Лекция 3 1. Өлшеу процесінің элементтері. Өлшеу – бір қатар құрылымдық элементтердің өзара қарым-қатынасын қамтитын күрделі процесс. Оларға жататындар: өлшеу мақсаты мен міндеті, өлшеу объектісі, қағидасы, әдісі. Өлшем құралы және үлгісі, өлшеу жағдайлары, өлшеу субъектісі, өлшеу қателіктері мен нәтижелері. Өлшеу әдістері дегеніміз – нақты бір өлшеу міндет үшін таңдалған өлшеу қағидалары мен құралдарын пайдалану іс-әрекеттерінің жиынтығы.
Тікелей бағалау әдісі арқылы өлшеген кезде шаманың ізделетін мәні сәйкес бірліктерде градуирленген өлшем құралының есептеуіш құрылғысы бойынша анықтайды. Салыстыру әдістерінің ерекше белгісі өлщемнің өлшеу процедурасына тікелей қатысуында. Тікелей бағалау әдісінде өлшем өлщеу процесіне қатыспайды, оның мөлшері градуирлеу кезінде өлшем құралына алдын ала өлшеуіш құрылғысына беріліп қояды. Салыстыру әдісі кезінде салыстыру құрылғысы міндетті болуы қажет. Өлшеммен салыстыру әдісінің бірнеше түрі бар – нөлдік әдіс, дифференциалды әдіс, алмастыру әдіс, сәйкес келу әдіс. Нөлдік әдіс – салыстыратын құрылғыға өлшенетін шаманың нәтижелі әсер етуі эффектісі мен шаманың қарама-қарсы әсері нөлге келтірілетін өлшеммен салыстыру әдісі. Дифференциалды әдіс - кезінде толық теңестіру жасалмайды, ал өлшенетін шама мен өлшемнің жңғыртатын шамасының арасындағы айырма аспап шкаласы бойынша есептеледі.Дифференциалды әдіс дене температурасы мен қаттылығы сияқты шамаларды өлшеуде пайдаланылмайды. Алмастыру әдісі- өлшенетін шаманы өлшемнің жаңғыртатын белгілі шамасымен алмастыру арқылы өлшеммен салыстыру әдісі.Сәйкес келу әдісінде өлшенетін шама мен өлшеммен жаңғыртылатын шама арасындағы айырма шкала белгілерінің немесе периодты белгілердің сәйкес келуін пайдалану арқылы өлшейді.
2. Өлшемдердің классификациясы Өлшеу классификациясы: а) Бақылау саны бойынша: бір ретті өлшенетін өлшеулер – бір рет орындалатын өлшеу. Бұл өлшеудің кемшілігі дөрекі қателікті мүмкіндігі; көп ретті өлшенетін өлшеулер – нәтижесі бірнеше өлшеуден алынатын яғни бірнеше біррет өлшенетін өлшеулерден тұратын бір мөлшердегі физикалық шамаларды өлшеу; Көбінесе олардың саны n ≥ 3. Көпретті өлшенетін өлшеулер өлшеу нәтижесіне әсер ететін кездейсоқ факторлар әсерін азайту үшін қолданылады. б) дәлдік айырмашылығы бойынша: дәл өлшеулер – дәл СИ жүйесі бойынша бірдей шарттарда орындалған шаманы өлшеу тәртібі; дәл емес өлшеулер – СИ жүйесімен дәл емес және әртүрлі шарттармен орындалған шаманы өлшеу тәртібі; в) өлшеу нәтижесінің түрі бойынша: абсолютті өлшеу – бір немесе бірнеше шамаларды тікелей өлшеу және физикалық коснтант мәндерін қолдануға негізделген өлшеу; салыстырмалы өлшеу – шаманың бірлік қызметін атқаратын бір аттас немесе бір шаманың екінші шамадан өзгеруін есептеу; г) өлшеу нәтижесін алу тәсілі бойынша: тікелей өлшеу – ізделінді физикалық шаманың мәнін тікелей тыс шамалардың қатысынсыз алынатын өлшеу; жанама өлшеу – бұл ізделінді физикалық шаманың мәнін басқа физикалық шамаларды өлшеу арқылы алынатын өлшеу; жиынтық өлшеу – бір уақытта жүргізілетін ізделінді өлшем шамасы теңдеулер жүйесін шешу арқылы анықталатын бірнеше өлшеу шамаларын өлшеу; бірлескен өлшеу – бұл бір уақытта жүргізілетін бір немес бірнеше, біртектес емес шамалардың арасындағы байланыстарды анықтайтын өлшеу; д) өлшенетін физикалық шаманың өзгеру түрі бойынша: статикалық өлшеу – уақыт бойынша өзгермейтін нақты өлшеу тапсырмасына сәйкес алынатын физикалық шаманы өлшеу; динамикалық өлшеу – өлшемі бойынша өзгеретін физикалық шаманы өлшеу; е) қолданылатын өлшеу құралдарының метрологиялық тағайындалуы бойынша: техникалық өлшеу – жұмыстық өлшеу құралдарының көмегімен өлшеу; метрологиялық өлшеу – физикалық шаманың бірліктерін жұмыстық өлшеу құралдарына өткізу мақсатымен эталондық өлшеу құралдар көмегімен өлшеу; Өлшеу нәтижелері шама мәнін текжуықтап қана бағалайды, өйткені тіпті ең дәл өлшенетін құрылғылар өлшеу шамасының нақты мәнін көрсете алмайды. Өлшеуге әр түрлі факторлар әсер ететіндіктен міндетті түрде өлшеу қателігі болады. Олар өлшеу әдісі өлшеу жүргізілетін құралдар және бақылаушының қабылдауына тәуелді. Өлшеу нәтижесінің дәлдігі – өлшеу нәтижесінің қателігінің 0-ге жақындығын білдіретін өлшеу сапасының мінездесмесінің бірі. Өлшеу қателігі қаншалықты төмен болса дәлдігі соншалықты жоғары болады.