Лекция №1 Жеңіл атлетиканың теориясы мен әдістемесі



бет4/18
Дата20.12.2021
өлшемі101,59 Kb.
#104054
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Жеңіл атлетика лекция жинағы

Жүгіру - спорттың көптеген түрлері кіретін (футбол, баскетбол, қол добы және т.б.) ең көп таралған дене шынықтыру жаттығуларының түрі. Жүгірудің алуан түрлерінің айтарлықтай саны жеңіл атлетикалық әртүрлі түрлерінің органикалық бөлігі болып табылады. Жүгіру кезінде бүкіл организмнің жұмыс істеу қабілетіне жоғары талаптар қояды, өйткені жұмысқа барлық бұлшық ет топтары тартылады, жүрек-тамыр, тыныс алу және басқа да жүйелердің қызметі күшейіп, зат алмасу айтарлықтай артады.

Жүгіру жылдамдығы мен арақашықтықтың ұзындығын өзгерте отырып, төзімділік, жылдамдық, шапшаңдықтың дамуына ықпал етеді. Жүгірумен сабақ үдерісінде спортшылар өзінің күшін есептей білуі, кедергілерді жеңумен бірге ерік қасиеттері тәрбиеленеді.Жеңіл атлетиканың барлық спорт түрлерінің ішінде жүгіру – барлық мүмкіндіктерді қамтитын

денешынықтыру жаттығуы. Жеңіл атлетика бойынша жарыстарда жүгіру мен эстафеталардың әртүрлі түрлері жетекші орын алады.

Жеңіл атлетикада жайдақ жүіру,кедергіге және қолжауғаулы (эстафета) мен табиғи жағдайдағы жүгіру сияқты түрлері болады.

Жайдақ жүгіру белгілі бір арақашықтық пен уақытта (сағат тіліне қарсы қозғалу ) жүгіру жолында шеңбер бойымен өткізіледі. 400м-ге дейін жүгіру

әрбір желаяқ үшін жеке жолдар бойынша өткізіледі. Белгіленген арақашықтықты жүгіріп өтуге жұмсалған уақытты электрохронометр немесе секундомерге жазып алады. Сағаттық немесе екі сағаттық жүгірудегі жүгіру ұзақтығы уақытпен шектеледі, ал нәтижесі осы уақыт ішінде өткен, метрдегі арақашықтықтың ұзындығымен анықталады.

Тосқауылдармен, жүгірудің екі түрі бар:

1. Арақашықтық бойынша біркелкі қойылған бір типті тосқауылдармен 50м-ден 400м-ге дейін жолда тосқауылдармен жүгіру

2. Стадионның секторларының бірінде суы бар шұңқыр және тосқауыл қойылған жүгіру жолдарында тосқауылдармен (стипль-чез) 3000м-ге жүгіру.

Қолжалғаулы жүгіру ( эстафеталық ) –бұл арақашықтығы кезеңдерге бөлінеген командалық жүгіру. Қолжалғаулы жүгіру мақсаты-ең жоғары жылдамдықпен қолжалғауды (эстафетаны) сөреден мәреге дейін, бір-біріне бере отырып, алып өту. Кезеңдердің (ұзындығы біркелкі (қысқа және орта арақашықтық) және әртүрлі (аралас арақашықтық) ұзындықта болуы мүмкін. Қолжалғаулы жүгіру көбінесе стадионның жолында өткізіледі, және кей кездері-қаланың көшелерінде өткізіледі.

Табиғи жағдайдағы жүгіру 15км-ге дейінгі арақашықтықта өткізіледі, ал ең ұзын ара қашықтық-жолдарда, даңғылдара өткізіледі. Жеңіл атлетикадағы ең үлкен арақашықтық-марофондық (42км 195м), сондай-ақ елді мекендер арасында дәстүрлі жүгіріс өткізіледі, мысалы: Тарасовка-Москва (28км), Пушкин-Ленинград (30км).

Секіру кедергілерден өту тәсілі ретінде қысқа мерзімді, бірақ барынша жүйке-бұлшық ет, күштерімен сипатталады. Жеңіл атлетикалық секіру сабақтарында өзінің денесін игере білу мен күш салуын жетілдіру, күш, жылдамдық, ептілік және батылдық дамытылады. Секірулер-аяқтың және дененің бұлшық еттерін нығайту ең теңдамулы жаттығулардың бірі және жеңіл атлеттер үшін өте қажет секіре, қарғи білуді бекітеді, ол басқа спорт түрлерінің өкілдері әсіресе футболл, волейболл, баскетболшылар үшін өте қажет.

Жеңіл атлетикалық секіру екі түрге бөлінеді: 1. тік тосқауылдар арқылы биіктікке секіру және сырықпен секіру; 2. көлденең тосқауылдар арқылы-ұзындыққа секіру және үш дүркін секіру. Секірудегі жетістіктер метр мен

сантиметрмен өлшенеді. Жүгіріп келіп секіруденбасқа, жаттығу кезінде бір орыннан биіктікке секіру, ұзындыққа және үш дүркін секіру пайдаланылады.

Үш дүркін секіру және сырықпен секіру жарыстарға әйелдер қатыспайды: өйткені оларды орындау кезінде әйелдердің ішкі орындарында ауытқулар болуы мүмкін.



Лақтыру-арнайы снарядтарды (жабдықтарды) серпу мен лақтырудағы жаттығулар. Лақтыру нәтижелері метр және сантиметрмен өлшенеді. Лақтырулар қысқа мерзімді болуымен сипатталады, бірақ барынша жүйке-

бұлшық ет күші жұмсалады, оған қолдың иықтық белдеудің, кеуде мен

аяқтардың бұлшық еттері тартылады. Жеңілатлетикалық жабдықтарды ұзаққа лақтыру үшін күштің, жылдамдықтың, ептілік пен өзінің күшін үйлестіре, жұмылдыра білуді дамытудың жоғары деігейі қажет. Лақтырумен айналысу осы жоғарыда айтылған маңыздықабілеттерді дамытып қана қоймай,сонымен бірге дененің бұлшық еттерінің дамуына септігін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет