Лекция №1 Тақырыбы


Нитриттер мен нитраттарды анықтау



бет27/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51
Байланысты:
кож лекция

Нитриттер мен нитраттарды анықтау. Ол үшін бірнеше реакциялар бар. Олардың сапасын анықтау әдістері:

  1. Пробиркаға немесе фарфор ыдысына 10-15 тамшы концентратты күкірт қышқылын алады да, оған дифениламиннің кішкентай кристалигін салып, ерітеді. Содан кейін оған тексерілетін заттың сықпасының 1-2 тамшысын тамызады. Егер онда нитрит немесе нитрат болатын болса, онда ол көк немесе қаракөк түске боялады.

  2. Азықты жақсылап талқандайды, стақанға салып сондай мөлшерде дистилденген су құяды. Оны 15-20 минутқа қойып қояды. Содан кейін одан 2 мл сығындыны алып стақанға құяды да, оған 3 мл Грисса реактивін қосады. Егер сығындыда нитрит болатын болса, онда ол қызғылт немесе қызыл түске боялады.

  3. Колбаға 10-15 г тексерілетін материалды салады да, оған 3-5 тамшы күкірт қышқылын қосады. Одан кейін колбаны күкірт қышқылындағы 1 % дифениламин ерітіндісінің ілінген тамшысы бар сағат әйнегімен жабады. Егерде тексерілетін материалда нитрит болатын болса, онда ілінген тамшы көк түске боялады. Ал нитраттар реакцияға кедергі жасамайды.

  4. Қызылшадағы ниртриттерді анықтау үшін жаңа кесілген қызылшаның кесіндісіне дифениламиннің бірнеше кристалигін салады да, оны концентратты күкірт қышқылының бірнеше тамшысымен ылғалдайды. Интенсивті көк түс нитриттің көп екенін, қызғылт түс - әжептәуір екенін, ал боялмағанда – аз екенін немесе жоқ екенін көрсетеді.

Нитриттер мен нитраттардың сан мөлшерін де анықтайтын әдістер бар. Ол әдістер тәжірибе барысында алынған нәтижені стандарт көрсеткіштермен салыстыру арқылы анықтауға негізделген. Ондай әдістерді арнайы анықтамалардан оңай тауып алуға болады. Біз үшін уланудың диагнозын білуге нитриттер мен нитраттардың бар-жоғын білу жеткілікті болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет