Жүрек қан-тамыр жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері Жаңа туылған нәрестенің жүрегінің салмағы дене салмағының қанша пайызын құрайды? **0,8% Жаңа туылған нәрестенің жүрек қарыншаларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері: **Сол және оң қарыншалардың қабығының қалыңдығы бірдей Құрсақ ішінде артериалдық (Боталдық) өзек қандай тамырлар арасында орналасқан? **Қолқа мен өкпе артерияның арасында Құрсақ ішінде жүрек бөлімдерінің арасындағы байланысты белгілеңіз: **Жүрекше аралық пердесіндегі сопақша тесік Жаңа туылған нәрестенің пульс жиілігі 1 мин: **140-160 рет 5 жастағы баланың пульс жиілігі 1 мин: **100 рет Туа біткен жүрек ақаулары Кіші қанайналыс шеңберіне ауыртпалық түсіретін іштен біткен жүрек ақауы: **Ашық артериалдық (Боталдық) өзек Кіші қанайналыс шеңберіне ауыртпалық түсіретін іштен біткен жүрек ақауы: **Жүрекшеаралық перденің дефектісі Кіші қанайналыс шеңберіне қанның аз келуімен сипатталатын іштен біткен жүрек ақауы: **Өкпе артериясының стенозы Ірі тамырлардың толық транспозициясында: **Қолқа оң қарыншадан, ал өкпе артериясы сол қарыншадан шығады Саусақтары мен башпайларының ұшы домбығып, тырнақтары көгеріп және «сағат әйнегі» тәріздес томпаюы қандай іштен біткен жүрек ақауының клиникалық белгілері? **Тетрада Фалло Іштен біткен жүрек ақауларының асқынуына жатады: **Септикалық эндокардит Іштен біткен жүрек ақауларының диагностикасына жатады: **Эхокардиография Іштен біткен жүрек ақауларының негізгі емі: **Хирургиялық ем Жіті ревматикалық қызба Жіті ревматикалық қызба ауруында қандай ұлпа зақымдалады? **Дәнекер ұлпасы Жіті ревматикалық қызбаның этиологиясы: **β-гемолитикалық стрептококк А тобы Жіті ревматикалық қызбаның рецидивтері қандай аурулардан кейін пайда болады? **Ангина, фарингит Жіті ревматикалық қызбамен қандай жастағы балалар жиі ауырады? **Мектеп жасындағы Жіті ревматикалық қызба ауруында зақымдалады: **Жүрек, буындар, жүйке жүйесі Ревматикалық полиартриттің ерекшеліктері: **Симметриялы ірі буындар қабынады, буындардың қабынуы артынан ешқандай өзгерістер болмайды Жіті ревматизімде теріде болатын өзгерістер: **Сақина тәрізді (аннулярлық) эритема Кіші хореяда қандай жүйе зақымдалады? **Жүйке Кіші хореяның негізгі клиникалық белгілері: **Гиперкинездер, гипотония Гиперкинездер – **Бұлшықеттердің өздігінен жиырылуы Қыз 13 жаста. Созылмалы тонзиллитпен ауырады. Екі апта бұрын баспамен ауырған, кейін қолдар мен аяқтардың дірілдеуі, жүрістің бұзылуы, эмоциялық беріксіздік пайда болды. Зерттеу кезінде: координацияның бұзылуы және бұлшықет гипотониясы. Болжамды диагноз: **Кіші хорея Жіті ревматикалық қызбадағы қан талдауындағы өзгерістер:
A. Лейкоцитоз, ЭТЖ артуы Жіті ревматикалық қызбадағы қанның биохимиялық өзгерістері: **С-реактивті ақуыз шығады Ревматикалық кардиттің диагностикасында қандай аспаптық зерттеу жүргізіледі? **Фонокардиография Ревматикалық кардиттің диагностикасында қандай аспаптық зерттеу жүргізіледі? **Эхокардиография Жіті ревматикалық қызба емдеуінде негізгі қолданылатын дәрі-дәрмек: **Ацетилсалицил қышқылы Ревматикалық полиартритте тағайындайды: **Диклофенак Ревматикалық қызба кезiнде ауырсынудың тез тоқтауы қандай препараттарды қолданғанда байқалады? **Қабынуға қарсы стероидты емес Жіті ревматикалық қызба емдеуінде қолданылатын антибиотиктер: **Бензилпенициллин, бициллин Хорея емдеуінде қолданылады: **Бром препараттары Бициллин-5 қалай енгізіледі? **Айына 1 рет Хорея емдеуінде қолданылатын физиотерапия: **Электроұйқы Жіті ревматикалық қызба ауруының алдын алу үшін қандай дәрі-дәрмектер тағайындайды? **Бициллин Жіті ревматикалық қызбаның емдеу сатыларын белгілеңіз: **Аурухана – емхана - санаторий Жіті ревматикалық қызба ауруында қан айналысы бұзылған жағдайда қандай диета тағайындалады? **№10 диета Жіті ревматикалық қызбамен ауырған баланың диспансерлік бақылауын кім жүргізеді? **Жалпы тәжірибе дәрігері (педиатр), ревматолог