Лейшманиоздың инфекция көздеріне жатпайды



бет19/217
Дата26.01.2022
өлшемі309,71 Kb.
#114874
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   217
Байланысты:
инфек

Қызамық (4)

300. Жүкті әйел, 28 жаста, 8-9 аптасында ауруханаға дене қызуының 37,70С дейін көтерілуіне, тамағының ауруына, денесінің бөртуіне шағымданып келген. Ауырғанына 3 күн болған: әлсіздік дамыған, үйінде емделмеген, кешеден бері бүкіл денесінде бөртпелер пайда болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, қимылы белсенді. Денесінде, арқасында, аяқ – қолында, әсіресе сыртқы аймақтарында майда дақты -папулезді бөртпелер анықталады. Мойнының артындағы лимфа түйіндері бұршақ пішініне дейін ұлғайған, аздап ауырады. Аңқасы аздап қызарған, бадамша бездері үлкеймеген, жабындылары жоқ.

Сіздің болжама диагнозыңыз:

а) аллергиялық дерматит

b) қызылша

c) желшешек

+d) қызамық

e) иерсиниоз

301. Жүкті әйел, 28 жаста, 8-9 аптасында ауруханаға дене қызуының 37,70С дейін көтерілуіне, тамағының ауруына, денесінің бөртуіне шағымданып келген. Ауырғанына 3 күн болған: әлсіздік дамыған, үйінде емделмеген, кешеден бері бүкіл денесінде бөртпелер пайда болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, қимылы белсенді. Денесінде, арқасында, аяқ – қолында, әсіресе сыртқы аймақтарында майда дақты -папулезді бөртпелер анықталады. Мойнының артындағы лимфа түйіндері бұршақ пішініне дейін ұлғайған, аздап ауырады. Аңқасы аздап қызарған, бадамша бездері үлкеймеген, жабындылары жоқ.

Диагнозды дәлеледеу үшін қандай зерттеу жүргізу керек:

+а) қызылша мен қызамықты анықтауға ИФА

b) бактериологиялық зерттеу

c) комплимент байланыстыру реакциясы

d) ұрықты УДЗ

e) құрсақ қуысының УДЗ

302. Жүкті әйел, 28 жаста, 8-9 аптасында ауруханаға дене қызуының 37,70С дейін көтерілуіне, тамағының ауруына, денесінің бөртуіне шағымданып келген. Ауырғанына 3 күн болған: әлсіздік дамыған, үйінде емделмеген, кешеден бері бүкіл денесінде бөртпелер пайда болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, қимылы белсенді. Денесінде, арқасында, аяқ – қолында, әсіресе сыртқы аймақтарында майда дақты -папулезді бөртпелер анықталады. Мойнының артындағы лимфа түйіндері бұршақ пішініне дейін ұлғайған, аздап ауырады. Аңқасы аздап қызарған, бадамша бездері үлкеймеген, жабындылары жоқ.

Диагноз дәлелдегендегі сіздің әрекетіңіз:

+а) амбулаторлы емделуге жіберу, гинекологтың кеңесін ұсыну

b) жұқпалы аурухаға жатқызу

c) амбулаторлы емделуге жіберу

d) ұрықты УДЗ арқылы зерттеу

e) ем тағайындап, жүктілігін сақтауды ұсыну

303. Қызамыққа тән бөртпенің сипаты:

а) қызарған теріде шығады

b) белгілі ретпен шығады

c) бірігу тән

+d) бірікпейді

e) алақан мен табанға шығады

Паротитті инфекцияда сілекей бездерінің зақымдануының типті белгісі:

а) пальпация кезінде қатты ауырсыну

b) жергілікті гиперемия

c) жергілікті гипертермия

+d) «қамыр» сияқты жұмсақ консистенциялы

e) бір жақты зақымдану

305. Урологиялық бөлімшеде науқас орхоэпидидимит деген диагнозбен жатыр. Ауырғанына 20 күн болған, дене қызуы 380 С дейін көтеріледі. Ауруының басында дене температурасының көтерілуі кезінде бетінің құлақ маңы ісінген, аздап ауырған, бір апта бұрын іші белдемелі түрде ауырып, жүрегі айнып, 5-6 рет құсқан, іші өткен, 2 күн бұрын дене қызуы қайта көтерілген, ал кеше оң жақ жұмыртқасы ісінген .

Қандай ауру туралы ойлау керек?

а) бактериалды орхит

b) хламидиоз

+c) паротитті инфекция

d) жұмыртқаның карциномасы

e) жедел бруцеллез

306. Урологиялық бөлімшеде науқас орхоэпидидимит деген диагнозбен жатыр. Ауырғанына 20 күн болған, дене қызуы 380 С дейін көтеріледі. Ауруының басында дене температурасының көтерілуі кезінде бетінің құлақ маңы ісінген, аздап ауырған, бір апта бұрын іші белдемелі түрде ауырып, жүрегі айнып, 5-6 рет құсқан, іші өткен, 2 күн бұрын дене қызуы қайта көтерілген, ал кеше оң жақ жұмыртқасы ісінген .

Дәрігердің тактикасы:

а) жұмыртқаны ота жасап алып тастау

b) антибактериалді ем

c) дезинтоксикациялық терапия

+d) жұқпалыауруханаға ауыстыру

e) физиотерапиялық ем

307. 19 жастағы ер адам, ауырғанына 3 күн болғанда келіп түскен. Құлақ маңындағы сілекей бездерінің маңы ісінгеніне, басының қатты ауруына, қайталанған құсуға шағымданып келген. Пальпациялағанда сілекей бездері «қамыр» сияқты жұмсақтау, аздап ауырады, Мурсу симптомы оң, дене температурасы 39ºС, менингеалді белгілері оң. Лейкоциттер саны – 5.400 1 мкл қанда, ЭТЖ – 4 мм/сағ. Ликворда лимфоцитарлы цитоз.

Сіздің диагнозыңыз:

+а) паротитті жұқпа, серозды менингит

b) паротитті жұқпа,жедел панкреатит

c) жедел іріңді сиалоденит

d) менингококкты менингит

e) цитомегаловирусты инфекция

308. Паротитті интекцияның объективті белгілері:

а) құлақтың артының ісінуі

b) терісі қызарған

c) терісі кернелмеген

d) зақымданған бездер пальпациялағанда ауырады

+e) зақымданған бездер пальпациялағанда ауырмайды

309. Паротитті инфекцияға тән асқыну

а) пиелонефрит

b) гепатит

c) энтерит

d) остеомиелит

+e) орхит

310. Науқаста қызба, менингит белгілері, безді ағзалардың зақымдануы кезінде қандай ауру туралы ойлауға болады:

а) герпестік менингит

b) лептоспирозды менингит

+c) паротитті менингит

d) менингококкты менингит

e) листериозды менингит

311. 19 жастағы ер адам, ауырғанына 3 күн болғанда келіп түскен. Құлақ маңындағы сілекей бездерінің маңы ісінгеніне, басының қатты ауруына, қайталанған құсуға шағымданып келген. Пальпациялағанда сілекей бездері «қамыр» сияқты жұмсақтау, аздап ауырады, Мурсу симптомы оң, дене температурасы 39ºС, менингеалді белгілері оң. Лейкоциттер саны – 5.400 1 мкл қанда, ЭТЖ – 4 мм/сағ. Ликворда лимфоцитарлы цитоз.

Қандай зерттеу жүргізу қажет:

+а) жұлын миының пункциясы

b) бас миының КТ

c) электроэнцефалограмма

d) бас миының МРТ- сы

e) бас миын УДЗ

Менингококкты менингитке тән симптом:

а) қызба, геморрагиялық бөртпе, естен тану

+b) қызба, бас ауруы, құсу

c) жеңілдік әкелетін құсу

d) қызба, бас ауруы, геморрагиялық бөртпе

e) қызба,бас ауруы, сұйық дәрет

312. Менингококкты менингитте жұлын сұйықтығына тән цитоз:

а) лимфоцитарлы плеоцитоз

b) аралас плеоцитоз

c) цитозда эритроциттердің болуы

+д) нейтрофилді плеоцитоз

e) цитозда жаңа эритоциттердің болуы

313. Бас миының ісінуіне тән ерте симптом :

а)+ тырысулар

b) тахикардия

c) гипотония

d) брадикардия

e) естен тану

314. Менингококкты менингоэнцефалитке тән айырықша клиникалық көрініс

а) менингеальды синдром

b) қызба

+c) естен тану

d) бас ауруы

e) геморрагиялық бөртпе

315. Менингококкцемияға тән айырықша клиникалық көрініс:

а) менингеальды синдром

+b) геморрагиялық бөртпе

c) қызба


d) бас ауруы

e) естен тану

316. Қыз бала, 16 жаста, лицейде оқиды. Емханаға ауруының 1-ші күні түсті.Ауруы жедел басталған, дене қызуының 40°С-қа дейін жоғарлауы, бастың қатты ауру сезімі, жеңілдік әкелмейтін құсу мазалаған. Түскен кезде: жалпы жағдайы өте ауыр, сопор. Көз қарашығы кеңейген, жарыққа әсері бар. Шүйде бұлшықетінің ригидтілігі айқын оң байқалады, Керниг симптомы оң мәнді. Жалпы гиперестезия. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек ырғағы тұйықталған, пульсі 130 рет мин., АҚ – 100/50 мм.с.б.

Менингококкты инфекцияның қандай түрі туралы ойлауға болады?

+а) менингококты менингит

b) менингококкцемия + менингоэнцефалит

c) менингококкцемия

d) менингококкты инфекция, менингококкцемия+ менингит

e) менингококкты менингоэнцефалит

317. Ер адам., 20 жаста, жедел ауырған: дене қызуы - 40°С дейін жоғарлауы, бас ауруы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, арқа мен аяқтың бұлшықеттердегі ауру сезімі байқалған. Келесі күні жамбаста, тізеде, аяқта геморрагиялық бөртпе пайда болды. Тері қабаты бозғылт. Шүйде бұлшық етінің ригидтілігі байқалады. АҚ 90/60 мм рт.ст., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейк. – 20 х109 /л., лейкоформуланың солға ығысуы, миелоциттерге дейін.ЭТЖ-40 мм/сағ, тромбоциттер 120 мың. Жұлын сұйықтығында: түсі бұлыңғыр, ағуы қысыммен, Панди реакциясы (+++), нейтрофилді цитоз.

Менингококкты инфекцияның қандай түрі туралы ойлауға болады?

а) менингококкты менингит

b) менингококкты менингоэнцефалит

c) менингококкцемия

+d) менингококкцемия+ менингит

e) менингококкцемия+ менингоэнцефалит

318. Бозбала, 16 жаста, ауру басталуынан 7 сағаттан кейін ауыр жағдайда түсті. Жедел қызбадан басталған, бас ауруы мен құсу, дене қызуы 39 0С дейін жоғарылаған . 4 сағаттан кейін тері қабатында геморрагиялық бөртпе пайда болды. Түскен кезде температурасы 36,50С, ентігу, цианоз, қимыл-қозғалысының қозуы, жіп тәрізді пульс, АҚ 60/40 мм. с. б.

Менингококкты инфекцияның қандай түрі туралы ойлауға болады?

а) менингококкты менингит

b) менингококкты менингоэнцефалит

+c) менингококкцемия

d) менингококкцемия+ менингит

e) менингококкцемия+ менингоэнцефалит

319. Бозбала, 16 жаста, ауру басталуынан 7 сағаттан кейін ауыр жағдайда түсті. Жедел қызбадан басталған, бас ауруы мен құсу, дене қызуы 39 0С дейін жоғарылаған . 4 сағаттан кейін тері қабатында геморрагиялық бөртпе пайда болды. Түскен кезде температурасы 36,50С, ентігу, цианоз, қимыл-қозғалысының қозуы, жіп тәрізді пульс, АҚ 60/40 мм. с.б. Менингококкты инфекцияның қандай асқынуы туралы ойлауға болады?

а) ТШҚҰ-синдромы

b) сепсис

c) бас миының ісінуі

d) Уотерхаузен – Фридриксен синдромы

+e) инфекционды-токсикалық шок

320.Әйел адам, 30 жаста. Шағымы: субфебрильді температура, әлсіздік,тамақтың жыбырлауы. Қарап тексергенде: тері қабаты таза, мұрын қуысынан серозды-іріңді бөліндінің бөлінуі, жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабығының гиперемиясы және фолликуласының гипертрофиясы. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеулер жүргізілуі керек?

а) қанды бактериологиялық зерттеу

b) люмбалді пункция

c) ларингоскопия

+d) мұрын-жұтқыншақ шырышын бактериологиялық тексеру

e) мұрын қуысының қосымша қойнауының рентгенографиясы

321. Менингококкты назофарингитке тән клиникалық көрініс:

а) бадамша безінің гипертрофиясы және гиперемиясы, іріңді жабындымен жабылуы

b) бадамша безінің гиперемиясы және гипертрофиясы

+c) жұтқыншақтың артқы қабырғасының гиперемиясы, фолликуланың гипертрофиясы

d) жұтқыншақтың артқы қабырғасының гиперемиясы қан құйылулармен жүруі

e) бадамша безінің гипертрофиясы және фибринозды жабындымен жабылуы

322. Менингококкцемияға тән клиникалық синдромдар:

а) менингеальды және геморраялық

b) интоксикациалық және менингеальды

c) интоксикациалық және катаральды

+d) интоксикацалық және геморрагиялық

e) геморрагиялық және катаралді

323. Науқаста қызба, бас ауруы, құсу және менингеалді симптомдар оң мәнді болды.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

а) антибактериалді терапия жүргізу

b) қызуды түсіретін дәрілерді тағайындау

c) гормондарды тағайындау

d) бас миын рентгенологиялық тексеру

+e) жұлын сұйықтығын зерттеу

324. Менингококкты инфекцияның генерализацияланған формасында энцефалитке күдік туғанда қандай симптом арқылы білуге болады?

а) қатты бас ауруы және құсу

b) жоғары қызба

c) менингеалді симптомның оң болуы

+d) бас миы нервтерінің зақымдануы

e) геморрагиялық бөртпе

325. Уотерхаузен – Фридриксен синдромы менингоккокты инфекцияның қай формасында кездеседі:

а) менингококк тасымалдаушыда

b) жедел назофарингите

c) менингите

d) менингоэнцефалите

+e) менингококкцемияда

326.Менингококкты менингиті бар науқастан бактериологиялық зерттеу үшін қандай материал алу қажет:

а) қан, бөртпе элементінен жағынды

b) жұлын сұйықтығы

+c) мұрын-жұтқыншақтан жағынды, қан, ликвор

d) мұрын-жұтқыншақтан жағынды ,бөртпе элементі, ликвор

e) ликвор, қан

327.Менингококкты менингиттің спецификалық асқынуы:

а) ТШҚҰ-синдром

b) жедел бүйрек жетіспеушілігі

+c) бас миынын ісінуі

d) жедел тыныс жетіспеушілігі

e) инфекциялық-токсикалық шок

328.Менингококкцемия патогенезінің негізгі көрінісі:

+а) тамырлар зақымдалуы

b) бүйректің зақымдалуы

c) ми ісінуі

d) миокард зақымдалуы

e) мидың жұмсақ қабатының іріңді қабынуы

329. Менингококкты менингит патогенезінің негізгі көрінісі :

а) ми ісінуі

b) бүйрек зақымдалуы

c) тамыр зақымдалуы

+d) мидың жұмсақ қабатының іріңді қабынуы

e) миокард зақымдалуы

330.Менингококкцемияға тән типтік экзантема:

а) көлемді, петехиалді

b) көлемді, дақты, айқын

+c) геморрагиялық, некрозға ұшырауға бейім

d) пустулезді-геморрагиялық

e) уртикарлы

331. Менингококкты инфекцияның ошақты формасына тән:

а) менингит

b) менингококкцемия

c) менингоэнцефалит

+d) пневмония

e) иридоциклит

332. Менингококкты инфекцияның ошақты формасына тән:

+а) назофарингит

b) менингит

c) менингококкцемия

d) менингоэнцефалит

e) иридоциклит

333.Менингококкцемияны емдеуде этиотропты препарат болып табылады:

а) ампициллин

+b) левомицетин-сукцинат

c) амоксициллин

d) пенициллин

e) доксициклин

334.Менингококкцемияның типтік клиникалық симптомы:

а) құсумен ауру

b) айқын бас ауру

+c) геморрагиялық бөртпе

d) менингеалді белгілер

e) артрит

335.Менингококкцемияда бөртпенің шығу уақыты:

+а) ауырудың 1-2 ші күні

b) ауырудың 3-4 ші күні

c) ауырудың 4-5ші күні

d)ауырудың 6-7 ші күні

e) ауырудың 10-шы күні

336. Менингококкты менингитте науқасқа этиотропты емдеуде таңдамалы препарат:

+а) пенициллин

b) рифампицин

c) стрептомицин

d) левомицетин

e) доксициклин

337.Менингококкцемия инфекциялық-токсикалық шокпен асқынған кезде,науқасқа ауруханаға дейін деңгейде қай препарат енгізілуі тиіс:

a) маннитол

b) азитромицин

c) хлосоль

+d) кортикостероид

e) лазикс

338. Ер адам, 20жаста, ауруы жедел басталған: дене температурасының 40°С дейін жоғарлауы мен бас ауруы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, арқа және аяқ бұлшық еттеріндегі ауру сезімі байқалған. Келесі күні тобығында, табанында, санында геморрагиялық бөртпелер пайда болды. АҚ 100/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. ЭТЖ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Қабылдау бөлімінің дәрігері ем тағайындады. Тағайындаудағы қателікті табыңыз:

a) глюкоза 5%-500 мл к/т тамшы

b)трисоль 500 мл к/т тамшы

+c) пенициллин 12 млн/тәу б/е

d) аскорбин қышқылы 5%-10,0 к/т

е) баралгин 5,0 б/е

339. Ер адам, 25 жаста, ауруы жедел басталған: дене температурасының 40°С дейін жоғарлауы мен бас ауруы, 3 рет құсу, әлсіздік байқалған. Келесі күні шүйде бұлшық етінің регидтілігі байқалды. АҚ 90/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. ЭТЖ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Жұлын сұйықтығы лайлы, қысыммен шығады, Панди реакциясы (+++), цитоз нейтрофилді. Қабылдау бөлімінің дәрігері ем тағайындады.

Қандай препаратты науқасқа тағайындамау керек:

a) глюкоза 5%-500 мл к/т тамшы

+b)левомицетин-сукцинат 3,0 г/тәу б/е

c) трисоль 500 мл к/т тамшы

d) аскорбин қышқылы 5%-10,0 к/т

е) баралгин 5,0 б/е

340. Ер адам., 20жаста, ауруы жедел басталды: дене температурасының 40°С дейін жоғарлауы мен бас ауруы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, арқа және аяқ бұлшық еттеріндегі ауру сезімі байқалған. Келесі күні табанында бірен-саран геморрагиялық бөртпелер пайда болған. АҚ 100/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. Учаскелік дәрігердің қойған диагнозы:ЖРВИ және амбулаторлы ем тағайындалып, үйінде қалдырылған.

Қай симптом учаскелік дәрігерді үрейлендіру керек еді?

a) әлсіздік

b)бас ауруы

c)тәбетінің төмендеуі

+d) бірен-саран геморрагиялық бөртпелер

е) дене температурасының 40°С дейін жоғарлауы.

341. Менингококкты анықтауға материалды аңқа мен мұрыннан жинау ережелері:

+а) аш қарынға немесе тамақтан кейін 3-4 сағаттан кейін

b) тамақтан кейін бірден

c) тамақтан кейін 10-15 миннуттан кейін

d) тамақтан кейін 30 минуттан кейін

e) алу уақытының маңызы жоқ

342. Мұрын-жұтқыншақтан менингококты анықтауға жағынды алынады:

+а) құрғақ, стерильді мақталы тампонмен

b) 2%-к сутегі асқын тотығына малынған мақта тампонымен

c) 50%-к глицеринге малынған мақта тампонымен

d) әлсіз калий перманганатына малынған мақта тампонымен

e) дистильденген суға малынған мақта тампонымен

343. Мұрын және аңқадан менингококқа алынған материал лабораторияға қай уақыт аралығында жеткізіледі:

а) 48 сағ

b) 24 сағ

+c) алғаннан кейін бірден

d) 12 сағ

e) 2 сағ


344. Клиникалық белгілерсіз менингококтың мұрын-жұтқыншақтан анықталуы, менингококты инфекцияның қай түріне сәйкес келеді?

а) менингит

b) назофарингит

+c) менингококк тасымалдаушы

d) менингококкцемия

e) менингококкты пневмония

345. Уотерхаузен –Фридриксен синдромында қай ағзаға қан құйылу болады?

a) теріге

b) бүйрекке

+c) бүйрек үсті безінің қыртысты қабатына

d) миға

e) коньюктиваға





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   217




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет