Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Лекция №12 Технологиялардың түрлері



бет25/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция

Лекция №12
Технологиялардың түрлері


Лекция жоспары:
1.Жеке дара кеңес беру технологиясы.
2.Тұлғааралық шиеленістің алдын-алу мен шешу технологиялары.


Лекция мәтіні:
1.Жеке дара кеңес беру технологиясы.
Психологиялық кеңес топтық және жеке даралық формада жүргізіледі. Топтық кеңес беру алдын-ала жүргізілген жеке даралық кеңес беруден кейін ұйымдастырылады. Онда психологиялық проблемалары ұқсас адамдар топталады және мынадай түрлерге бөлінеді:
- бір және бірнеше реттік;
- жеке ұсыныс бойынша;
- шақыру және бағыттау нәтижесінде;
- толықтырушы тестілеусіз, толықтырушы тестілеумен, т.б.
Жеке даралық кеңес беру мазмұны клиенттің тапсырмасымен анықталады. Психологтар психикалық даму кезеңдерін әрі нақты кезеңдегі механизмді білуі тиіс. Демек жеке даралық кеңес беру схемасы мына үлгіде ұсынылады: өзара іс-әрекет тапсырмалар мазмұны (тапсырыстың мәтіні) - психикалық дамудың механизмдері (психологиялық тапсырма) - психикалық даму мөлшерінің мазмұны.
Клиенттің психологиялық тапсырмасының қалыптасуында психологқа адамның өзіне ден қоюға, маманның философиялық және адамгершілік-этикалық айқындалуын талап ететін өмір мағынасы туралы сұрақтарға жауап іздеуге тура келеді.,
Топтық кеңес берудің мақсаты - адамдар арасындағы жүйені зерттеу болып табылады. Бұл қарым-қатынас мазмұны әр түрлі болуы мүмкін. Топтық кеңес беруде психологтың міндеті - топ мүшелерінің өзара қарым-қатынас құралын табу, кеңес беру барысында әсер етудің типтері мен олардың мазмұн, тұрақтылығын айқындау.
Психолог кеңес беру кезінде зайырлы әңгімеге бармай-ақ, тым жабыла немесе ашыла бермей, өзінің ойын еркін игере білуі тиіс. Әсіресе гипотезаны ұстануға бара бермеу керек, өйткені ол жалған болып шығуы мүмкін. Тиісті себептерсіз клиенттің пікірін елемейтіндей немесе беделін түсіретіндей тура сұрақ қоюға бармау керек, әңгіме қарымталы және өктем болмауы керек.



Тиімді кеңес беру

1. Психологтың клиентпен кездесуі өтеді, олар пікір алмасады. 2. Психолог клиенттің құқығын құрметтейді, кәсіби араласудың шараларын, шамасы мен шегін сақтайды. Психолог клиенттің өзінің шешім қабылдау қабілетіне сенеді. 3. Ол ауызша және басқа да әдіспен мұны өзінің кеңес алушысына көрсетеді, эмоционалды түрде қолдайды. Ол клиентке өзінің сезімін білдіру мен қиындықтарын айтуға мүмкіндік береді. 4. Ол клиенттің жағдайын білгірлікпен объективтендіреді (ойды айқындау арқылы) және субъективтендіреді (клиенттің және өзінің сезімі арқылы). Проблемаларды анықтауда ол клиенттіңайтқандарына мән береді. 5. Ол қорытынды мен ұсыныс беруге емес, клиентке жағдай жасауға ғана асығады. 6. Ол клиентке алғысын білдіріп және бірге қызмет жасауды ұсынады. 7. Ол мәселені түсінуге және проблемаларды бірлесіп шешуге ұмтылады.

Тиімсіз кеңес беру




1.Психологтың клиентпен кездесуі өтпейді. 2. Психолог айтарлықтай байланыс орнатпайды. 3. Психолог клиентті «көрмейді», «естімейді» және сезбейді. Ол өзінің айтқандарына жөнсіз қарайды. Клиентке де сөз бермейді. 4. Клиентке өзінің шешімін айтады. Асығыс кеңестер мен ұсыныстар береді. 5. Клиентті дауласуға, ақталуға, шындықты жасыруға мәжбүр етеді. 6. Бастапқы гипотезаны қатаң ұстанады. «Диагноз» қояды және «емдеу» ұсынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет