Лекция №1. Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық Сұрақтар



бет13/33
Дата12.11.2022
өлшемі305 Kb.
#157846
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Байланысты:
Далалык фортификациялық құрылымдар

Қолданылған әдебиеттер:
1. Карта офицера. И. Д. Помбрик, Н. А. Шевченко. 1985г
2. Проведение занятий по начальной военной подготовке. И. Г. Назимка, Ф. С. Штыкало. 1990г
3. Бастапқы әскери дайындық.. А. Тасболатов. К Аманжолов. Алматы. «Алматы» 2007ж
4. Атлас офицера. Москва. Военное топографическое управление.
5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Әскери іс. Алматы. «Мектеп» 2007ж
Лекция №8. Жергілікті жерде картасыз бағдарлану.
Сұрақтар:
Бағдар алу туралы жалпы түсінік. Аспандағы жарық, жергілікті жер заттары белгілерімен, компас көмегімен көкжиек тұстарын анықтау тәсілдері. Өзінің тұрған жері туралы баяндау.
Жауап: Бағдар алу туралы жалпы түсінік. Қазіргі жағдайда жергілікті жерде бағдарланудың негізгі түрі топографиялық карта бойынша бағдарлану болып табылады. Карта бойынша бағдарлану – картада бағдарланудан, ондағы тұру нүктесіне берілетін анықтамадан және картаны жергілікті жермен салыстырудан тұрады.
Картаны бағдарлау – горизонталь тегістік жағдайын ондағы бағыттар жергілікті жердегі тиісті бағыттарға параллель болатындай ету. Мұндай жағдайда карта жақтауының жоғарғы ҰсолтүстікҚ жағы – солтүстікке, ал төменгі жағы – оңтүстікке, оң жағы – шығысқа, сол жағы – батысқа бағытталады. Картаның бағдарлануы жуықтап, көзбен не сызғыш не компастың көмегімен дәл орындалуы мүмкін.
Жуықтап бағдарлану үшін белгілі тұру нүктесінен картада бейнеленген қоршаған жақын бағдарларға ойша жүргізілген бағыттар жергілікті жердегі осы заттардағы бағыттармен шамамен сәйкес келетіндей етіп картаны бұрса жеткілікті.
Картаны шамамен горизонт жағына қараған бағытпен бағдарлайды. Алдын ала горизонт жағын анықтайды. Алдын ала горизонт жағын анықтайды, сосын картаның жоғарғы жақтауы-солтүстікке, ал оң жағын, төменгі және солтүстігі –шығысқа, оңтүстікке және батысқа қарайтындай етіп бұрады.
Картаны жергілікті жер сызығы, бағдар мен компас бағыты бойынша неғұрлым толық бағдарлауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет