30. «ПОПС» әдісі: «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында өзімді қалай жетілдіремін?» деген сауалға пікіріңізді білдіріңіз
Менің ойымша,қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайнда мен өзімді біршама жан-жақты жетілдіретін едім.Себебі,мен қазақ әліпбиі латын графикасына көшу арқылы басқада өркениетті елдермен байланысын жоғарлатады дегенге сенемін және осы тұста мен латын графикасын қолданатын мемлекеттерді тереңнінен зерттеймін.Жалпы латын әліпбидің базалық нұсқасында жиырма алты әріп бар.Бұл жиырма алты әріп барлық елде бірдей дыбысталмайтыны анық.Мысалы,Әзірбайжан елінде 32 әріптен тұратын латын графикасы қолданылатынын білдім.Қорытындылай келсем,жалпы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру қазақ елінің болашағы үшін,дамуы үшін ең тиімді шешімдердің бірі болмақ.
31.Қазақ салалық терминологиясының қалыптасуы. Тілші-ғалымдар мен салалық мамандардың, жалпы зиялы қауым өкілдерінің терминологиядағы бұл үрдіске қатысты пікірлері
Қазақ терминалогиясының қалыптасуын біз сонау «Ежелгі дәуір әдебиетінен» деп қарастыра аламыз. «Неге?» десеңіз, Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» кітабында, одан бөлек «Қорқы ата кітабында» т.б мұраларда әртүрлі салаларға қатысты термин сөздер кездеседі екен. Соның ішінде салалық және ұлттық ғылыми терминдерді қарастыра аламыз.
1910 жыл және 1930 жылдар аралығында көптеген еңбектер жарық көрді. Ғылымның әртүрлі салалары бойынша Ахмет Байтұрсынұлың, Жүсіпбек Аймауытұлының, Міржақып Дулатұлынык және т.б атақты ағартушылары ғалымдардың елеулі үлесі күні бүгінге шейін есімізде. Және де осы алғашқы қозғалыстар қазаұ тілінде ғылымды қалыптастыруға, ғылыми және практикалық негіздің қалануына үлес қосты.
Ал ХХғ отызыншы жылдарында КСРО одағы кезінде халықтар тілдеріне термин жасау мәселесі көтерілген болатын. Осының нәтижесінде бірқатар қағидаттар бекітіліп, терминологияняң мәселесін “Жаңа әліпби” комитеті қадағалайтын болып шешілді. Осы кезеңде алғашқы қазақ тіліндегі оқулықтар және ғылыми еңбектер жарық көрді.
1933 жылы “Мемлекеттік терминология комиссиясы” Қазақстанда құрылды. Және ол КСРО-ның “тіл саясатына” сәйкес жұмыстар жүргізіле бастайды. Кейін араға екі жыл салып яғни 1935 жылы, Қ. Жұбанов ұсынған “қазақ терминологиясының қағидаттары” бекітілген болатын. Осы қағидаттан 90-жылдарға дейінгі уақытта қолданыста болды.
1950-60 жылдары техника мен ғылым бойынша көптеген жаңа терминдер жарық көреді. Алайда осы кезеңде, ғылыми терминологияның ұлттық сипатын алға тартпай, жалпылама кеңес халқына ортақ терминологиялық қор құру негізгі меже болып көзделінді.
Тәуелсіздіктен кейін, тіл мамандары мен тілші- ғалымдар арасында тіл саясаты өзектә мәселеге айналғасын, терминологияға мәселелеріне баса назар аударылды. Жоғарыда атаған Қ. Жұбановтың ұсынған қағидаттарына өзгерістер енгізілді. Белгілі академик Ә. Қайдар сол кезеңде ұсынған 11 қағидат, қазіргі кездегі қазақ терминологиясында да басшылыққа алынып келе жатыр. Қазақ салалық терминологиясының аталмыш кезеңде дамуына ғылыми еңбектер мен әртүрлі салаларға арналған сөздіктердің жарық көруі үлес қосты.
1994жылы ҚР-ның “Мемлекеттік терминология комиссиясының” немесе 1998 ж “Республикалық терминология комиссиясының” құрылыуы елеулі еңбек болды. Осы комиссия 1971 жылдардан бастап есептесек бүгінгі күнге дейін жобалағанда 20000- нан астам терминдерді қарастырып, олардың баламасын негіздеген екен.
•«Жұрттың бірсыпырасы пән сөздеріне жарымай жүр»;
•«Бұл әңгіме былтыр білімпаздар кеңесінде де сөз болып еді. Әлде болса сөз болу керек көрінеді»;
•«Тіл» деген нәрсе біліммен бірге өсетін, өрбитін жанды нәрсе. Тілдің өсіп, өркендеуі де табиғи жол болуы керек. Жанды нәрсе өз ағынымен, өз еркімен, қысылмай, зорлық көрмей, өсіп жетілмек. Мәдениетіміз күшейсе, тіліміз өзінен-өзі күшейеді. Қалай күшейеді? Жаңа сөздерді қайдан алады? Байқап отырсақ, жат ұғым жат сөзді өзі кіргізетін көрінеді. Төңкерістен бері еріксіз кіріп кеткен жат сөздер бар. Оларды халық сіңіріп алып қойды. Жұрттың миына орнап қалды. Енді олардың орнына жаңадан қазақ сөзін тауып кіргізіп, жат тілді қуып шығамыз деп талпынғанмен болмайды. Бойға сіңіп кеткен асты қайта құсуға бола ма? Сол тәрізді, сондай бойға тарап кеткен сөздерге мысал мыналар: аптономия, республика, сәбет, кәменес, ісполком, сайоз, мандат, әгент, милисия, әтред, налок, кәператсия, метеңгі, сабрание, әрістабайт, кунпескебайт, пұраба, контр, пұртокол, ыстаж, бүджет, кәтегерие т.б.»
Жоғарыда көрсетілген пікірлерді барлығы Жүсіпбек Аймауытұлының пікірлері. Зиялы қауым ішінен бұл туралы пікір білдіргендер көп болды. Олар А.Байтұрсынұлы, бертінгі зерттеушілер Қ.Жұбанов т.б. Барлығы бірдей тілдегі терминдердің маңыздылығын алға тартады. «Жұрттың бірсыпырасы пән сөздеріне жарымай жүр» - деген Ж.Аймауытұлының пікірінен ақ, заман талабы терминологиның дамуын меңзейді.
Достарыңызбен бөлісу: |