Лекция №2 Жүру мен жүгіру техникасының негіздері
Сабақтың мақсаты: Жеңіл атлетикалық жаттығу түрлері
Сабақтың міндеті: 1. Сауықтыру. 2. Тәрбиелеу. 3. Білім беру
Жеңіл атлетикалық жаттығулардың түрлерінің бірі – жүріс. Жарыстарда спорттық жүріс түрі өткізіледі, ол – техникасы бойынша ең күрделі, сонымен бірге ең тиімдісі. Спорттық жүріс жай жүруден жоғары қарқындылықты, сондай-ақ жоғарылатылған энергетикалық шығынды талап етеді. Осыған байланысты спорттық жүру саябағы спортшының ағзасына айтарлықтай ықпал етеді, оның ішкі орындары мен жүйелері нығайып, күштің дамуына жағымды әсер етеді, әсіресе төзімділікті, ерік-жігерді тәрбиелейді. Спорттық жүрісте жоғары жетістікке ерісу үшін дұрыс техникаға байланысты бір адамның қозғалысының қадамы 0,27-0,33 секундта орындалады. Спорттық жүрістің тездігі 2-2,5 рет жай жүрістен көтеріледі. Ол қадамның жиілігі және ұзындығына байланысты. Жай жүрісте қадамның ұзындығы 80-90см, ал спорттық жүрісте 105-120см, қадамның жиілігі жай жүрісте минутына 110-120 қадам болса, ал спорттық жүрісте минутына 180-200 қадам және оданда көбірек. Жүрістің жоғары темпіне қарамастан, жүрушінің қадамы ұзынырақ болуы керек. Бірақ қадамның өте ұзындығы энергияның көбірек жұмсалуына, техниканың төмен меңгерілуіне алып келеді.
Жүру бойынша жарыстар ашық алаңның жолында және жай жолдарда (даңғыл, қала, ауылдық жерлердегі жолдарда) 3-км, 50км қашықтықта өткізіледі.
Жүру бойынша жарысқа қатысушылар спорттық жүру техникасының ерекшеліктерін - жолға жанасуды бір сәтте де жоғалтпау керек. Бұл ережені бұзған жағдайда төреші тарапынан спортшы жарыстан шеттетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |