Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


Арманның орындалатынына сену



Pdf көрінісі
бет49/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

2. Арманның орындалатынына сену.
Күлкілі əрі əбден жауыр
болған сөз осылай естіледі: «Арманың бар ма? Ендеше, арманға қарай
қадамда! Қадамдай алмайсың ба? Ең азында жылжы! Оны да жасай
алмайсың ба? Онда демал, бірақ арман бағытында демал!»
Күн сайын мен өздеріне сенбейтін адамдардың армандарынан қалай
бас тартатындарын көріп жатам. Тек олардың арасында бірнеше адам
ғана армандары үшін соңына дейін барады.
Ван Гог бүкіл өмірінде тек бір туындысын бар-жоғы 50 долларға сата
алды. Бірақ ол жазуды тоқтатқан жоқ. Джоан Роулинг Гарри Поттерді
алғаш ұсынған кезде 12 баспа оны шығарудан бас тартты. Уолт Дисней
«қиялы аздық еткендігіне» байланысты газеттен босатылды. Бетховен
мектепте алты жылдан аз уақыт білім алды. Ал мұғалімі оны дарынсыз
деп санады. Генри Форд өзінің автомобиль ордасын құрмас бұрын өзін
төрт рет банкрот деп жариялады.
Арманға жетпес бұрын сан рет сəтсіздікке ұшырамайтын бірде-бір
адам жоқ. Мен айналамдағы адамдардың ішінен мейлі қандай ауыр
жағдай орын алса да берілмейтін, тым болмағанда арманынан бас
тартпайтын жігері мықты жандарды көргім келеді.
3. «Кездесудің құны қанша?» 
Мен əрқашан кез келген адаммен
кездесудің қаншалық бағалы екендігін ойлаймын. Мынадай сұрақтар
қоямын: «Кездесу барысында қанша уақытымды, қанша энергиямды


жұмсауым керек?»; «Бұл нəрсе маған һəм мынау қоғамға пайда əкеле
ме?»
Мысалы, мен блогтың мəтінін екі сағатта жазып бітірем жəне оны
күніне бірнеше мың адамның оқып шығатынына сенімдімін. Десе де,
дəл сол екі сағатты мен келесі бір жігіттің жайын талқылағысы келетін
бір «құрбыммен» кездесуге жұмсай аламын.
Содан кейін мен өзіме сұрақ қоямын: «Жарайды, менің екі сағатым
бар. Маған бұл уақытты мыңдаған адамдардың санасында бір нəрсені
өзгертуге немесе [мүмкін жағымды шығар, бірақ] «түк пайдасы жоқ»
адаммен мағынасыз кездесуге жұмсауға болады.
Менің не таңдайтынымды тауып көр.
Мен оқырманыма достарынан, таныстары мен туыстарынан
ойланбастан бас тартыңдар демеймін. Бұл, əрине, орынсыз. Мен
сіздерді ішкі жақтан неғұрлым күшті болсақ, соғұрлым көп адамдар
осы күшпен «пайда табуды» қалайтынын ұмытпауға шақырамын. Сіз
кіммен, қалай сөйлесетініңізді өзіңіз білесіз.
Ендеше, дұрыс орта таңдаудан жаңылыспайық, достар!


 
 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет