Қарастырылатын сұрақтар:
Ферменттер мен ферменттік препараттар туралы түсінік
ФП пайдалану аясы
Ферменттерді микроорганизмдер көмегімен өндіру
Ферменттік препараттарды өндіру заманауи биотехнологиялық өндірістердің ішінде жетекші орын алады. Ферменттердің табиғи жоғары активті, уытсыз биокатализаторлар болып табылатындықтан бұл өндіріс саласының шығарып жатқан өнім мөлшері мен пайдалану аясы ұдайы кеңіп отыр. Ферменттік препараттар көмегімен қолда бар технологиялардың көбісін жетілдіріп өзгертуге және жаңа эффективті үрдістерді қалыптастыруға мүмкіндік бар. Сонымен, тазалық дәрежесі әртүрлі ферменттерді қолдану биотехнологиялық процестер көрсеткіштері мен өнімділігін жоғарылатып қана қоймай, азықтық жем алу, жемдер сапасын арттыру, синтетикалық жуғыш заттардың әсерін жоғарылатуға, жаңа, нақтылығы мен спецификалылығы жоғары аналитикалық әдістерді жасауға, медициналық өндірістерде аса керекті дәрілік және профилактикалық заттарды өндіруге көмегін тигізді.
Ферменттердің олардың қалыпты қысымда, 20-70°С температура аралығында және ортаның рН 4-9 жағдайларында өз қызметін атқарып, субстратқа деген жоғары таңдамалылығы, яғни белгілі қосылыстарға ғана бағытты түрде әсер ету қасиеті олардың химиялық катализаторларға қарағанда артықшылығы болып табылады.
Қазіргі кездегі классификация бойынша барлық ферментер катализдейтін реакция типіне қарай 6 топқа бөлінеді: 1) оксидоредуктазалар; 2) трансферазалар; 3) гидролазалар; 4) лиазалар; 5) изомеразалар, 6) лигазалар (синтетазалар).
Өндірістік маңызы бар қажеттілігі мыңдаған тоннамен есептелетін ферментер негізінен гидролазаларға жатады. Ферменттік препараттардың басым көпшілігі кешенді түрде шығарылады, яғни құрамында негізгі ферментпен бірге қосымша ферментер мен белоктар болады. Сол себептен биотехнологияда ферменттік препараттарды қоспа құрамындағы фермент қызметіне қарап топтайды: амилолитикалық, протеолитикалық, липолитикалық,т.б.
Біздің елде ФП атаудың белгілі жүйесі қалыптасқан, ол кезде негізгі фермент түрі мен алу көзі және тазарту дәрежесі есепке алынады. Яғни әрбір препарат аты негізгі ферменттің қысқартылған атауы, өндіретін продуцентінің аты және – ин жұрнағын қосу арқылы қалыптастырылады. Мысалы, Aspergillus oryzae дақылынан алынған амилолитикалық препараты амилосубтилин д.а. Артынша өндіру әдісін және тазалық дәрежесін білдіретін индекстер қойылады. Түптік дақылдау арқылы алынған ферменттерге Г, және беттік дақылдау арқылы алынса П белгісі қойылады. Продуцент культурасы ажыратылмаған жағдайда Г, П әріптік белгілерден соң х белгісі қойылады. Х әрпінің алдында сандар тұрған жағдайда ол ФП тазалық дәрежесін көрсетеді. Мыс, 2 саны тұрса, онда ол фермен тазартылмаған сұйық продуцент культурасының концентраты болып табылады, 3- құрғақ тазартылмаған культурадан тұратын ФП, 10- органикалық еріткіштерде еріту арқылы немесе тұздар көмегімен ығыстыру әдісімен алынған құрғақ препараттар, 15, 18, 20 индекстері тазалығы жоғары ФП білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |