Јлдихан Ќалдыбаев


Генерал. Сізден бір елі қалатын емес. Қордабаев



бет324/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   371
Генерал. Сізден бір елі қалатын емес.
Қордабаев. Қасқабай – Ерекеңнің шәкірті ғой, жақсы шәкірті. Қашан да жақсы шәкірт ұстазынан озған.
Мұсылманқұлов (разы болып, масайрап күліп). Бәрін білесіңдер-ей! Сендер де менің шәкіртімсіңдер. Байқаймын, жаман шәкірт болмапсыңдар.
Прокурор. Рахмет, Ерік Көбенович!
Генерал. Түу, көңіліміз енді орнына түсті-ау!
Қордабаев (қолтығындағы папканы қолына алып). Ерік Көбенович, мынау – Қасқабай Төреқұлович төртеуіміздің Сіздің чартерлік рейсіңіздің шығынының өтеуі.
Мұсылманқұлов. Ой, жігіттер, бұларың нелерің?
Прокурор. Бұл – Сізді сыйлағанымыз.
Генерал. Ия, сыйлық емес, сыйлағанымыз.
Қордабаев. Бұл жігіттер осындай бір әдемі сөз ойлап тауып отыр. Сыйлық – пара, сыйлау – адамгершілік, дейді екеуі.
Мұсылманқұлов (Қордабаев ұсынған папканы ұстап тұрып). Қызық екен! Мейлі енді. (Сәл ойланып қалып барып). Сендер шындарыңды айтыңдаршы, Қасқабайды шынымен Премьер шақырды ма, жоқ, өтірік сылтауратып кетті ме?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет