Лекция мақсаты: Оқыту үрдісі және әдебиет пәні жайлы мәліметтер. Әдебиет пәнінің мұғалімі, оның адамдық, азаматтық, ұстаздық келбеті. Қайраткер ұстаздардың мұғалімдік тәжірибелері, озық өнегелері (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Көбеев, Қ, Бітібаева, т.б.) Әдебиет пәнінің мұғалімі және уақыт талабы жайлы студенттерге жеткізу.
Лекция мәтіні: 1. Оқыту үрдісінде мұғалім – белсенді іс-әрекет иесі. Мұғалім – сабақ үстінде шешуші тұлға. Ол көп оқитын, көп білетін, ізденгіш еңбекшіл адам. Абай Құнанбаев: «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға», - дейді. Оқыту байыптылыққа, ақылға салып аңғара қарауды тілейді. Мұғалімге Ақсақ-Темірдің қаталдығы, ананың мейірімі, дәрігердің дәлдігі қажет. Мұғалімнің іс-әрекеттері:
оқыту теориясына жетіктігіне;
оқыту әдісінің жүйесін меңгеруіне;
мұғалім мен шәкірттің ынтымақты жұмысына байланысты.