Лекция 1- кіріспе. Микробиология пәні мен биотехнология сабақтастығы


Лекция 2 - Биотехнологиялық процестерінде қолданылатын микроорганизмдердің негізгі топтары. Микроорганизмдер классификациясы



бет3/56
Дата05.09.2020
өлшемі126,2 Kb.
#77247
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
бт микроорганиз лекция

Лекция 2 - Биотехнологиялық процестерінде қолданылатын микроорганизмдердің негізгі топтары. Микроорганизмдер классификациясы
Мақсаты: Микроорганизмдердің алуантүрлілігі мен биотехнологиялық өндірісте пайдаланылатын микроорганизмдер топтарының ерекшеліктерін көрсетіп, микроорганизмдер классификациясының негіздері туралы ақпарат беру

Қарастырылатын сұрақтар

1. Систематика ұғымы

2. Штамм түсінігі

3. Микроорганизмдер классификациясының негізі

Бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар, вирустар, қарапайымдылар адам өміріндегі маңызы зор. Оларды адам баяғы заманнан бері нан пісіруде, шарап пен сыра ашытуда, т.б. өндірісте қолданған. Қазіргі кезде құнды белокты заттарды алу, жер құнарлығын арттыру, ортаны ластаушы заттардан тазарту, биопрепараттарды алу проблемаларына және т.б. басқа талаптардың туындауына байланысты микроорганизмдерді зерттеу және қолдану аясы кеңіді. Микроорганизмдер қоректік белокты заттар мен биогаз өндіруде қолданылады. М/о ауаны, суды тазартуда, препараттарды алуда, ауылшаруашылығы зиянкестерін зарарсыздандыру үшін пайдаланады.

Жоғары сатыдағы организмдер классификациясы белгілі бір дәрежеде олардың эволюциялық байланысын қамтитын болса, осындай негізде прокариоттар, яғни микроорганизмдер классификациясын жасау едәуір қиындықтар келтіреді. Систематика - дегеніміз көп түрлі организм топтарының (таксондар) өзара-қарым-қатынасын зерттейтін ілім; ал-классификация-көп түрлі организмдерің топтарға (таксондар) бөлінуін, ал таксономия-организмдер топтарының (таксондар) аттары мен олардың өзара шектесуін және тәуелділік қарым-қатынасын анықтайды. Таксондар- белгілі дәрежеде бір текті қасиеті бар организмдер топтары.

Таксономиялық категория ретінде түрді алуға болады. Түр –дегеніміз дәл сол кезеңдегі эволюцияда белгілі бір морфологиялық, биохимиялық және физиологиялық белгілері бар, басқа түрлерден сұрыптау нәтижесінде оқшауланған, белгілі бір ортада тіршілік етуге бейімделген, жалпы шығу тегі бір өзара туыстық қатысы бар организмдер топтары.

Микробиологияда “штамм” және “клон” деген терминдерді жиі қолданады. Штамм - деген түрге қарағанда біржақты түсінік. Әдетте штамм деген әр түрлі (топырақ, су, организм т.б) немесе бір түрлі табиғи ортадан бөлініп алынған, бір түрге жататын микроорганизмдердің әр түрлі культураларын айтады. Бір түрге жататын штамдардың қасиеттері жағынан жақындығы немесе кейбір жеке қасиеттері жағынан айырмашылығы болады. Соның өзінде әр түрлі штамдардың қасиеттері түр қасиеттерінің шегінен шықпауы тиіс.

Клон дегеніміз – бір клеткадан алынған культура. Бір түрдің особьтарынан тұратын микроорганизмдер жиынтығын таза культура деп атайды. Барлық прокариоттық микроорганизмдер Procaryotae дүниесіне біріктірілгенде төрт бөлімге ажыратылған. Ол бөлімдер тиісінше класстарға, қатарларға, тұқымдастарға, туыстарға және түрлерге бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет