Лекция 1- кіріспе. Микробиология пәні мен биотехнология сабақтастығы



бет10/56
Дата05.09.2020
өлшемі126,2 Kb.
#77247
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56
Байланысты:
бт микроорганиз лекция

Микроорганизмдердің тыныс алуы

Микробтық клетканың заттарының синтезделуі энергияның шығындалуы есебінен жүреді. Көпшілік МО оттегі қатысындағы химиялық реакциялар энергиясын пайдаланады. Қоректік заттардың энергия бөлінуімен қатар өтетін тотығу процестері –тыныс алу д.а. Энергия бейорганикалық н/е органикалық заттардың тотығуы кезінде п.б.

Аэробты МО- органикалық заттардың оттегі қатысында тотығуы барысында бөлінетін энергияны пайдаланады ( бактериялар, саңырауқұлақтар, кейбір ашытқы түрлері). Әдетте энергия көзі ретінде олар көмірсуларды алады.

Анаэробты МО- тыныс алу үшін ауадағы оттекті қажет етпейді. Олар энергияны ашу процестері барысында алады. Анаэробтарға клостридиялар туысына жататын бактериялар, майқышқылды бактериялар мысал бола алады. Анаэробты жағдайларда спирттік, сүтқышқылды, майқышқылды ашу үрдістері өтеді. Ол кезде глюкоза спиртке, май қышқылына, сүт қышқылына энергия бөле отырып айналады. Түзілген энергияның жартысы жылу ретінде ыдыраса, жартысы АТФ күйінде қорға жиналады. Кейбір МО екі жағдайда да өмір сүре алады – факультативті анаэробтар.



Қоршаған ортаның жағдайлары МО тіршілігіне тікелей әсер етеді. Физикалық, химиялық, биологиялық факторлар микробтардың дамып өсуін тежеп немесе жеделдетеді, қасиеттерін өзгертіп отырады. Ортаның МО-ге елеулі әсері бар факторларына ылғал, температура, орта қышқылдығы мен хим. құрамы, жарық, т.б. жатады.

Ылғал – МО тек қана ылғалдылығы белгілі деңгейде болатын ортада ғана көбейе алады. Су микроорганизмдердің зат алмасу процестерінң іске асуына, микробты клетканың ішіндегі осмостық қысымды ұстап тұруға аса қажетті. Әр түрлі МО-ң суға деген қажеттілігі бірдей емес. Бактериялар ылғал сүйгіш ағзалар олар орта ылғалдылығы 20% төмен болса дамуын тоқтатады. Зең саңырауқұлақтары үшін ылғал 15% , ауа ылғал болғанда одан да төмен болса тіршілігін тоқтатпайды. Кейбір МО құрғаққа төзімді келеді, олар спора түзу арқылы көп уақыт сақталады.

Температура- МО дамуындағы маңызды фактор. Әр МО үшін температуралық режимнің максимумы, минимумы және оптимумы тән. Температураға төзімділігіне байланысты МО 3 топқа бөлінеді: психрофилдер – төмен температураларда өсетін МО ( мин.-10-0 градус, опт. 10-15 градус); мезофилдер- опт. 25-35 градус, мин. 5-10 градус, макс. 50-60 градус; термофилдер-опт.50-60 градус, макс – 70 град. Жоғары. Көптеген МО мезофилдер б.т. Сол себептен 25-35 гр. температурада тағамдардың бұзылуы орын алады. Ауру қоздырғыштардың дерліктей барлығы мезофилдерге жатады. Төмен температурада МО өсуі баяулап, 0 град. мүлде тоқтайды. Одан төмен температурада МО біразы өліп қалады, ал көбісі анабиозды жағдайға өтіп температура жоғарылағанда қайта дамиды. Жоғары температурада МО өледі, сол себептен кейбір тағамдар мен тағам шикізаттары жылулық өңдеуден өткізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет