Лекция №1 Жеңіл атлетиканың теориясы мен әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Студенттің денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау
Сабақтың міндеті: 1. Сауықтыру. 2. Тәрбиелеу. 3. Білім беру
Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі жасөспірімдерді тәрбиелеуде олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті тұлға ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр жасөспірімнің денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтын басты шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.
Білім беру жүйесінің алдында маңызды міндеттерінің бірі – салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркеңиетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда.
Спорт пен денсаулық қазіргі заманның ең маңызды да, өзекті мәселелерінің бірі. Жасөспірімдердің аз қозғалыстағы тірішілік бейнесі олардың өскелең өмір жолдарында рухани және дене дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан мектеп оқушыларын спорттық қызмет жүйесіне баулу және де олардың жан-жақты дамуына, сондай-ақ дене шынықтыру мен спортпен айналысуына мүмкіндік жасау қажет.
Қазақстан Республикасында дене тәрбиесінің негізі ретінде ойындар мен жарыс сипатындағы қимылды жаттығулар тек дене күштерін арттыру ғана емес, ата-бабаларымыздың ұлттық психологиялық болмысы мен тәлім-тәрбиесін, рухани адамгершілік сипаттары мен мәдени құндылықтарын өзара ішкі бірлікте денсаулық сақтау межесіне жету мақсатын көздеген.
Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтудың бірден-бір жолы дене шынықтыру және қозғалыс белсенділігі. Елімізде жас ұрпақтын дене тәрбиесіне өте үлкен көңіл бөлініп, мектептерде дене шынықтыру сабақтарымен ғана шектеліп қоймай, спорттық үйірмелер көптеп қолға алынуда. Сондай-ақ мектеп оқушыларының жан-жақты дамуына, сондай-ақ дене шынықтыру мен спортпен айналысуына мүмкіндік жасалуда.
Қазіргі кезеңдегі мектептердегі дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы ұлттық тәрбиенің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын
дамытуды негіздейді. Мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беру теориялық қана емес, сондай-ақ практикалық бағыттауда қарастырылу керек.
Себебі, студенттің кәсіби тұлғалық білім мен шеберлік қасиеттерінің қалыптасуына тікелей ықпал етуі тиіс. Сондықтан оқушы жастардың дене тәрбиесі процесі педагогикалық қызмет саласындағы жасөспірім үшін болашақта жеке тұлғаның қарым-қатынас мәдениетінде көрініс алады және де жастарға дене тәрбиесін беруші оқытушылардың рухани санасы мен дене мәдениеті жоғары талапқа сай болуы тиіс.
Қазіргі таңда спорттың дамуының жаңа сатысында спорт жетістіктерінің жоғары деңгейде өсуіне байланысты жоғары мамандандырылған спорт ойыншыларын дайындау бүгінгі күннің негізгі талабы. Спорттың жеңіл атлетика түрі - жүзу, жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларын біріктіретін және көп сайысты спорт түрі. Жоғары дене шынықтыру оқу орындарында жеңіл атлетика – оқу - ғылыми пән ретінде және спорттың осы түрінің теориясын және практикасын, сондай-ақ оның оқыту әдістемесін қамтиды.
«Атлетика» сөзі грек тілінен келіп шыққан және ол - күрес, жаттығу дегенді білдіреді. Спорттың бұл түрі бойынша жарыстар Ежелгі Грецияда олимпиада ойындарында болып өткен. Ежелгі Грецияда атлеттерді дене күші мен, ептіліктермен жарысқан спортшыларды атаған. Бүгінгі таңда атлеттер - күшті, денесі жақсы дамыған спортшылар.
«Жеңіл атлетика» - ауыр атлетикаға қарама - қарсы жеңіл атлетикалық жаттығуларды жеңіл орындаудың сыртқы әсерге негізделген - шартты атауы. Франция, Румыния, Оңтүстік Америка елдері сияқты бірқатар елдерде жеңіл атлетиканы жай атлетика немесе жолда және далада орындалатын жаттығулар деп таниды. (АҚШ, Зеландия, Австралия, Англия).
Жүгіру, секіру жаттығулары жасөспірімдерді физикалық жақтан дайындаудың негізі. Жеңіл атлетика бес бөлімнен: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру мен көпсайыстан тұрады, ол өз кезегінде көптеген түрлерге бөлінеді.
Жеңіл атлетикалық жаттығулар адамның ағзасына (организміне) жан-жақты ықпал етеді. Ол жаттығулар күшті, жылдамдықты, төзімділікті, буындардағы ширақтықты жақсартады, ерік қасиетін тәрбиелеуге, қимыл дағдыларының шеңберін күшейтуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда денені шынықтыру дайындығы әсіресе жас кезде қажет. Сабақтарда жеңіл атлетикалық жаттығуларды кеңінен пайдалану ағзаның жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттыруға жоғары жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |