Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы



Pdf көрінісі
бет48/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

1. Адамның түпкі мақсаты. 
Пенденің осынау жер бетінің
жағдайын жақсартсам деген ниеті мен үшін өте маңызды. Əрине, бұл
осы əлемнен ойып тұрып орын алар қандай да бір «алау оттай
лаулаған» мақсат болуы мүмкін. Маңыздысы сіз алдымен толығырақ
айқын мақсаттың не екендігін білу үшін Майкл Рэйдің
34
 дəл осы
атаудағы кітабын оқыңыз. Қуана-қуана ұсынам!
34
Рэй М. 
Высшая цель. Секрет, который поддерживает вас каждую минуту. М. : Манн,
Иванов и Фербер, 2014
Жер бетінде жақсы амал істеудің түрлі жолы бар. Мысалы, менің
маникюр, педикюр жасайтын бір досым бар (оны Оля деп атайық). Ол
өз ісінің нағыз шебері, бірақ мен досым туралы осы бір əңгімені
естігенімде мен оны оған деген құрметім одан сайын арта түсті. Сол
кезде білгенімдей, қант диабеті ауруына шалдыққан тұтынушылардың
аяғын артық түктен тазарту кезінде үлкен қиындықтар туындайды
екен. Егер маман сол жандарға қызмет көрсету кезінде оқыс қимыл
жасаса, онда теріге инфекция түсіп, гангрена пайда болуы мүмкін.
Міне, Оля досым осыны маған айтты.


Сенесің бе, мен бірнеше жыл бойы тырнақ дизайнымен айналысып
келемін жəне осы уақытқа дейін осындай ауыр халдегі адамдарға
қалай көмектессем екен деген ой мені қатты мазалады. Қазір мен
тұтынушыларымыздың арасында денсаулығында кінəраты бар жандар
үшін қызмет көрсететін арнайы емхана ашуға арналған бизнес-
жоспармен жұмыс жасап жатырмын.
Менің тағы бір досым үздік технологиямен жабдықталған 10 мың
жұмыс орны бар компания құрғысы келеді. 10 мың адамды дамыған
компанияда жақсы жағдаймен қамтамасыз ету айқын мақсат емес деп
ойлайсыз ба?
Меніңше, үлкен идеясы бар адамдар іштей ғана жарқырап көрінетін
сияқты. Олардың түп мақсаты қандай екендігі маңызды емес. Мəселен,
ол керемет ана немесе амур жолбарыстарының жойылып кету қаупінің
алдын алатын маман болу мүмкін. Ең бастысы, адамның мақсаты
айқын болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет