Картаны жергілікті жер сызықтары бойынша бағдарлау.(Ориентирование карты по линиям местности) — түзу сызықты жергілікті заттар (жоддар, орлар, байланыс желілері) бар болған жағдайда қолданылатын бағдарлау. Жергілікті жердің қандай да бір сызығында тұрып сызықтық заттың бейнесінің бағыты картадағы оның жергілікті жердегі бағытымен сәйкес келетіндей, ол одан оң және сол жақта орналасқан барлық басқа объектілердің бейнелері картада сол жақта болатындай етіп картаны бұру қажет. Егер тұру нүктесі белгілі болып, сол орыннан көрінетін бағдарлар картада белгіленген болса, онда картаны бағдар бағытына қарай бағдарлайды. Сызғышты тұрған орнының нүктесімен қандай да бір бағдармен сәйкестендіреді. Тандалып алынған бағдар көздеу сызығында тұратындай етіп сызғыштың бойымен бірге картаны бұрады. Көздеу кезінде сызғыштың бағдарға қараған шетін өзінен кері ұстау керек.
Картаны компас бойынша бағдарла(Ориентирование карты по компасу) — Картаны компас бойынша бағдарлау картаны дол бағдарлау үшін қолданылады. Картаны алдымен жуықтап бағдарлайды. Содан соң компасты қартаға, оның лимбісінің нөлдік диаметрі карта жақтауының бүйір жағымен сәйкес келетіндей етіп орналастырады. Егер компастың магнит меңзерінің бұрылуы бөлігі аз болса (3 градус), онда ол есепке алынбайды.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Карта офицера. И. Д. Помбрик, Н. А. Шевченко. 1985г
2. Проведение занятий по начальной военной подготовке. И. Г. Назимка, Ф. С. Штыкало. 1990г
3. Бастапқы әскери дайындық.. А. Тасболатов. К Аманжолов. Алматы. «Алматы» 2007ж
4. Атлас офицера. Москва. Военное топографическое управление.
5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Әскери іс. Алматы. «Мектеп» 2007ж
Лекция №13. Ұрыс құжаттарында қолданылатын шартты белгілер.
Сұрақтар:
Басқару бекеті және байланыс құралдары. Марш, барлау және қорғау. Бөлімдердің орналасуы және әрекет етуі. Атыс қаруы және артиллерия. Брондалған техника, автомобиль, тікұшақтар. Инженерлік құрал және құрылымдар. Техникалық қамтамасыз ету және тыл бөлімдері. Жаппай жою қаруы.
Достарыңызбен бөлісу: |