Биосинтез өнімдерін бөліп алу
Алынатын өнімнің клеткаішілік және клеткадан тыс түзілуіне байланысты биосинтез өнімдерін бөліп алу ерекшеліктері бар. Клеткаішілік өнімдер үшін алдымен клетка қабығын бұзу керек. Ол процесті іске асыру үшін мынадай әдістер қолданылады.
Клеткалардың біртұтастығын бұзу-дезинтеграция – клетка қабығы физикалық, химиялық, бт әдістермен бұзылады.
Гидролиз — клетка қабығын химиялық агенттердің сер арқылы н/е жоғары температура көмегімен бұзу.
Ферментолиз- жоғары температурада ферментер әсерінен клетка қабығының бұзылуы.
Автолиз —ферментолиздің бір түрі, ол кезде клетканың өзінің ферменттері пайдаланылады.
Клетка қабы,ы бұзылған соң қажетті өнімді алу үшін мынадай процестер іске асырылады:
Экстракция — өнімнің сулы фазадан сумен араласпайтын органикалық сұйықтыққа өтуі. Мысалы майтәрізді заттарды сұйық көмірсутектермен экстракциялау.
Тұндыру- сұйықтықта еріген күйдегі өнімді қатты фазаға өткізу қабілеті бар реагент қосу.
Адсорбция — сұйықтықта еріген күйдегі өнімді қатты фазаға арнайы тасымалдаушылар бетінде сіңіру арқылы қатты өткізу. Ионды алмасу –адсорбцияныі бәр түрі., ол кезде қатты фазаға иондар өтеді.
Ректификация- культуралды сұйықтықтан қайнау температурасы төмен өнімдерді алу жолы. Мыс— этил спирті.
Ультрафильтрация мен кері осмос жоғарымолекулалы қосылыстарды бөліп алу үшін қолданылады.
Центрифугалау арқылы вирустарды, клетка органеллаларын, ЖМҚ бөліп алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |