Лекция №1 Жеңіл атлетиканың теориясы мен әдістемесі


Лекция 15. Көп сайыстағы жаттықтыру әдістемесі. Жаттығу әдістері



бет18/18
Дата20.12.2021
өлшемі101,59 Kb.
#104054
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Жеңіл атлетика лекция жинағы

Лекция 15. Көп сайыстағы жаттықтыру әдістемесі. Жаттығу әдістері.
Сабақтың мақсаты: Жаттығу әдістері және оны қолдану әдісстемелерін үйрену.

Сабақтың міндеті: 1. Сауықтыру. 2. Тәрбиелеу. 3. Білім беру


Жоспары:

  1. Жаттығу әдістері

  2. Оқушылардың күшін жан-жақты дамыту


Жаттығулардың сабақтан тыс түрлері өзгермелі сипатта болады. Бұларды жекелеген оқушылар дене жаттығуларының дербес түрі ретінде, сондай-ақ түрлі мөлшердегі топтар үшін да пайдалануына болады.

Оқушылардың күшін жан-жақты дамыту үшін әр түрлі көлемді жұмыс істеу қажет. Бұл үшін әр бір топ бұлшық еттерді дамытатын жаттығуларды пайдалану, әр түрлі көлемдегі жұмыстарды істеуге үйрету, динамикалық күштерді дамыту (бірден пайда болатын күш, старттағы күш, орташа күш, тас көтерудегі күш т.б.) қажет. 10-13 жастарда дене жаттығулар әсерінде дененің әр түрлі бұлшық еттері жақсы дамиды. Сол үшін жұмыс көлемін жоғарылатып, ауыр заттарды жұптасып қарсылық көрсетіп орындайтын жаттығуларды орындаған жөн.

Дене жаттығулары айтарлықтай жеткілікті, олар өзінің бағыттылығы, міндеттері, мазмұны мен құрылымы жөнінен, оқушылардың құрамы, өту уақыты мен жағдайы жөнінен, сондай-ақ қайсыбіреудің басшылығымен немесе өз бетімен өткізілуіне байланысты ерекшеленеді.

Балалардың күшін дамыту үшін динамикалық әрекеттердегі жаттығуларды пайдалану қажет. Бұлар тартылу, өрмелеу, аяқтарды реттестіріп көтеру, қолдарды жерге таянып ию және көтеру, қолды тепе-тендікте гантел көтеру т.б. жатады. Оқушылардың күшін дамытудың негізгі әдістерінің бірден-бір күш мүмкіндігіне қарап жоғары салмақтағы жүктің мұғдары оқушылар бірнеше рет қайталап көтеретін мұғдарда болуы тиіс. Мысалы, қолдар, аяқтар, дене (арқа мен қарынның бұлшық еттері) үшін арнаулы жаттығулар орындалады.

Максимал күшті дамыту үшін ең жоғарғы жұмыс көлемі пайдаланылады. 10-11 жастағы балалар үшін денесінің 1 ауырлықтағы салмақты көтеру.

12-13 жастағылар үшін 1 салмақтағы жаттығуды орындау тапсырылады. Бұлар бұлшық етке күшті әсер етеді. Сондықтан мұндай жаттығулар жоғары деңгейдегі дене дайындығынан қолданылады. Жаттығуды қайталау аралығы (демалыс) 4-8 минут болуы тиіс. Бұл жаттығулар сабақтын негізгі бөлімінде орындалады.

Көбінесе олар салыстырмалы түрде алғанда шектеулі мазмұнымен және қарапайым құрылымымен сипатталады (мысалы, сауықтыратын жүгіріс, тазалық гимнастикасы, дене тәрбиесінің минуттары мен үзілістері), бірақ жеке бастаманың, дербестіліктің болуын талап етеді. Міндеттері, мазмұны, сонымен қоса, жаттығудың нақтылы түрінің таңдап алынуы айтарлықтай дәрежеде оқушылардың мүдделерімен және бейімділіктерімен айқындалады.

Сабақтан тыс жаттығулардың біразы белсенді демалыс, денсаулығын нығайту мен қалпына келтіру, жұмыс қабілетін сақтау, дене қабілетін дамыту, спорттық қозғалыстарын жетілдіру, т.б. мақсатта жүргізіледі. Сондай-ақ, сабақтан тыс жаттығулар мақсатты бағыты бойынша да өзгешеленеді (жалпыдайындық және арнаулы).

Оқушылардың күш жылдамдығын дамыту дене тәрбиесінде өте маңызды. Бұл үшін өз салмағының 20%-ке тең салмақтағы тасты көтеріп жаттығуды үлкен жылдамдықта орындаған жөн. Жаттығу 6-8 рет қайталанады. Қайталау аралығыңда дем алу уақыты қысқа болуы тиіс. Бұндай ретпен орындалған жаттығулар жүгіруде, секіруде, әсіресе лақтыруда керек болатын күш техника сапасын дамытады.

4-5 сыныптарда күш шыдамдығын дамытатын жаттығуларды беруге болады. Бұл гимнастикалық шынығыұ жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларын үйретуге көмегін тигізеді. Көбінесе динамикалық әрекеттердегі жаттығулар пайдаланылады. Мысалы, отырып тұру, тартылу, жоғарыдан төменге секіру (жүмсақ жерге), өз салмағының 20-40% салмақтағы тасты көтеру т.б. Жаттығу 0,5-1,5 минуттан соң бірнеше рет қайталанады. Дене дайындығы жақсы оқушыларға жоғары көлемдегі жұмыс берілуі мүмкін. Максималь күшінің 50-60% жұмсайтын жаттығу 8-10 рет қайталанады және 1,5-3 минут дем алады.



Күш жұмсап орындалатын жаттығуларды бергенде ер балалар мен қыздардың ерекшеліктерін есепке алу қажет. Себебі ер балаларда 11-14 жаста, қыздарда 8-12 жасында дененің күшті дамуы байқалады. 10-11 жастан 14 жасқа дейін қыздарда салыстырмалы күш (дене салмағына % есебіне) ер балаларға қарағанда кеш дамиды. Сондықтан қыздар үшін жұмыстың көлемін кемітіп олардан күш мүмкіншілігіне қарай жаттығуларды талап еткең жөн. Әр тапсырманы берген де олардың жеке өзгешілігі есепке алынады.

Әдебиеттер



  1. Жеңіл атлетика жаттықтырушыларының кітабы. Хомснкова Л. С. М.,ФиС, 1984

  2. Жеңіл атлетика кітабы Маркова Ю. Л. М., ФиЯ, 1982

  3. Жеңіл атлетикадан төрешілік ету және ұйымдастыру М., ФиС, 2000

Тапсырмалар

  1. Үйрету кезінде арнайы жаттығуларды дұрыс қолдана білуге, және сабақ беру дағдысын жетілдіру әдістері

  2. Лақтыру алыстығы спортшының дене қабілетінің дамуы

  3. Арнайы және дайындық жаттығуларын дұрыс қолдана білу, оқыту әдістері

  4. Әйелдер мен балаларға үш дүркін секіру техникасын үйрету әдістемесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет