Амин қышқылдарының өндірісі
Амин қышқылдарын химиялық синтез арқылы н/е белокты гидролизаттардан экстракциялау арқылы алады. Ауыстырылмайтын А.Қ. микробиологиялық жолмен алған тиімді, себебі оларды МО белсенді L-формада түзеді. МО арқылы а.қ. алудың 2 технологиялық жолы бар: 1- және 2- сатылы.
Бірінші әдіс арқылы а.қ. өндіргенде шикізат ретінде қажетті амин қышқылының клеткада түзіліп отыратын химиялық н/е биологиялық жолмен алынатын ізашары пайдаланылады. Яғни алғашқыда әзірленген ізашар МО клеткасында трансформацияланып керекті қосылысқа айналады.
Синтездің екінші жолы – мақсатты амин қышқылын түзетін белгілі штамды арнайы қор. ортада және жағдайларда өсіруге негізделген.
Амин қышқылдарын өндіру әдістері:
1) Белокты шикізат гидролизі.
2) Хим. синтез.
3) Микробиол. синтез.
4) Биотрансформация
Гидролиз кезінде белокты шикізатты қышқылдар мен сілтілер ерітіндісінде 100-105°C 20-48 сағ. қыздырады. Кемшілігі - Ол кезде кейбір а.қ. ыдырап кетеді.
Хим. синтез – а.қ. өндірудің шығымы жоғары әдісі. Кемшілігі – А.қ. рацематты изомерлерінің қоспасы түрінде алынуы
Микробиол. жолмен лизин, триптофан а.қ. алу кең тараған.
Лекция 10- Микроорганизмдер көмегімен түрлі органикалық қосылыстарды алу технологиясы (ферменттік препараттар)
Мақсаты: Органикалық қосылыстарды алу технологиясын қарастыру
Достарыңызбен бөлісу: |