Лекция №1 Тақырыбы



бет21/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51
Байланысты:
кож лекция

Спорыньямен улану. Мұндай улану қалталы саңырауқұлаққа жататын, Clavices purpurea саңырауқұлағымен уланғанда байқалады. Бұл саңырауқұлақ мәдени дәнді дақылдар мен шабындықтарда өсетін дәнді өсімдіктерді зақымдайтын өте қатал тоғышар. Дәнді дақылдардың ішінде қара бидай жиі зақымданады. Сондай дақылдардың диірмен қалдықтарымен малдарды азықтандырғанда улану байқалады. Өсімдік жауынды жылдары көп өседі де, малдардың онымен уланулары да жиі кездеседі. Егістіктерде агротехникалық іс-шараларды дұрыс жүргізгенде дәнді дақылдардың зақымдануы да аз болады.
Малдарға спорыньяның 6 жұп алкалоиды улылық әсер етеді. Олар: эргокристин, эргокриптин, эргокорнин, эрготамин, эргозин және эргометрин. Ертеректе жеке алккалоид деп саналып келген эрготоксин, шын мәнінде үш алккалоидтан – эргокристиннен, эргокриптиннен және эргокорниннен тұратыны дәлелденген. Алкалоидтардан басқа оның құрамында – метиламин, триметиламин, гистаминдер бар. Алкалоидтардың жинақталуы біркелкі болмайды. Оған сыртқы факторлар әсер етеді. Сондықтан да оның улылығы әр кезде әртүрлі болып кездеседі. Алкалоидтардың шабындықтағы дақылдарда көбірек болатыны дәлелденген.
Малдардың ішінде шошқалар, ірі қара малдары және құстар сезімтал болып келеді. Малдар негізінен спорыньямен ластанған ұнмен, кебекпен, астық қалдықтарымен азықтанғанда уланады. Ал төлдер аналық малдың сүті арқылы да улануы мүмкін.
Спорыньямен уланғанда пайда болатын ауру эрготизм деп аталады. Оның жіті және созылмалы түрлері бар. Жіті түрінде негізгі клиникалық өзгерістер ас қорыту және жүйке жүйелері жағынан болады. Ауыр жағдайда уланған мал тез арада өліп кетуі мүмкін.
Уланудың созылмалы түрінде шеткергі ағзаларда құрғақ гангрена дамиды – құстардың айдаршасы мен сырғасы; ірі қараның құлағы, аяқтарының бақайлары, құйрығының үші, емшектері өлі еттенеді; артынан түсіп қалады. Сондай жағдай терілердің кейбір жерлерінде де болады.
Емі. Малдың рационын тазалайды. Жылқылардың асқазанын сумен, танинның ерітіндісімен жуады. Іш өткізетін, құстыратын препараттарды қолданады. Кілегейлі қайнатпаны, байланыстыратын заттарды береді. Уланудың клиникасына қарсы: дірілдеп-қалшылдауға қарсы – хлоралгидратпен клизма қояды; депрессияда – кофеинді, кафораны терінің астына жібереді. Хлорлы кальций, глюкоза ерітінділерін венаға жібереді. Тиісті антибиотиктерді қолдануға болады.
Сақтандыру шаралары. Ұн, кебек құрамында 0,2 %-дан жоғары спорынья болғанда қауіпті болып келеді. Егістіктің таза болуын қадағалау керек. Ол үшін егінді егу технологиясын қатаң сақтау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет