Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Лекция №5 Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет үрдіс ретінде



бет9/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция
Ғылыми-зерттеу әдістері және академиялық хат пәні, 2-ДӘРІС ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ
Лекция №5
Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет үрдіс ретінде


Лекция жоспары:
1.Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын анықтау
2.Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің гуманистік және демократиялық сипатын қамтамасыз ету
3.Субъектілердің белсенділігі, олардың өзара әрекеттестігі, жүйелілігі әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің қағидалары ретінде


Лекция мәтіні:
1.Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын анықтау.
Адамның жеке тұлға болып дамуында іс-әрекет маңызды орын алады. Ол тұлғаның сапалары мен қасиеттерін дамытуға, жеке басына тән ерекшеліктерін өзгертуге ықпал етеді. Жалпы алғанда іс-әрекеттің әлеуметтік-педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау үшін, оның не екенін, мәнін және жеке тұлғаға тікелей немесе жанама ықпалын қарастыру керек.
Іс-әрекет - адамның мақсатты түрде табиғи және әлеуметтік шындықты өзгертуі. Оның құрамды бөліктері: мақсат, түрткі, құрал, қолданылатын іс-әрекет және нәтиже. Кез келген іс-әрекет субьектінің белгілі қатынасын қамтиды. Іс-әрекеттің әр құрамды бөлігінің (компоненті) жеке тұлғаға ықпал ететін өзіндік әлеуметтік-педагогикалық әлеуеті болады. Оның ықпалы тұлғаның жеке басында және іс-қимылында көрінеді.
Мақсат - өз іс-әрекетінің нәтижесін иделды түрде көруі. Ол адамның жасына, жеке бас ерекшелігіне лайық дамуымен және тәрбиесімен анықталады. Жастық кезінде өзінің кез келген қажеттілігін және танымын қанағаттандыруы. Уақыт өте келе адамның мейілінше даму деңгейіне байланысты мақсат оның ерекшелік сипаттарын көрсетеді, олар: қызығушылықтары, бейімділіктері, кейіннен кәсіби іс-әрекетіндегі кәсіпқойлық мақсатына және мамандығының түрткісіне айналады.
Мақсаттың бағыттары мен әлеуметтік себептері қоғамда орныққан талаптарға сәйкесуі немесе сәйкеспеуі де мүмкін. Осы көрсеткіштер бойынша мақсаттың жеке тұлғаға ықпалын байқауға болады: жекелей қарастырғанда, қалыпты (қалыпсыз), табиғи, жасы мен жынысының дамуына сәйкесуі (сәйкеспеуі); шығармашылық дамуы ерекше; деструктивті дамуы (асоциалдық, антисоциалдық) және т.б.
Іс-әрекет мақсатының сипаты субьектінің зерттеушілік немесе тәжірибелік, орындаушылық, шығармашыл-жасампаздық ісін қалыптастырады. Сонымен бірге оның ерекше көзқарасы, жалпы бағыттылығы (қажеттері, қызығушылығы, мақсаты, өмірде көздеген жоғары мұраттары, маманның субьектілік статусы, оның түрткісі пайда болады).
Түрткі - адамды іс-әрекетке бағыттайды. Көп жағдайда ол субьектінің өзіне тән ерекшелігін, өзін басқару қабілетін, өзбетінше қойған мақсатына қол жеткізуін немесе қысыммен әрекет жасатуы. Түрткінің негізінде түрлі қажеттіліктер жатыр (туа біткен және кейіннен пайда болған), таңдауы мен іс-қимылының себебін саналы түсінуі.
Түрткі (түрткі тудыру) іс-әрекет сипатымен байланыста қарастырылады. Мұндай жағдайда түрткінің адамға ықпалын түсінуге болады. Түрткілер жалпы, жеке және жағдаяттық сипатта болады. Жалпы сипаттағы түрткілер жеке тұлғаға тән типті (оның бағыттылығының ерекшеліктерін, субьектілік статусын) анықтайды; жеке сипаттағы түрткілер адамның бейімділіктерін бекітуі немесе әлсіретуі мүмкін; жағдаяттық – жеке тұлғаның субьектілік әрекеттерінде әр түрлі бейнеленеді.
Құралдар - адам іс-әрекет үдерісінде қолданылатын нәрсені таңдайды және сол арқылы мақсатқа жетеді. Олар өзінің әлеуметтік маңызына қарай: адамның жасы мен мүмкіндіктеріне сай; қоғамда және кәсіби ортада қабылданған; жаңа, типтік емес, ерекшеленген, бірақта тиімді, жеке тұлғаның өзіне тән шығармашылығын сипаттайтын; нақты әлеуметтік ортада қолдануға болмайтын, оның қалыптары мен ережелеріне қайшы келетін асоциалды тұлғаға тән (ондай тұлғаға қолданылатын кез келген құрал жарамды саналады, тек алынатын нәтижені қамтамасыз етсе болғаны).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет