3. Метрология дегеніміз не, оның негізгі бөлімдері мен міндеттері қандай? Метрология - өлшеу әдістері мен құралдарының бірлігін қамтамасыз ететін және қажетті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым. Метрология грек тілінен аударғанда «метро» - өлшем, «логос» - білім деген мағынаны білдіреді. Метрология ғылым және тәжірибелік қызмет саласы ретінде ерте заманда пайда болған. Ежелгі орыс өлшеу жүйесінің негізін ежелгі грек өлшем бірліктері салған, ал олар өз кезегінде Ежелгі Греция және Римнен алынған. Әрбір өлшем жүйесінің өзіндік ерекшеліктері болған, олар сол дәуірмен және ұлттық дәстүрмен байланысты болды.
Метрология қажетті өлшеу дәлдігі, өлшем бірліктері, физикалық шама бірліктерін қамтамасыз етуге бағытталған өлшеу әдістері, эталондары, өлшеу құралдары және өлшеу зертханаларына қойылатын мемлекеттік талаптарды қарастырады.
Метрология обьектілері бірлік шамасы, өлшеу құралдары, эталондар, өлшеуді орындау әдістері. Өлшеу бірыңғайлығы - өлшеу қателігі белгіленген мөлшермен айқындалып, заңдастырылған өлшем бірліктерімен көрсетілген өлшеу жағдайы. Әртүрлі жерде, әртүрлі уақытта әртүрлі әдіс пен өлшеу құралдарын қолданып, алынған өлшеу нәтижелерін салыстыру үшін, өлшем бірліктері қажет. Метрологияның басты мақсаты – өлшем бірлігі мен қажетті дәлдікті қамтамасыз ету.
Метрологияның басты міндеті – өлшеулердің бірлігін қамтамасыз ету. Оны орындау үшін екі басты шартты орындау керек:
-өлшеу нәтижелері заңдастырылған бірліктермен көрсетілуі керек;
-өлшеу мен шектер нәтижелерінің белгіленген қателіктері берілген,ықтималдықтан шықпауы керек.
4. Ұғымдар нені білдіреді: өлшем бірлігі, метрологиялық қамтамамыз ету? Кез келген ғылым белгілі бір ұғымдар жиынтығынан, заңдылықтардан тұратындығы белгілі. Физика ғылымы да сондай. Оның негізін құрайтын жалпы теориялық ұғымдар мен құбылыстарды үш топқа бөліп қарастыруға болады. Олар: 1) физика ғылымының қаңқасын құрайтын энергия, масса, өріс, күш деген тәрізді іргелі ұғымдар; 2) физиканың әр саласына, атап айтқанда, «кинематика», «динамика», «жұмыс және энергия», «инерция» - тарауларына тән ұғымдар мен 3) «механика» және «оптикаға» қатысты негізгі ұғымдар.
Физика ғылымында барлық шамалар векторлық және скалярлық шама болып екіге бөлінеді. Векторлық шамаларға: күш, жылдамдық, орын ауыстыру, үдеу, салмақ, қозғалыс жатса, скалярлық шамаларға: жұмыс, энергия, масса, қуат, уақыт, температуралар жатады.
Метрологиялық қамтамамыз ету міндеттері;
1) өлшеу нәтижелерін өңдеу, өлшеуді орындау, метрологиялық жағдайдағы техникалық құралдарды қолдау, техникалық құралдарға сәйкес процесстерді қамтамасыз ету: әдістерді құрастыру, бақылау мен сынау, өлшеудің процестерін жоспарлау: жобалық конструкторлық және технологиялық құжаттармен метрологиялық сараптау, өлшеудің дәл нәтижелерінің сандық көрсеткіштері мәні мен номенклатураны таңдау.
2) жөндеу жағдайындағы өлшеу құралдарын қолдау, бақылау мен өлшеу, сынауды өткізу мен жоспарлау, метрологиялық сараптау, дәлдік нормалары, өлшеуіш параметрлердің рационалды параметрлерін таңдау.
Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету - бұйымдар өндірісінде қажетті, бұйымдар, технологиялық процестер және құрал-жабдықтар сипаттамаларының берілген дәлдігін анықтауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық шараларының комплексі.
Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің баптарын кеңінен енгізу негізінде жүргізіледі.
Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету төмендегідей ережелер мен баптарға сәйкес жүргізіледі:
- өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің мемлекеттік стандарттары;
- өндірісті технологиялық тұрғыдан дайындаудың бірыңғай жүйесінің мемлекеттік стандарттары;
- сала және кәсіпорындар үшін өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету ережесін белгілейтін салалық стандарттар, кәсіпорын стандарттары, ұйымдастыру-әдістемелік және өндірістік құжаттар.
Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша жұмыстар бұйымды құрастыруға арналған бастапқы құжаттарды алу кезеңінен бастау алады және кәсіпорынның конструкторлық, технологиялық , метрологиялық немесе басқа да қызметтері арқөылы орындалады.