Лекция №1. Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық Сұрақтар



бет28/33
Дата12.11.2022
өлшемі305 Kb.
#157846
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Далалык фортификациялық құрылымдар

Жаппай қыру қаруы. Қазіргі кезде шет мемлекеттер армияларының жаппай жою құралдарына ядролық, химиялық және биологиялық қарулар жатады. Олар қысқа мерзімде, кең аумақтағы саны көп адамдар мен хайуандарды зақымдауға қабілетті. Сонымен қатар ядролық қару ғимараттарды, құрылыстарды және басқа да объектілерді қиратуы мүмкін.
Жаппай жою қарудың (ЖЖҚ) басқа қаруға қарағанда өз ерекшеліктері болады:
- зақымдаушы факторларының (ЗФ) әсер етуінің көлемдігі;
- ЗФ әрекетінің ұзақтығы;
- кең аумақтағы адамдарды зақымдауға қабілеттілігі;
- үлкен моральдық-психологиялық әсер етуі;
- әскерлердегі жеке құрамның, халықтың арнайы қорғануының, техниканың, түрлі объектілер мен жергілікті жерді дезинфекциялау, газсыздандыру, дезактивациялау жүргізудің қажеттілігі.


Қолданылған әдебиеттер:
1. Карта офицера. И. Д. Помбрик, Н. А. Шевченко. 1985г
2. Проведение занятий по начальной военной подготовке. И. Г. Назимка, Ф. С. Штыкало. 1990г
3. Бастапқы әскери дайындық.. А. Тасболатов. К Аманжолов. Алматы. «Алматы» 2007ж
4. Атлас офицера. Москва. Военное топографическое управление.
5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Әскери іс. Алматы. «Мектеп» 2007ж


БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
Лекция №14. Әскери құрылым жүйесіндегі басқару және байланыс.
Сұрақтар:
Әскери бөлімдегі байланыс пен басқарудың мәні және міндеттері. Байланыс бөлімдері. Байланыс құралдары. Қозғалмалы және белгі беруші байланыс құралдары.
Жауап: Әскери бөлімдегі байланыс және басқарудың мәні және міндеттері.
Байланыс (связь) – байланысты ұйымдастыру амалдары мен құралдарының жиынтығы, сондай-ақ осылардың көмегімен бүрықтарды, үкімдерді, хабарламаларды, сигналдар мен басқа да хабарларды жеткізу мен қабылдау. Байланыс – ұрыста әскерлерді басқарудың негізгі құралы. Байланыстың үзілуі басқарудың жоғалуына әкеліп соқтырады. Ұрыс кезіндегі байланыстың маңызды міндеттер: командирдің бағынышты әскерлерді тұрақты басқаруын қамтамасыз ету және олардан хабарламалар алу; әр түрлі әскер түрінің, арнайы әскерлер мен көршілердің бөлімшелері туралы бірлесе қимылдаушы бөлімдердің жауынгерлік іс-әрекеттерінің үйлестірілуін қамтамасыз ету; әскерлерге қарсыластың әуе және ядролық шабуылы туралы уақытында хабарлау; әскерлерді тылдық және техникалық жабдықтауды үздіксіз басқару. Қазіргі уақыттағы ұрыстарда байланысқа қойылатын негізгі талаптар: оның дер кезінде орнатылуы, оның шапшандығы мен үздіксіздігі, жұмысының жасырын жүргізілуі.(4)
Командир жауынгерлер мен бөлімшелер (машиналар) қимылын белгілер мен пәрмендер бере отырып басқарады. Пәрмен дауыстап, радио немесе телефон арқылы беріледі (мысалы: «Взвод шабуылға дайындал!»). Дабыл беру үшін радио арқылы берілетін шартты белгілер (мысалы: «Шабуыл», белгісі-«333», «Әуедегі қарсылас –«555», т. б. түрде берілуі мүмкін), сондай –ақ ракеталар, әр түрлі дыбыс құралдары (ысқырық, сирена, металды соғу және т. б.) қолданыладыжәне жалаумен, қолмен, шаммен (фонарьменҚбелгі беріледі. Жалаулар (40см ағашқа бекітілген 32х22см өлшемді тікбұрышты кесінді) екі түсте (сары және қызыл) қолданылады. Сары жалау орнына ақ жалау қолданылуы мүмкін.Қол шамдардың үш түсі (ақ, қызыл және жасыл)қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет