Јлдихан Ќалдыбаев


Берік. Махаббат-махаббат. Бақыт – әне сол. Тәттігүл



бет105/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   371
Берік. Махаббат-махаббат. Бақыт – әне сол.
Тәттігүл. Ата-ананың айтқан ақылына көнуден асқан балаға бақыт та, махаббат та жоқ.
Берік. Кім қалай ойлайды, еркі. Мен – баламның өзі біледі деген адаммын.
Тәттігүл. Мен – қызымды өзім діттеген жерге беремін деген адаммын. Балаңа айт: жолымызға кесе-көлденең тұрмасын.
Берік. Айттым емес пе, мен балалардың шаруасына араласпаймын, не істейтінін өздері біледі.
Тәттігүл. Мен де айттым, сендей емес, әжептеуір адамның баласына беремін мен қызымды.
Берік. Тәттігүл, шынымен-ақ сен осындай адам болғаның ба?! Аяймын мен сені!
Тәттігүл. Ө-ө, шикін! Өзіңді, балаңды ая. Өзіңнің қолың маған жетпеген, балаңның қолы қызыма жетпейді.
Берік (қабағын шытып). Жарар! Намысқа тиетін сөздің қажеті қанша екен адамға? Әттеген-ай, сен екеуміз мұндай сөзге бармасақ керек еді!
Тәттігүл (мүләйімсіп). Берік, рас мен кінәлімін. Сен әскерден келгенше күте алмадым. Кешір! Бір кездегі мөлдір махаббатымыз үшін сұраймын: «Қой!» – деші балаңа.
Берік. Жоқ, махаббатқа адалдық – адамшылықтың шыңы. Балам адал екен, айныту – азғындату.
Тәттігүл. Берік, ағатай, аяғыңа жығылайын, осы тілегімді орындашы! Сен екеуміз қайтіп құда-құдағи боламыз? Менің күйеуім мен сенің әйеліңнің көңілдеріне қаяу салмаймыз ба? Жабулы қазан – жабулы күйінде қалсын да.
Берік. Ештеңе де із-түзсіз қалмайды. Бұйрық осылай болған екен, көнеміз. Ең бастысы – олардың алдында сенің де, менің де арымыз таза.
Тәттігүл. Ол рас қой, бірақ мен екеуміздің бастарыңның біріккенін көрмек тұрмақ көзіме елестетуден қорқамын.
Берік. Өткенімізден жериміз деп өркенімізді қимақпыз ба сонда? Оның аты – қатыгездік. Махаббаты баянсыз болған, алданған адамның қандай болатынын сен әлі білмейсің бе, немене? Ол – көк жүзіне енді көтерілгенде пәлеге ұшырап, жерге төсін соғып солықтап жатқан қарлығаш. Өзім кешкен бұл күйді балам көрмесін.
Тәттігүл. Білемін. Қайтемін, мен сені сондай күйге душар еттім. Ол – бір басқа, мынау – екінші басқа әңгіме.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет