Әдебиеттер
Жеңіл атлетикадан төрешілік ету және ұйымдастыру М., ФиС, 2000
Жеңіл атлетикаға арналған жаттығулар және машықтану Алабина М., ФиС, 1986
Жүгіру, секіру, лақтыру. Ломан И. Г. М., ФиС, 1684
Балалардың, жасөспірімдердің анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері
Оқу-жаттықтыру процесінде әйелдер ағзасының ерекшеліктері
Жүру мен жүгіру жүктемесінің дұрыс таңдалуы
Сауықтыру жұмыстарын дамытуда жеңіл атлетика түрлерінің қолданылуы
Лекция№12 Сырықпен секіру техникасын талдау және үйрету әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Жеңіл атлетика жаттығу әдістерін үйрену
Сабақтың міндеті: 1. Сауықтыру. 2. Тәрбиелеу. 3. Білім беру
Жоспары:
Жеңіл атлеттердің дайындық түрлері, олардың өзара байланыстары
Жүгіріп келіп лақтырудың техникасын үйрету
Жеңіл атлетика сабағында орташа жұмысқа шыдамдылық, тездік, күш сапасы дамытылады. Бұл сапалар оқушылардың жан-жақты дамуында өте маңызды. Шыдамдылықты дамытуға ұзақ аралыққа 500, 1000, 1500 метр кроссқа жүгіру кіреді. Шыдамдылықты дамыту үшін әр түрлі әдістер қолданылады. Қысқа аралықка қайталап жүгіру (50, 100 метр), сондай-ақ өте ұзақ аралыққа өзгермелі жүгіру (арасында адымдап жүріп). Бір қалыпты жүгіруді кем-кемнен бір минуттан 5-6-7 метрге дейін жалғасуға болады.
Шыдамдылықты дамытуда скакалкамен секіру көмегін тигізеді. Секіруді бір минуттан кем-кемнен екі минутқа дейін жеткерсе болады. Тездікті дамыту үшін қайталап жүгіру пайдалы болады.
30-40 метрге 1 сағатта 3-5 рет қайталау арқылы аралығында 40 секундқа дейін алады. 60 метрге қайталап жүгіру 1 сағатта 2 рет орындалады, қайталау аралығында 1-2 минут дем алады. Әр түрлі тездікте 20-30 метрге жүгіру қалаған Сүреден жүгіру мүмкін. Бұлардың барлығы оқушыларға бағдарламадағы талапты орындауда көмегін тигізеді.
Шыдамдылық пен тездікті дамыту үшін қолданатын әдістердің бірі – бұл жүгіруді, секіруді қолданып айналатын әрекетті ойындар. Сондай-ақ әртүрлі эстафеталар қолданылады. Тездік күш сақтаса әр түрлі секіру жаттығуларын орындау арқылы дамытылады.
Жеңіл атлетикада бағдарланған әрекет сапаларын дамыту үшін жаттығулар әртүрлі әдістерде орындалады. Жаттығулардың қайталануы оқушылардың мүмкіншіліктеріне сай сабақта өсіп баруы тиіс.
Ескерту: Жеңіл атлетика жаттығулары түрлерін үйрету тәртібі кейбір әдістер 4, 5, 6-сыныптар үшін беріледі. Кейінгі сыныптарда бұл әдістер бағдарламаға негізделіп мұғалім керек деп тапқан өзгерістермен терең жетілдіріп барылуы мүмкін. Үйрету және жетілдіру оқушылардың дене дайындығына, жас ерекшеліктеріне, жеке ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.
6-сыныпта оқушылар жүгіру техникасын биіктікке секіру және жүгіріп екпін алып ұзындыққа секіру және кішкене допты 4-6 қадам аттап жүгіріп ұзақтыққа жүгіріп өту. Бір қолды таянып стартта екпін алып жүгіру және аралық жүгіруге өту. Бір қолды таянып стартта тұру жоғары Сүренің бір түрі. Бір қолмен жерге таянады, екінші қол кейінге жіберіледі.
Мұндай жағдай алғашқы тездікті тез күшейтуге көмегін тигізеді. Сүренің бұл түрі эстафетада жүгіргенде және төменгі стартты үйрену үшін көмекші жаттығу сипатында қолданылады. Бұл жаттығуларды орындағанда мынадай қателер кездесуі мүмкін: аяқтар мен қолдардың иілуі мен бөксе төмен түсіңкіреуі, кеуденің көп ентерілуі.
Жүгіруші сүреден бастап жүгірумен бірінші адымды аяқты жоғары жібереді (бұл сан, бұлшық еттері көмегімен болады). Бұл кезде табан жермен параллель қозғалуы тиіс. Бірінші адым күшті және тез орындалуы қажет. Жерге түсу аяқтың ұшынан бастап орындалады.
Кем-кемнен адым кеңейе бастайды. Адымдардың максималь қайталану шегіне жеткеннен кейін тездіктің өсуі және тұрақтылығы қадам арасына үлкеюі есебінен болады. Осыдан кейін аралық бойынша жүгіруге өтеді. Сүреден шығып күш алу кезінде кеуде алға ентерілген жағдай да болады. Мұның техникасы кем-кемнен жетілдіріледі.
Сүреден шығып күш алуға және аралық бойынша жүгіруді үйрету кезінде мына жаттығулар орынлады.
1. 30/50 метрге тездікпен жүгіру.
2. Бірден ең жоғары тездікте 20-30 метрге жүгіру.
3. 50 метр аралыққа ең жоғары тездікпен жүгіруді қайталау
(2-4 рет 1-2 минут демалады).
4.Жүгірудің тездігін арттыратын бұрынғы көмекші
жаттығулар орынлады.
Жүгіру жаттығуларын орындаған кезде дене жағдайының дем алу, (осанка) қол әрекетінің дұрыстығына және дұрыс дем алуына ерекше көңіл бөлінеді.
Сүреден күш алып шығуды үйренген оқушылар төмендегі қателерді жіберулері мүмкін: уақытынан бұрын денені тіктеп жіберуі, бірінші адымды кеңінен аттауы, аяқты кеңінен алғанда іркіліңкіреп қалуы.
Бұл қателерді түзету үшін төмендегі жаттығуларды қолданады:
1.Сүреден шығатын адамнаң беліне скакалканы байлап
артына ұстап тұрып қарсылық көрсетеді.
2.Сүреден шығатын адам тұрып (екінші адам) иығына
қолдарын тіреп тұрады. Бұл жағдайда сүреден шығатын
адам бірден тіктеле алмайды және күшпен күш алу
мүмкіншілігі артады. Сондай-ақ қадам кеңдігі алдын-ала
белгіленіп қойылған кеңдік бойынша жүгіру аралығы
тұзетіледі.
Жүгіріп келіп лақтырудың техникасын үйретуді алғаш 2 қадам аттап лақтырудан басталған дұрыс болады. Әрекет 2 санақпен (1/2 орындалады). Бір дегенде адым оң аяқтан басталады (өкшеден). Допты ұстаған қол иықты бұрыңқырап (жоғарыға) кейінге жіберіледі. Бұл кезде қолдың дұрыс кейінге көтерілуі тексеріледі. Екі дегенде сол аяқ қолға қойылады (өкшеден). Лақтырушы қолмен бір уақытта иық алға қарап әрекет етеді.
Сол аяқты қоюмен бірге көкірекпен жоғары алға жылдам әрекет істеледі және оң жанымен алға әрекет орындалады. Кейін лақтыру 3 қадамнан үйреніледі. Бұдан кейін қысқа аралықтан жүгіріп күш алып лақтыру үйретіледі (4-6 қадам). Алғаш жүгіріп күш алып сана бойынша үйретіледі, кейін адымның тездігі арттырылады.
Кішкене допты 10-12 метрден нысанаға лақтыру. Алғашқы жағдайы төменге карап жатады. Доп оң қолға алынады. Жерге таянып қолды көкірекке тартады. Қолды таянып оң аяқты кейінге ысырып сол тізеде тұрады және бір уақытта доп ұстаған қолды кейінге қарап сермейді. Оң аяқпен күш алып көкірекпен нысанаға қарай бұрылып алға еңтеріледі және допты лақтырады.
Кедергіден аса жүгіру.
VІ-сыныпта мыналар орындалады: көкіректе жатқан жағдайда сүреден шығады. 1,5 метрге жүгіріп биіктікке 1,5 метр болған дуалдан асырылып өтеді (қалаған әдіспен). Биіктігі 50 см болған үсті бастырылған жолмен жатып жүреді (пластунски). Қыздар үшін дуалдан асырылып өту жаттығуы берілмейді.
Әдебиеттер
Жеңіл атлетикадан төрешілік ету және ұйымдастыру М., ФиС, 2000
Жеңіл атлетикаға арналған жаттығулар және машықтану Алабина М., ФиС, 1986
Жүгіру, секіру, лақтыру. Ломан И. Г. М., ФиС, 1684
Достарыңызбен бөлісу: |