Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Ми және психика. Психика құрылымы Психика қызметтері



бет13/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері

Ми және психика. Психика құрылымы Психика қызметтері


Адам психикасы – мидың табиғи өнімі емес, әлеуметтік жағдайлар туындысы. Алайда, ол табиғи, физиологиялық зат – мидың арқасында әрекетке келеді. Психиканы ми әрекетінен ажыратып та болмайды, соны- мен бірге оны бүтіндей нейрофизиологиялық үдеріс деп те атау орынсыз. Психика мен физиологиялық үдерістердің өзара қатынасы – идеалды дүние мен заттасқан болмыстық ажыралмас байланысы.

Психика – ми қызметінің әлеуметтік жанамаланған өнімі.

Адам миының жұмыс ерекшелігі сырттан түсіп жатқан ақпараттың ерекше тәсілмен таңба, белгілерге айналуынан көрінеді. Адамның болмысты психикалық бейнелеуі – бұл қоғамды- тарихи тәжірибеде қалыптасқан сөздік белгі, адамдық ұғымдармен жанама күйде берілген өрнек, бейне.



Психиканың негізгі жасау белгілері – оның жүйелілігі, біртұтастығы, бөлшекке түспейтіндігі.

Психика әрқилы күрделілік деңгейіндегі әрекет-қылықты қамтамасыз етуші көп сатылы (бірінен бірі жоғары) қызметтік жүйелерден тұрады. Психика көп деңгейлі ғана емес, ол сонымен бірге көптеген қасиет- сапаларға ие бола тұрып, сан алуан қызметтерді орындайды. Көрінген жүйе өз құрылымымен, әрекеттік қозғалысымен, бірлікті (интегралды) күй-қалпымен және жүйелі қасиеттерімен сипатталады.

Психикалық жүйе өзінің ұйымдасу шарттарымен ерекшеленеді. Ол жүйе психикалық үдерістерге, психикалық қалыптарға және психикалық қасиеттерге ажыралады.



Психикалық болмыс өте күрделі, дегенмен, оны келесідей шартты түрлерге бөліп қарастыруға болады: экзопсихика, эндопсихика және интропсихика.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет