Сөздің тек мағынасында өзгеріс болатындықтан, бұл тәсіл лексика-семантикалық тәсіл деп аталынады. Бұл тәсіл де көне заманнан бері қолданылып келеді.
Тіліміздегі ақ деген сөз түсті білдіретін сын есім сөз екені белгілі: ақ орамал, ақ жаулық, ақ көйлек сияқты қолданыстар әбден таныс. Осы ақ сөзінің тілде толып жатқан мағынасы бар:
Ақ (сын есім) – адал мағынасын береді. Мысалы: Ақ жүрген адам азбас.
Ақ (зат есім) – сүт, айран, қатық, қымыз, шұбат, яғни, сүт өнімдері.
Ақ (затесім) – ақиқат, шындық.
Бұл мағыналар тілде қатар қолданылып, омоним жасаған.
Лексикалық-семантикалық тәсіл арқылы зат есімге заттану арқылы көшкен сөздер өте көп: бүлдірген, ағарған, қорған, қамал, айтыс, қоршай, ақ, жетісі т.б.
Зат есім сөздердің ішінде өзіне басқа мағынаны қосып алып, екінші сөздің қызметін атқарып жүрген сөздер де аз емес. Мысалы,
құн – экономикалық термин,
екпін, шылау, үстеу – тіл білімі терминдері,
теңеу, әңгіме, суреттеу - әдебиет терминдері,
тербеліс, қозғалыс – физика терминдері,
көбейту, қосу, үшбұрыш – математика терминдері.
Дұрысында, лексика-семантикалық тәсiлдi бiр шеңберде қарауға болмайды. Қай кезде де бiр тiлден екiншi тiлге талай сөздер ауысып, олар өзi енген тiлдiң лексикалық құрамын байытып, қажетiн өтеп отырады. Бірақ лексикалық-семантикалық тәсілде сөз мағынасының өзгеруіне байланысты ол үнемі бір сөз табынан екінші бір сөз табына ауыса бермейді, сондықтан лексикалық-семантикалық тәсілдің өзіндік іштей айырмасы бар:
сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі;
сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей, өз сөз табының құрамында қалуы.
Сөз ешбір тілдік бірліктің көмегінсіз, дыбыстық құрамын сақтай отырып, мағынасын өзгертіп, басқа сөз табына көшеді. Мысалы, қорған, айтыс, жарыс, бірге, біреу, басқа, өзге т.б.
Бұл сөздердің дәл осы тұлғада, осы құрамда тілде басқа мағыналары бар және ол мағыналары алғашқы негізгі мағыналарына жатады. Олар:
қорған, айтыс, жарыс – етістік,
бірге, біреу – сан есім,
басқа – сын есім,
өзге – есімдік.
Жоғарыдада келтірілген мысалдарда осы сөздердің:
1) қорған, айтыс, жарыс - зат есімге;
2) біреу –есімдікке;
3) бірге, басқа, өзге – сын есімге көшкен мағыналары келтірілді. Сондай-ақ:
Достарыңызбен бөлісу: |