Прокурор. Біз заңмен әрекет етеміз.
Генерал. Біздің қимыл-әрекетімізде заң басты рөл ойнайды.
Әкім (кекесінмен). Қайдам, сендер заңды қолдан жасайтын сияқтысыңдар. Заң сыйлық, сыйлаудың белгісі дегендерің сияқты тәлкекке салынбауы керек. Заң талқыланбайды, орындалады.
Прокурор.Ол – рас. Дегенде сыйлық пен сыйлаудың аражігін, соңғысының параға жататын-жатпайтынын анықтай түсу керек екен.
Әкім. Сонда қалай, заңды білмегендерің бе?
Генерал.Қасқабай Төреқұлович, қазір заң күнде өзгереді, бәрін біліп үлгеру мүмкін емес.
Әкім. Мәс-саған безгелдек? Сонда сендер заңды білмей, оны қалай қорғамақсыңдар?
Прокурор. Заңгерге өмірлік мәні зор заңдарды жақсы білсе, жетіп жатыр, қалғанын жұмыс үстінде игереді.