Лекция 1- кіріспе. Микробиология пәні мен биотехнология сабақтастығы


Лекция 8- Микроорганизмдер көмегімен түрлі органикалық қосылыстарды алу технологиясы (липидтер, полисахаридтер, спирттер, органикалық қышқылдар алу жолдары)



бет23/56
Дата05.09.2020
өлшемі126,2 Kb.
#77247
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56
Байланысты:
бт микроорганиз лекция

Лекция 8- Микроорганизмдер көмегімен түрлі органикалық қосылыстарды алу технологиясы (липидтер, полисахаридтер, спирттер, органикалық қышқылдар алу жолдары)

Мақсаты: Органикалық қосылыстарды алу технологиясын қарастыру

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Липидтер алу жолдары

2. Полисахаридтер алу жолдары

3. Спирттер алу жолдары

4. Органикалық Қышқылдар алу жолдары

Липидтер полярлы емес еріткіштерде ерімейтін микроорганизмдердің клеткалық компоненттерінен алынады. Олардың концентрациясы құрғақ биомассаның 75% құрайды. Микроорганизмдердің липидтерінің құрамына бірталай қанықпаған май қышқылдары бар.

Penicillium soppii зең саңырауқұлақтарының липидтерінде 22%- пальмитин, 7,6% - стеарин, 45,2% -олеин, 20%- линол қышқылы бар. Клетка құрамында қаныққан және қанықпаған қышқылдардың арақатынасы продуценттердің түріне ғана емес, оларды дақылдау жағдайына байланысты. Төмен температурада саңырауқұлақтардың бойында қанықпаған май қышқылдары көбірек түзіледі. Сондай-ақ май қышқылдарының арақатынасы ортада К, Mg, Na болу-болмауына байланысты. Липидтердің синтезін көмірсу алмасуының ингибиторлары, мыс, натрий арсениті да күшейтеді. Микробты синтезде арзан субстраттарды пайдаланғандықтан осы жолымен алынған липидтер болашақтағы техникалық мақсатта қолданылатын өсімдік және жануартекті майлардың орнын баса алады. Арзан шикізат ретінде ағаш гидролизаттары мен шымтезек, мұнай өнімдері пайдаланылады. Микроорганизм клеткасында липидтер мейлінше көп түзілу үшін ферментация кезінде азоттың мөлшерін азайтып, аэробты жағдайда жүргізу керек. Бір тәулікте Rhodotorula gracilis ашытқыларының биомассасында 50—60% липид түзіледі. Ол кезде белоктардың мөлшері 10—20% дейін төмендейді. Соңғы кезде кейбір МО-ң липидтерді ортаға бөле алатындығы дәлелденді. Мыс, Rhodotorula glutinis дақылы ортаға сірке (40%), миристин (1%), пальмитин (14%), стеарин (1,5%), олеин (29%), линол (3%), линолен (0,5%) и 3-дигидроксигексадекан (8,5% ) қышқылдарын бөледі. Candida bogoriensis дақылдағанда ортада липидтердің инетәрізді кристаллдары түзілетіндігін байқаған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет