Лекция №1. Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық Сұрақтар



бет12/33
Дата12.11.2022
өлшемі305 Kb.
#157846
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Байланысты:
Далалык фортификациялық құрылымдар

Қолданылған әдебиеттер:
1. Инженерное обеспечение.Колибернов М 1984г
2. Проведение занятий по начальной военной подготовке. М. П. Брысин, П. М. Калинин. 1990г
3. Бастапқы әскери дайындық.. А. Тасболатов. К Аманжолов. Алматы. «Алматы» 2007ж
4. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Әскери іс. Алматы. «Мектеп» 2007ж
II-БӨЛІМ: ӘСКЕРИ ТОПОГРАФИЯ
Лекция №7. Әскери құрылым жүйесіндегі әскери топография.
Сұрақтар:
Әскери топографияның мәні және міндеттері. Әскерді ұрыстық дайындау құрылысындағы әскери топографияның рөлі және орны. Жергілікті жер түрлерінің тактикалық классификациясы.
Жауап: Әскери топографияның мәні және міндеттері.
Әскери топография тарауында- студенттердің таныс емес жерде бағдарлануға және карта бойынша нысанаға карай жылжу маршрутын таңдай білуге үйрететін әскери топография бойынша алғашқы мәліметтер беріледі.
Карта- бұл жер бетінің белгілі бір шарттар бойынша жазықтықта (қағазда) кішірейтіліп бейнеленуі. Халық шаруашылығы мен әскери істің қажеті үшін түрлі карталардың көп мөлшері дайындалады. Оларды масштабы, әлеуметтік мазмұны, қолдаылуы (мысалы, географиялық, топографиялық, өндірістік, орман, жол, геологиялық, топырақты, оқу үшін) бойынша топтастырады.
Әскери істе карталар кеңінен қолданылады. Олар жергілікті жер туралы мәліметтің кайнар көзі, әскерлердің ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады. Ол мотоатқыштар, артиллерия әскерлері,ракетаәскерлері, танк әскерлері, ұшқыштар және басқа мамандарға қажет. Картамен бейтаныс жерлерде бағдарлау жасалынады, ұрыс қимылдарын жүргізуге шешім қабылданады; шеру жасалады; ракета жіберу мен артиллерия атысы үшін мәліметтер дайындалады, жергілікті жерде инженерлік жабдықтау боынша есеп айыру мен өлшеулер жүргізіледі; нысана координаттары анықталып, нысананы көрсету жүзеге асырылады.
2. Әскерді ұрыстық дайындау құрылысындағы әскери топографияның рөлі және орны. Әскери істе карталар кеңінен қолданылады. Олар жергілікті жер туралы мәліметтің кайнар көзі, әскерлердің ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады. Ол мотоатқыштар, артиллерия әскерлері,ракетаәскерлері, танк әскерлері, ұшқыштар және басқа мамандарға қажет. Картамен бейтаныс жерлерде бағдарлау жасалынады, ұрыс қимылдарын жүргізуге шешім қабылданады; шеру жасалады; ракета жіберу мен артиллерия атысы үшін мәліметтер дайындалады, жергілікті жерде инженерлік жабдықтау боынша есеп айыру мен өлшеулер жүргізіледі; нысана координаттары анықталып, нысананы көрсету жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет