Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


Бізді қалыптастыратын орта немесе



Pdf көрінісі
бет47/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

Бізді қалыптастыратын орта немесе
«Досыңды көрсет мен сенің кім екеніңді
айтайын»
Бүркіт пен тауық туралы айтылған бір жақсы мысал бар. Күндердің
күні бір адам бүркіттің жұмыртқасын тауып алып, оны тауықтың
бауырына салады. Кішкентай балапан қыран тауық шөжелерімен бірге
өскендіктен соларға ұқсас болады. Ол солар сияқты қытқылдап, құрт
аулау үшін тұмсығымен жер шұқып, қанаттарын қағып, ұшуға да
тырысты.
Арада біраз уақыт өтті. Тауықтармен бірге жетілген бүркіт бір күні
аспанда қалықтап ұшқан алып құсты көреді. Аспандағы алып құс
асқан шеберлікпен дүлей соққан желдің екпінін еңсеріп, алып
қанаттарын бірінен соң бірін сермеп жатты.
Бұл көрініске таңқалған бүркіт жанында жүрген тауықтан:
– Бұл кім өзі? – деп сұрады. Сонда жанындағы:
– Ой, шіркін! Бұл барша құс атаулының патшасы, самұрық құс –
бүркіт. Ол көкке, ал біз тауықтар жерге тиесілі жаратылыспыз, – деді.
Осылайша өмір бойы өзінің тұқымы тауықтан екендігіне иланып,
тауықтарша ғұмыр кешкен қыран баласы бүркіт тауықтарша арғы
өмірге аттанды.
Біздің арамызда да тауықтардың тасасында қалып, тауық боп өлетін
қырандар бар емес пе? Əлде мен қате айттым ба?!
Біз араласатын ортаның сапасы
Қоршаған ортаның қаншалықты маңызды екенін көрсететін бірнеше
метафора бар. Назарларыңызға кейде өзім мастер-кластарда жасайтын
жаттығуларды ұсынамын. Барлығы қарапайым: сіз өзіңіздің жақын


адамдарыңыздан 10 адамның тізімін жасайсыз. Тізімнің жанына, яғни,
əр адамның тұсына олардың ай сайын табатын жалақысын қоса
жазасыз. Содан кейін арифметикалық орташа мəнді есептейсіз.
Егер сіз араласатын ортада орташа жалақы сіздікінен төмен болса,
онда сіздің жалақыңыз да өспейді деген сөз. Өйткені
маңайыңыздағылар сізді өздерінің деңгейінен асырмай «ұстап
тұрады». Егер сіздің айналаңыздағылардың орташа жалақысы
сіздікінен жоғары болса, мен сізді құттықтаймын. Демек, араласатын
ортаңыз сізді дамыта түседі.
Бұл əдіс тек жалақыға ғана емес, кез келген талапты таңдауға да
қатысты. Егер достарыңыздың көпшілігі, мəселен, жұбайларына
опасыздық жасауды қалыпты нəрсе деп санаса, демек, бұл сіздің де
бұндай сорақылыққа қарсы еместігіңізді көрсетеді.
Адам өзінің қоршаған ортасында не нəрсені ұзақ уақыт бойы көрсе, ол
сол нəрсені қалыпты деп санайды. «Егер айналадағылардың бəрі ұрлап
жатса – мен де ұрлаймын, егер олардың бейəдеп жасайтын тірліктері
болса – мен де солардай əдепсіз болсам, егер айналамда ешкімнің
арманы болмаса – арман менде де жоқ».
Менің ерекше үш сүзгім бар, олар арқылы мен айналамды «жаңартып»
аламын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет