Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің гуманистік және демократиялық сипатын қамтамасыз ету



бет10/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция

2. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің гуманистік және демократиялық сипатын қамтамасыз ету.
Әлеуметтік педагогика болмысын түсінуге түрлі көзқарастарды және оның болмысын талдау мен практикалық қолданылуын жүйелей келгенде, мынадай анықтама құруға болады. Әлеуметтік педагогика адамның әлеуметтік мәдени ортадағы әлеуметтік дамуы мен қалыптасуы құбылысын және индивидуалдық мүмкіндіктеріне қарай өзін-өзі танытуға деген қажеттіліктеріне сәйкес әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған, мақсатқа сай ұйымдастырылған, әлеуметтік педагогикалық қызметті зерттейтін педагогикалық білім саласы болып табылады. Әлеуметтік педагогикалық қызметтің субъектісі ретінде әлеуметтік педагог, тәрбиеші, ата-ана, олардың орнын басатын тұлға, әлеуметтік-педагогикалық функцияны атқаратын ұйымдастырушы бола алады.
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет адамды туғанынан бастап оның жеке тұлға ретінде (әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік-педагогикалық сүйемел, көмек) оның әлеуметтік қалыптасу сатыларында және нақтылы қоғамның (қауымның) азаматы ретінде дамуына жағдай жасайды. Бұл үдеріс қалыптасқан дәстүрлері, әдет-ғұрпы, мәдениеті мен әлеуметтік тәжірибесіне сәйкес жүзеге асырылады:
Әлеуметтік педагогика мынадай екі бағытта дамиды:
- жеке тұлғалық;
- әлеуметтік.
Жеке тұлғалық бағытты («индивидуалдық» педагогика) жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы әлеуметтік педагогика ретінде сипаттауға болады. Ол өзінің бастауын Д.Локк, Ж.Руссоның «индивидуалдық» педагогикасынан алады. Онда шартты-гуманистік және керітартпалық тәсілдемелер дамиды.ХІХ ғ. екінші жартысында педагогикалық осы бағыттың аясында неміс философы Ф.Ницшенің радикалдық «асқан адамды» қалыптастыру тұжырымдамасы қалыптасты. Оның пайда болуы педагогтардың алдына адамды - оның өзі үшін немесе оны белгілі бір ортаның (мемлекеттің, қоғамның) өміріне даярлау жолында тәрбиелеу проблемасын қойды. Аталмыш факт «индивидуалдық» педагогиканың баламасы ретінде әлеуметтік бағыттың қалыптасуына ықпал етті.
Әлеуметтік бағыт. Кең мағынасында ол мемлекеттің қоғамның тұтастай алғанда өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне (әлеуметтік педагогика) ықпалымен анықталады; тар мағынасында – адамның жеке басының қалыптасу үрдісіне оның өмір сүру ортасының ықпалымен анықталады (орта педагогикасы).
Әлеуметтік педагогика мемлекет пен қоғамның өз азаматтарын тәрбиелеуде қалыптасқан заңнамаларының негізінен, тәрбие институттарын құруынан, оқыту және кәсіби даярлау, олардың қолданылуын қамтамасыз етуінен көрінетін қызметін зерттейді. Ол ресми әлеуметтік педагогикалық сипатта болады.
Одан өзге, қоғамда өскелең ұрпақты тәрбиелеумен байланысты қабылданған нормалар мен ережелермен қоса, әдет-ғұрыптар түрінде «жазылмаған заңдар» жиынтығы қалыптасады. Олар өзінің мәні мен маңызына қарай, әлеуметтік-педагогикалық, бірақ ресми емес сипатта болады.
Орта педагогикасы. Адамның қалыптасуына оның өмір сүретін ортасы маңызды түрде ықпал етеді. Бұл ретте, ортаның әрбір факторының өзіндік тәрбиелік мүмкіндіктері бар. Мұндай факторларға: баланың туған және тәрбиеленген отбасы (асырап алған отбасы, мемлекеттік мекеме); бұқаралық ақпарат құралдары; баланың ойыншықтары мен ойындары; оның оқыған кітаптары; араласатын достары; құрмет тұтатын тұлғалары; адамның өз өмірінің әрбір кезеңінде бірге болатын ұжымдарының әлеуметтік-педагогикалық ерекшеліктері; көше және т.б. көптеген жайттар жатады.
Орта педагогикасы адамның түрлі жастағы дамуы мен тәрбиесіне тікелей және жанама ықпал ететін ортаның әлеуметтік-педагогикалық мүмкіндіктерін зерттейді. Әлеуметтік бағыт адамның әлеуметтік бағыттарының басымдығын, оның нақтылы қоғамда өмірге даярлануы қажеттігін негіздейді және бұған мыналарды ұсынады:
- жеке адамның әлеуметтік қалыптасу педагогикасы;
- жеке адамның қалыптасуындағы әлеуметтік ауытқушылықтар педагогикасы;
- әлеуметтік тәрбие.
Жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасу педагогикасы. Адам әлеуметтік тіршілік иесі ретінде белгілі бір әлеуметтік ортаның, қоғамның, индивидтің талап-тілектерінің есебімен табиғаттың заңына сәйкес дамиды. Ол, біріншіден, өзінің жеке қасиеттеріне сәйкес, нақ өзіне ғана тән ерекшеліктеріне және мүмкіндіктеріне сай әлеуметтік түрде дамиды (ішкі жеке тұлғасына байланысты);
- екіншіден, өзі өмір сүретін және өзін-өзі жеке тұлға ретінде танытатын әлеуметтік жағдайларға сәйкес дамиды (ортаға байланысты); үшіншіден, ол нақтылы қоғамның оның әлеуметтік-мәдени өмірлік салтының талаптарына сәйкес бағдар ұстайды (сыртқы әлеуметтік байланыстылық).
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік ауытқулар педагогикасы. Адам мен белгілі бір топтың дамуы және тәрбиесіндегі әлеуметтік ауытқушылықтардың себептерін, оның алдын алу мен жеңудің мүмкіндіктерін зерттейтін бөлімшесі. Қалыптасушы жеке тұлғаның әлеуметтік ауытқуына өсу үстіндегі адамның бұдан бұрынғы өмір сүру ортасы, әлеуметтік қалыптасу кезеңіндегі жеке даралық бейімділік факторы елеулі түрде ықпал етеді.
Әлеуметтік педагогикада әлеуметтік тәрбиеге маңызды мән беріледі, қиыншылықтарды жеңуге әлеуметтік-педагогикалық қолдау адамның әлеуметтік тұрғыда қалыптасуына, өзін-өзі танытуы, өзін-өзі жетілдіруі жолындағы қиыншылықтарды жеңуіне көрсетіледі. Адамның тәрбиешіге (ата-анасына, олардың орнын басушыларға, мұғалімге), оның динамикасын бағдарлауға осы үдерістің өту жағдайларына және олар арқылы үдерістің өзіне бағытталған түрде ықпал ету мүмкіндігін іздестіруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік педагогиканың қолданбалы бөлігінің – адамды әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу, оған әлеуметтік қолдау жасаудың негізгі міндеті осы болып табылады.
Әлеуметтік педагогикада жасына қарай түрліше болатын өзінің әлеуметтік қалыптасуына адамның өзіндік ықпалының рөлі зор. Бастапқы кезеңінде ол көбінесе адамның белсенділікке, білімқұмарлыққа бейімділігіне байланысты. Адамның өмір сүру салтының, дүниеге көзқарасының және адамгершілік, ерік-жігер қасиеттері қалыптасуының нәтижесі ретінде, оның өмірлік ұстанымы, адамгершілік бағдары, саналы таңдауы жасы ұлғайған сайын неғұрлым өсе түседі. Олар елеулі дәрежеде адамның есею сатыларындағы өзгерістерімен, бұдан былайғы өзін-өзі әлеуметтік жетілдіруімен анықталады. Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы көбінесе нақ осы өзін-өзі әлеуметтік жетілдіру үдерісіне байланысты.
Сонымен қатар, адамның өзін-өзі әлеуметтік жетілдіруі - бұл күрделі заңды үдеріс екенін ескеру қажет. Белгілі бір әлеуметтік жағдайларда адам соған сәйкес дамиды. Бұл үдерістің бағыты мен қарқыны өзгеріп отырады.
Осы айтылғандарға сәйкес, әлеуметтік педагогиканы мынадай ұстанымдар тұрғысында қарастыру қажет:
- адамның өмір сүру ортасының тікелей ықпалы мен мемлекеттің
функциясын іске асырудың құралы ретіндегі орта педагогикасы;
- әлеуметтік тәрбиенің ықпалы ретінде адамның жеке тұлғасының әлеуметтік қалыптасу педагогикасы; адамның өзінің әлеуметтік факторы; өзін-өзі әлеуметтік жетілдіруде адамның жеке ұстанымы мен белсенділігі;
- адамның өзін-өзі танытуына қолдау, әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу.
Орта педагогикасы ұстанымы тұрғысынан әлеуметтік педагогика - бұл идеяны қалыптастыру және тәрбиені қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және қоғамдық институттар, мемлекеттің ғылыми және практикалық қызметі. Ол мемлекеттің заңнамалық шығармашылығы, мемлекеттік институттардың, қоғамдық ұйымдардың, қозғалыстар мен партиялардың өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, бұқараға ықпал етуде бұқаралық ақпарат құралдарының қызметтеріне әлеуметтік-педагогикалық баға беруге бағытталған.
Сондай-ақ, тәрбиелеудегі түрлі институттардың (отбасы; білім беру, арнаулы білім беру, еңбекпен түзеу, түзету, құқығын қалпына келтіру, әлеуметтік, демалыс мекемелері; қоғамдық бірлестіктер, қозғалыстар мен ұйымдар; бұқаралық ақпарат құралдары) әлеуметтік-педагогикалық мүмкіндіктері мен мақсатты пайдаланылуы проблемалары және өсу үстіндегі адамның әлеуметтік қалыптасуына тікелей ықпал етуші басқа да факторлар зерттеледі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет