Лекция 1- кіріспе. Микробиология пәні мен биотехнология сабақтастығы



бет29/56
Дата05.09.2020
өлшемі126,2 Kb.
#77247
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56
Байланысты:
бт микроорганиз лекция

Глюкон қышқылы- бірқатар дәрілер алуда пайдаланады. Глюкон қышқылының кальций тұзы ағзада тез сіңіп, кальций көзі бола алады. Глюкон қышқылын алуда Penicillium және Aspergillus саңырауқұлақтары продуцент бола алады. Глюкон қышқылдарының продуценттерінде глюкоза молекуласындағы альдегид тобын тотықтыратын глюкозооксидаза ферменті болады. Ферментация процессін концентрлі глюкоза ерітінділерін пайдалана отырып тереңдік және беттік дақылдау барысында іске асырса болады. Глюкон қышқылын алуда субстрат ретінде мальтоза, манноза, манит қолдануға болса, сахароза, лактоза және фруктоза бұл мақсатта жарамсыз. Аэробты жағдайда глюкон қышқылының шығымы 90% құрайды.

Фумар қышқылы-лак пен бояуларды алуда маңызы зор лалеин қышқылының ангидридіне тез айналады. Продуценттері – зең саңырауқұлақтары, соның ішінде Rhizopus nigricans дақылы аса белсенді б.т. Фумар қышқылын субстрат ретінде глюкозаны пайдаланып терең және беттік ферментация әдістерімен алады.Ферментация екі сатыда өтеді. Алғашқыда мицелий өсу кезеңінде ортада барлық элементтер болса, 2-сатыда қышқыл түзілу үшін тек қана көміртек көздері болатын заттар қосылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет