Сірке қышқылы және сірке суы. Сірке суы-сірке қышқылының 5—9%- сулы ерітіндісі.Сірке суы қышқыл шарапта сірке қышқылынан бұрын табылды. Кейін сірке суын спиртті ерітіндіні ерекше сіркеқышқылды бактериялар - Bacterium schutzenbachi, Bact. Curvum көмегімен ашыту арқылы алатын болды. Ашып кеткен ерітіндіні тазарту арқылы сірке қышқылының 70—80%- ерітіндісі –эссенцияны алатын болды. Сірке қышқылын тағам өндірісінде, органикалық бояуларды еріту үшін, дәрі, пластмасса, синтетикалық талшық алуда пайдаланады. Микробиологиялық жолмен алынған сірке суына хош иістің болуы тән. Себебі ашу кезінде біршама эфирлер, спирттер, қышқылдар түзіледі. Сірке қышқылды бактериялар Acetobacter туысына жатады. Бұл бактериялар пішіні талшықты таяқша тәрізді, спора түзетін грам теріс болып келеді.
Сірке қышқылының түзілу реакциясын алкогольоксидаза ферменті катализдейді. Реакция жүру үшін ортаның рН 3,0 Температура Bact. schutzenbachi үшін 28°С, Bact. curvura үшін— 35—37°С б.к. Ортада оптималды спирт концентрациясы 7-15% құрайды, ашу барысында спирт таусылса, бактериялар сірке қышқылының өзін ыдыратады. Сондықтан өндірісте ортада спирт көлемі 0,3-0,5 % төмендеп кетпеуін қадағалап отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |