Пропион қышқылы –пропионқышқылды бактериялар түзеді. Пропион қышқылын хош иісті заттар өндірісінде, химико-фармацевтикалық өндірісте шикізат ретінде қолданады. Пропион қышқылын анаэробты жағдайда терең дақылдау арқылы алады. Ортаға 2% глюкоза, органикалық азот көздері, сүт қышқылының тұздары қосылады Процесс бейтарапты ортада, 30°С температурада өтеді. Нәтижесінде 5/1 қатынасында пропион қышқылы, сірке қышқылы және көмірқышқыл газ түзіледі.
Лимон қышқылы –жемістерде көп кездеседі. Алғашында оны тек лимондардан өндірсе, қазіргі кезде микробты синтез жолымен алады. Лимон қышқылы тағам өндірісінде, химия өнеркәсібінде, талшық бояуда, медицинада пайдаланады. Лимон қышқылының продуценті- зең саңырауқұлақтарына жататын Aspergillus niger б.т. Aspergillus niger вегетативті гифаларының көмегімен және спораларымен көбейеді. Спора қоректік ортада ісініп өнеді де гифа шығады. Гифалар тармақталып мицелийге айналады. Мицелийден ажырап қалған гифалар өз бетінше өсіп қайтадан мицелий түзуге қабілетті.
Лимон қышқылының түзілу процесінің химиялық негізі Кребс циклімен байланысты. Лимон қышқылы сірке және қымыздық сірке қышқылынан түзіледі. Лимон қышқылын МО беттік дақылдау арқылы және терең дақылдау арқылы алады.
Достарыңызбен бөлісу: |