Лекция №1 Жеңіл атлетиканың теориясы мен әдістемесі



бет15/18
Дата20.12.2021
өлшемі101,59 Kb.
#104054
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Жеңіл атлетика лекция жинағы

Тапсырмалар


  1. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамыту тәрбиесіндегі жеңіл атлетика жаттығуларының маңыздылығы

  2. Жасөспірімдердің жаттығу ерекшеліктері

  3. Спорттық жаттықтырудың ережелері мен заңдылығы

  4. Жылдық жаттығу, оның көпжылдық процессте қолданылуы

  5. Жаттығу принциптері, олардың өзара байланысы

Лекция№13 Балға лақтырудың техникасын талдау және үйрету әдістемесі

Сабақтың мақсаты: Дене мүмкіндіктерін дамыту әддістерін үйрену

Сабақтың міндеті: 1. Сауықтыру. 2. Тәрбиелеу. 3. Білім беру
Жоспары:


  1. Жүгіру техникасын оқыту әдістемесі

  2. Күшті дамыту

Жүгіру техникасын оқытуда жаттығу аз уақытты алуы мүмкін (15-20 секунд). Мысалы, 150 метрге жүгіру. Максималь тездік бірден 20 метрге жүгіру нәтижесі бойынша анықталады. Бұл нәтиже денесі жақсы дамыған ұл балаларда 5,8 – 6,7 м/с, ал қыздарда 5,7 – 6,1 м/с құрайды.

Сүреден 30 метрге жүгіргенде бұл тездік төмен болады. Себебі сүреден шығу кезінде тездікті жоғарылата алмайды. Ал 60-100 метрге жүгіргенде тездік жоғары болады. Себебі жүгіру жылдамдығы жоғарылап тездік артады (30 метрге салыстырғанда). Бірақ бұл 20 метрге жүгірген тездіктен кем болады. 80-120 метрге жүгіргенде тездік максималь тездіктің 90%- құрайды. Аз уақыт ішінде интенсивтілігі жоғары жұмысқа бейімделуі үлкен адамдарға қарағанда басқаша болады.

Егер үлкеңдерге жақын аралық қашықтыққа жүгіргенде жүректің минуттық соғуы 30-40 қа көбейеді. Ал балаларда бұл жоғары. Мысалы, стартта жүректің соғуы минутына 100-105 болса, бірінші 2 секундта ол 20-ға жоғарылайды, екінші 2 секундта тағы 10-ға көбейеді (көтеріледі). Жүгіруден соң жүректің соғуы 4-6 секундқа дейін жоғарылайды және 1 минутта 160-170 рет соғады. Кейін дене тез өзіне келе бастайды. Бірінші 10 секундта 10-15 ке төмендейді. Дененің өзіне келу тездігі жас және жыныс ерекшелігі мен жас балалардың жұмыс көлеміне бейімделуіне байланысты болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет