Лекция №1 Тақырыбы Сурдопедагогика жалпы негіздері Жоспары


Лекция№ 10. Тақырыбы:Есту қабілеті бұзылған балалардың сөздік дамуының ерекшеліктерінің мінездемесі



бет54/63
Дата04.03.2022
өлшемі117,44 Kb.
#134300
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63
Лекция№ 10.
Тақырыбы:Есту қабілеті бұзылған балалардың сөздік дамуының ерекшеліктерінің мінездемесі
Жоспар:
1.Есту қабілеті бұзылған балалардың сөздік дамуының ерекшеліктерінің мінездемесі, сөздік қорының бай, сөздік фонетикалық жағын және грамматикалық құрылымын калыптастыру. 1.Есту қабілеті бұзылған балалардың сөздік дамуының ерекшеліктерінің мінездемесі, сөздік қорының бай, сөздік фонетикалық жағын және грамматикалық құрлымын қалыптастыру.
Сөйлеу тілін дамыту нашар еститін және естімейтін балалардың тілдік бұзылулары мен қарым-қатынас жасаумен байланысты кедергілерді жеңуге бағытталған түзету жүйесінде маңызды орын алады. Сөйлеу тілін дамыту жұмыстары сөз құралы арқылы қарым-қатынас жасауға және қоршаған ортаны тануды қалыптастыруға бағытталады. Балалар тілін дамыту түрлі жағдайларда: тұрмыста, бала іс-әрекетінің әр түрлі процестерінде (ойын, бейнелеу, құрастыру, жапсыру, еңбек), қоршаған ортамен танысу кезінде, сөйлеу тілін дамытуға арналған сабақтар мен бағдарламаларда және отбасында іске асады. Тілді дамытуға бағытталған арнайы сабақтардың жұмысы келесі бағыттарды жүргізіледі: сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту және сөз мағынасымен жұмыс, сөйлеу тілінің әр түрлі формаларын қалыптатыру (ауызша, жазбаша, дактильді), сөйлеу іс-әрекетін жөнге келтіру, қарапайым тілдік бақылаулар жүргізу.
Даму мүмкіндігі шектелген балалардың сөйлеу тілін дамыту процесндегі жекелеген жұмыстар әдетте байланыстырып сөйлеуді қалыптастыруға, сөздің грамматикалық құрылымына және дұрыс дыбыстауға (фонетикаға) үйретуге бағытталады. Дыбыстауды оқыту барысында балада сөз арқылы қарым-қатынас жасау қажеттілігі пайда болып, сөздің дыбысталуының дұрыс нұсқасына мейлінше жақын анық сөйлеуі қалыптасады.
2.Сөздің енжарлығындағы және белсенділігіндегі дамуының сәйкестігі, сөздік функциясының дамуындағы негізгі ерекшеліктері: қарым-қатыныс функциясы, танымдық, қалпына келтіру функциясы.
Сөздің дұрыс қабылдануы мен айтылуында коррекциялық маңызды тапсырмалар шешіледі, бұл жұмыстың басты мақсаты нашар еститін және естімейтін балалардың сөздің қабылдауы мен дұрыс айтылуын қалыптастыру болып табылады.
Есту арқылы қабылдауды дамыту нашар еститін және естімейтін мектеп жасына дейінгі балалардың қалып кеткен естуді дамыту: балалар сөздік және ым-ишара материал арқылы оқытылады. Дамып келе жатқан есту қабілеті арқылы, көру есту есі қабылдауы жаңартылып ауызша сөйлеу, сөздік коммуникациясы жаңартылып қалыптасады. Сондай-ақ сөздік қоры арқылы нашар еститін және естімейтін балалардың танымдық функцияларын дамытып, қоршаған ортаға бейімделуін жақсартады. Мұндай жұмыстар жеке және топтық коррекциялық жұмыстар кезінде жүргізіледі.Онда мұғалімнің дактильді немесе ауызша сөздерді қолданып отыруы тиіс.Сонымен қатар, арнайы түзету мен тәрбиелеудің жеке бағдарламасы құрылып, оны ауытқуы бар балалардың даму процесінде қолдануға үлкен көңіл бөлініп отыр. Қазіргі таңда есту мүшесінде ауытқуы бар балалардың ата-аналарымен қарым-қатынасын анықтау үшін сабақ барысында сұрақ-жауап әдістемесі арқылы баланың ата-анасымен қандай қарым-қатынаста екенін байқауға болады. Ата-аналарды түзету процесіне қатыстыру қажет. Баланың балалар ұжымына кіріп, олармен жақсы қатынасқа түсуіне көмек жасау Қазіргі уақыттағы зерттеулерді қараса, балалардың ауытқуы, түзету педагогикалық жұмыстарын ерте бастаған кезде, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамдық тәжірибелерді меңгеруі, басқа балалармен қатынастары жақсы дамиды екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет