5. Физикалық шама дегеніміз не, оның өлшемі, бірлігі, ақиқат және нақты шамалары? Табиғаттағы құбылыстарды бір-бірімен салыстыра сипаттау үшін физикалық шамалар деп аталатын айрықша терминдер колданылады. Олардың бірі - уақыт, екіншісі - журілген. жол, үшіншісі - жылдамдың. Бұларды физикалық шамалар деп атайды.
Физикалық шаманың өлшемі – берілген объектінің “физикалық шама” деген ұғымға сәйкес алынған қасиетінің мөлшерлі мәні.
Әрбір физикалық шаманың өлшем бірліктері (қысқаша бірліктері) болады. Мысалы, ұзындық бірлігі - метр, температура бірлігі - градус. Қысым, салмақ, масса, куіи, жылу өткізгіштік, электр өткізгіштік, жарық жылдамдыгы сияқты физикалық және астрономиялық шамалар.
Физикалық шамалардың бірліктері – бұл белгілі өлшемдегі ФШ, оның өлшемі бірге тең, ол біртекті ФШ-ды мөлшерлі түрде беру үшін қолданылады. ФШ бірліктерінің өлшемдері мемлекеттік метрологиялық басқармалардың заңға сәйкес бекітілген жолдарымен қойылады. Физикалық шамалар жүйесінде негізгі шамалардың символдары қолданылады.
Қазіргі уақытта дүние жүзінің көптеген мемлекеттері халықаралық бірліктер жүйесі – SI жүйесіне біріккен.
6. Берілу деңгейлері қалай анықталады: абсолютті нөл, абсолютті, салыстырмалы және өлшеу Электр байланысы техникасындағы сигналдардың қуатын немесе кернеуін бағалау үшін берілу деңгейлері деп аталатын салыстырмалы логарифмдік бірліктер енгізілді. Беру деңгейлері не неперлерде (Нп), не децибелдерде (дБ) өлшенеді. Бірақ байланыс желілерінде жаңа жабдықпен бірге электр параметрлерінің нормалары неперлерде берілген жабдық пайдаланылатындықтан, табиғи логарифмдер – неперлер негізінде логарифмдік бірліктерді қолдануға уақытша рұқсат етіледі.
Өлшеу практикасында телекоммуникацияда абсолютті және салыстырмалы беріліс деңгейлері қолданылады.
Абсолютті деңгейлер. Абсолютті қуат, кернеу және ток деңгейлерін ажыратылады.
Қуаттың абсолютті деңгейі – электр тізбегінің өлшенген нүктесіндегі сигналдың белсенді қуатының логарифмдік бірліктерде көрсетілген 1 мВт белсенді қуатына қатынасы.
Салыстырмалы деңгейлер. Тарату жолындағы сигналдың күші мен кернеуінің өзгеруін бағалау үшін салыстырмалы қуат пен кернеу деңгейлері қолданылады.
Қуаттың салыстырмалы деңгейі дегеніміз – тарату трактінің өлшенетін нүктесіндегі қуаттың жолдың басындағы немесе шартты түрде басы ретінде қабылданған, логарифмдік бірліктерде көрсетілген сигналдың қуатына қатынасы: