Биотехнологиялық кезең-биоагент көмегімен шикізаттың қажетті өнімге айналуымен сипатталады. БТ кезеңнің негізгі мақсаты- белгілі органикалық қосылысты алу. БТ сатыда тек органикалық қосылыстардың синтезі ғана емес, басқа да бірқатар БТ процестер жүреді (ферментация, биотрансформация және биокатализ).
Даярлау кезеңі-биотехнологиялық сатыда пайдаланатын шикізатты әзірлеу процестерінің жиынтығы б.т. Даярлау кезеңінде әдетте құрамында барлық қажетті қоректік заттары бар сұйық қоректік ортаны әзірлейді. Ортаны зарарсыздандыру-асептикалық өндірісте бөгде микрофлораның түсуін болдармау үшін жүргізіледі.
БТ процесс барысы үшін аса қажетті газдарды дайындап зарарсыздандыру. Әдетте БТП-ке қолданылатын ауаны шаң мен артық судан арлытып, МО спораларынан тазарту үшін қыздырады.
Егілетін материалды дайындау. Микробиологиялық процесті іске асыру үшін егілетін материалды аз мөлшерде өсіріп көбейтіп алады.
Биокатализаторды әзірлеу.- ферментті бос немесе белгілі тасымалдаушы материал бетіне бекіту немесе ферментативті активтігі жоғары сатыда болатындай клеткалар биомассасын дайындау.
Шикізатты алдын ала өңдеу. Кейде шикізат өндірісте қалыпты күйде пайдаланылмайды, ол үшән ол алдымен өңдеуден өтеді. Мыс, спирт жасауда бидайды алдымен ұсақтап, ферментер көмегімен қантын жоғарылатады, алынған сусло ферментацияланып спиртке айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |