, бір айда
адам баласын дүниеге əкелу мүмкін емес».


Спринт немесе марафон?
Мақсатқа апарар жолдары бойынша адамдарды спринтерлер мен
марафоншылар, қысқа жəне ұзақ қашықтыққа жүгірушілер деп бөлуге
болады.
Диета бұл – спринт. Өзің үшін, өмірің үшін дұрыс тамақтану бұл –
марафон.
Табысты компания бұл – спринт. Компанияны 20 жыл бойы ұстап тұру
– марафон.
Бір танымал кітапты жазу – спринт. Жылдан жылға жақсы кітаптар
шығару – марафон.
Меніңше, қазіргі жылдам əлемде аса қажет басты қасиет бұл – сабыр.
Біз спринтерге дайын болғанымызбен, бірақ марафонға дайын емеспіз.
Сондықтан жер бетінде жанбай жатып сөнген жандар өте көп.
Мəселен, бір адам 11 ай бойы көп жұмыс атқарғандай көрінгенмен, ол
нəтижеге қол жеткізе алмауы мүмкін.
Эрик Ларсен «Өзін-өзі аямау» кітабында мынаны жазады.
Спортшылар бір жылға тым көп мақсат қояды. Бір жыл дегеніміз бұл
соншалықты ұзақ уақыт емес. Егер сіздің спорттық немесе мансаптық
жоспарларыңыз болса, ол демде көз алдыңызда балбұл ұшады. Бұл
кезде сабырлық таныту ең əуелі қажет қасиет болмақ. Шыдамдылық –
бұл өз ісіңнің шебері атану үшін бойдағы соңғы күшті де сарп етпей,
сақтай білуің.
Егер сіз бес жыл бойы сапалы əрі еңбекқор биржа брокері болсаңыз,
келесі бес жыл сіз үшін оңай болады. Сіз қазірдің өзінде қажет
байланысты ретке келтіріп, керек білімді алдыңыз. Бұл нəрсе
диссертация жазбақшы болып жүрген ғалымдарға да, компания
құратын кəсіпкерлерге де қатысты. Көптеген ауқатты адамдар өз
капиталының пайдасын 50 жастан бастап алады. Əлі-ақ, көпшілігіңіз
оның игілігін көресіздер. Көпшілігіңіз тəжірибенің тəтті дəмін тек
спорттық мансаптың соңғы кезеңінде ғана татасыздар. Тек алға деп
алысты ойлау мен бір жақсылық күтудің тұтас өміріңізде алар орны
ерекше.
Шынында, мен де спринтте жетістікке қалай жетуге болатынын
білмеймін. Менде мұндай кереметтер ешқашан болған емес. Дегенмен
мен де басқалар секілді, «лотереядан миллион доллар ұтып алуды»,
«бір сағат ішінде 30 келі тастауды», «11-сыныпта Форбстың


мұқабасынан жарқ етуді», «30 жасымда өз атымдағы ұлы империя
құруды» армандағам.
Бұл қанша уақытты алады?
«Өзіңізді қайтадан қалыпқа келтіруге» немесе керемет нəрсені жасауға
жұмсалатын уақытты дөп басып айту мүмкін емес, əрине. Бірақ
шамамен бес-он жыл кететіні анық. Бұған іштей дайын болыңыз.
Бағдарламашы (программист), инвестор, кəсіпкер, сондай-ақ бірнеше
стартаптардың тұсауын кескен Джеймс Алтушер TechCrunch веб-
сайтындағы бір сөзінде жаңа өмір бастау үшін бес жыл қажет деген
пікірін айтады.
Бірінші жыл: сіз құлдырап, білім жетілдіргеннен кейін барып, бірдеңе
жасай бастайсыз.
Екінші жыл: сіз кіммен сөйлесуді, іскерлік байланысты үзбеу
керектігін білесіз. Сіз күн сайын бір нəрсе жасайсыз. Сіз өзіңіздің
«Монополия» ойыныңыздағы карта рөлінің маңыздылығын түсінесіз.
Үшінші жыл: сіз ақша табуға кіріссеңіз жеткілікті. Бірақ əзірше өмір
бойы ақша табуды үйрену үшін бұл аздық етеді.
Төртінші жыл: сіз өзіңізді жақсы қамтамасыз етесіз.
Бесінші жыл: сіз жағдайыңызды түзейсіз.
Өз басым аракідік алғашқы төрт жылда өз-өзімді жоғалтып алдым.
Мен өзімнен: «Бұл неге əлі болмай жатыр?» деп сұрадым да,
жұдырықпен қабырғаны ұрып, қолымды сындырдым. Уайымдайтын
түгі жоқ. Жай ғана тоқтамай жүре бер. Болмаса тоқтатыңыз. Асықпай
əрекет жасауға қажет жаңа алаңды таңдаңыз. Бұл маңызды емес. Бір
күні сіз көз жұмасыз. Содан кейін ойдағыны өзгерту қиынға соғады.
Түгел дерлік біздегі қайғы-мұңның бəрі біз күткен үміттің салдарынан
болады. Адам «тез нəтижеге» қол жеткізгісі келеді, бірақ бəрі ол
ойлағандай болмайды. Ол өмірден түңіледі де, барлығын тастай
салады.
Сондықтан алыс-алыс жолдарды тез арада жөндеудің маңызы зор.


Қайтадан сол 10 мың сағат
Профессор Андерс Эриксонның қажеттілігі зор əйгілі зерттеуі туралы
көп адам естіген шығар. Ол бір сөзінде: «адам өз ісінің шебері
болғанға дейін 10 мың сағат жұмсау керек» деп айтқан. 10000 сағаттық
ережені журналист Малколм Гладуелл өзінің «Данышпандар жəне
аутсайдерлер» кітабында кеңінен насихаттаған.
Эриксонның əріптесі, Карнеги Меллон университетінің профессоры
Джон Хейз 1685-1900 жылдар аралығында жасалған мыңдаған
музыкалық шығармаларға зерттеу жүргізген. Содан оның ойында:
«Адам музыкаға əуестенген сəттен бастап, əлемдік танымалдылыққа
жеткенше қанша уақыт кетеді?» деген сұрақ туады.
Ол симфониялық оркестрлер жиі орындаған жəне үздік деп танылған
туындылардың 500 данасын тауып алды. Содан кейін Хайес шедевр
жасамас бұрын композиторлардың қанша уақыт жұмыс істегеніне
назар салады. Нəтижеде «үздік 500»-ден 497 шығарма 10 жыл жұмыс
істегеннен кейін, ал сегіз жəне тоғыз жылдық тер төгуден кейін небəрі
3 қана туынды жарыққа шығыпты.
Егер сіз марафонға дайындалып жатсаңыз, нені
білгеніңіз дұрыс?
Мінеки, жолға шықпас бұрын марафон жүгірушілеріне арналған
бірнеше қарапайым ережені назарларыңызға ұсынамын.
1.
Уақытқа деген көзқарасыңызды қарап шығыңыз. Асығыс, бір
аптадан соң немесе бір айдан кейін күшті нəтиже мен кереметті
күтпеңіз.
2.
Өзіңізді аралық нəтиже күтуге үйретіңіз. Мəселен, оны əр үш ай
сайын өз өлшемдеріне сəйкес бағалап отыруға болады.
3.
Адамның көңіл-күйі мен мотивациясының деңгейі құбылмалы
болатынын ұмытпаңыз. Кейде біз биікте қалықтаймыз, кейде төменде
қаламыз. Бұл əрдайым болатын қалыпты дүние. Егер мотивация жоқ
боп кетсе, бұл сізге үнемі мақсаттың маңызы жоқ дегенді білдірмейді.
Бəлкім, сіздің қарқыныңыз бəсеңдеп қалған болар.
Біз «төменге» түскен кезде ешқашан ештеңеге қол жеткізе алмайтын
сияқтымыз. Тіпті бəрінен бас тарта салғымыз келеді. Осындай қиын
сəттерде сіз жаныңызға жұбаныш сыйлар əрекеттерді табуыңыз керек.


Мысалы, менде «Өзіме күмəнданған жағдайда қолданатын қызыл
парақшаларым» бар. Мен ай сайын отырам да əртүрлі «қызыл
парақшаларыма» қызық сөйлемдерді жазуға кірісем. Біреуінде «Мен
үшін бұл мақсатқа жету неліктен маңызды?» тағы біреуінде – «Менде
ОСЫ НƏРСЕ болған кезде мен одан не аламын», үшіншісі – жай
күлкілі сөздер болуы мүмкін. Мысалы: «Иə, қиын. Бірақ соңында есте
сақтау керек нəрсе болады. Солай емес пе?!»
Дональд Трамп айтқандай: «Сізге ақыры ойлану керек екен, онда неге
бірден алысты ойламасқа?» Егер сізге əлі де өзіңізді қолға алып /
компанияңызды / шедеврлеріңізді (жақұт-жауһар) жасау үшін 10 жыл
уақыт сарп ету қажет болса, неге керемет нəрсені бірден бастауға
ниеттенбеске?
Ал марафон кезінде қарсыластарыңыздың қатары біртіндеп азая
бастайтынын есте ұстаңыз! Сол кезде сіз ыждағаттылықпен жасаған
жұмысыңыздың жемісін көресіз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет