Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Кәмелетке толмағандардың мүліктік құқығын әлеуметтік-педагогикалық қорғау



бет28/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция
Ғылыми-зерттеу әдістері және академиялық хат пәні, 2-ДӘРІС ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ
2.Кәмелетке толмағандардың мүліктік құқығын әлеуметтік-педагогикалық қорғау.
Әлеуметтік педагог мектепте төмендегідей негізгі бағыттарда жұмыс жасауы қажет: 1. Диагностикалық қызмет; 2. Өз қызметі шеңберінде көмекті қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау; 3. Кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру; 4. «Тәуекел топтағы» оқушылармен жұмыс; 5. Сынып жетекшілері, медициналық қызметкерлер, ата-аналар комитетімен, пән мұғалімдерімен т.б. қарым-қатынасты үйлестіру.
Тұлғаны өзін-өзі дамытуға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету үшін ЮНЕСКО білім беру мазмұнына білім мен тәрбиені әлеуметтендірудің төрт түрлі түрін белгілеп отыр. Олар: Тұлғаны өзгелермен бірлесе өмір сүруге, еңбек етуге үйрету, Тұлғаны өз бетінше өмір сүре білуге үйрету, Тәрбиеленушілердің жеке психо-медициналық және педагогикалық ерекшеліктерін тексереді және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын, қажеттілігі мен қызығушылығын байқайды, қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулар кезеңінде тез арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді. Баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу қабілеттілігі бойынша әлеуметтік-педагогикалық әдістемесін, түрі мен міндетін анықтайды. Патронат бойынша тұрғын үй, зейнетақы беру, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша жұмыстар жүргізеді.
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың физикалық және дарындылық талантын дамытуға жағдайлар жасайды. Мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен балалар арасында қарым-қатынас орнатады. Оқытушылармен, ата-аналармен немесе оларды ауыстыратын адамдармен жұмыс жасайды. Білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын құрастыруға, бекітуге, оны жүзеге асыруға қатысады және өзінің құзіреттілігі бойынша олардың орындалуына жауап береді.
Әлеуметтік педагогикалық қызмет ережесі - Балалармен жұмыстың нақты міндеттерін өз бетінше шешуге, сол жұмыстың формасы мен әдістерін дербес таңдауға және жұмыстардың кезегін анықтауға;- Кәсіптік міндеттердің табысты орындалуы үшін мектеп басшыларынан қажетті жағдайдың жасалуын талап етуге;- Жоғары жақтан келген нұсқаулар этикалық принциптерге қайшы келген жағдайда, оны орындаудан бас тартуға;- Мектеп құжаттарымен танысуға;- Сабақтарға қатысуға;- Баланың келешектегі тағдырын шешу үшін денсаулығы мен құқығын педагогикалық қызметкерлердің және құзырлы мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың алдына көкейкесті мәселелерді қоюға, олардың орындалуын мейлінше талап етуге ;- Отбасы мүшелерінің мектеп пен отбасындағы кепілдігін анықтау мәселесін (даулы жағдайда) қоюға;- Қажетті кезде тиісті органдарға ата-ана құқынан айыру мәселесін ұсынуға, бала мүддесін сотта қорғауға;- Тәжірибе бөлісу мақсатында ғылыми көпшілік журналдарына материалдар жариялауға;- Оқушыларға кәсіптік бағдар беруге; - Білім мекемелерінің эксперттік шешімдеріне араласуына; - Мектепте топтық және жеке зерттеулер жүргізуге.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет