Анықтауыш
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің ішінде жасалу жолы жағынан күрделі мүшелердің бірі – анықтауыш. Анықтауыш сөйлемде зат есім мен зат есімнің орнына қолданылған есімдердіңтүрлі сынын, сапасын анықтайды. Анықтауыштың сұраулары: Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші? Кімнің? Ненің?
Анықтауыш (атрибут) заттардың әр түрлі сындық сапасын: түсін, түр – тұрпатын, көлемін, санын, салмағын білдіреді. Анықтауыш қызметінде жұмсалатын негізгі сөздер – сын есімдер, зат есімдер, есімдіктер және есімшелер.
Сөйлем құрамында анықтауыш негізінен, сөйлемнің бастауышына қатысты болады, адан басқа есімнен болған толықтауыш, баяндауыштарды да анықтай алады.
Қандай сөз табынан жасалғанына байланысты анықтауыштың мағыналары да әр түрлі болады. Соған байланысты негізгі екі топқа бөлуге болады. 1) сапалық анықтауыш
2) меншіктік анықтауыш
Сапалық анықтауыштарға сын есім, сан есім, есімдік, есімше, атау тұлғалы зат есімдерден болған анықтауыштар жатады.
Құрамына қарай анықтауыш дара, күрделі және үйірлі анықтауыш болып бөлінеді. Анықтауыштар бір ғана емес, әлденеше сөзден де құралады. Олар өзара берік байланыста тұрған сөз тіркестері болып келеді. Анықтауыштардың бір тобы атрибуттық қатынаста тұрып, күрделіанықтауыш деп аталады. Мұндай анықтауыштың құрамындағы сөздердің алдыңғысы соңғысын анықтап барып, түйдекті тобымен басқа зат есімді анықтйды.
Мыс: ұзын бойлы жігіт, ақ сақалды кісі, ұзын бұрымды қыз.
Енді бір топтағы анықтауыштар өз ішінде предикаттық қатынста тұрып, үйірлі анықтауыш деп аталады. Мұндағы есімдер өзара анықтауыштық ыңғайда айтылмаған, бірі бастауыш, бірі оның баяндауышы ыңғайында айтылған. Үйірлі анықтауыштар сол тобымен басқа заттарға тікелей қатысты болып тұрады.
Мыс: жасы үлкен кісі, бойы ұзын жігіт.
Күрделі анықтауыштар анықталатын заттардың шоғырланған тіке сапасы ретінде жұмсалады. Мұндай анықтауыштардың құрамындағы сөздер өзара қабыса және матаса байланысып, әр түрлі сөз таптарынан құралады: ат жақты, мақпал қара шашты, қызыл күрең, қазақ халқының тойы, кер маралдай кербез.
Үйірлі анықтауыштар анықтайтын сөздерін басқа заттардың сапалары арқылы білдіреді. Үйірлі анықтауыштар тобының құрамындағы сөздердің бір сыңары зат есім, жіктеу, өздік есімдіктері болады да екінші сыңары сын есім, есімше және бар, жоқ, аз, көп деген сөздер болады.
Мыс: түсі суық адам, аласы аз көз, талабы жоқ бала, достары көп адам. Күрделі және үйірлі анықтауыштар сөйлемде дауыс ырғағы жағынан да бір ритмикалық топ болып келеді. //қыс айында кісі аяғы жете қоймайтын// алыс ауылдарға осы хабар дүнкілдеп естіліп жатты.
Достарыңызбен бөлісу: |