Лекция №1 Тақырыбы


Мақта күнжарасындағы госсиполды анықтау



бет28/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Байланысты:
кож лекция

Мақта күнжарасындағы госсиполды анықтау. Мақта күнжарасындағы госсиполдың мөлшерін Королевтің және микрохимиялық әдістер арқылы анықтауға болады.
Королевтің (анилин) әдісі бойынша ұсақталған күнжараның 50 г мөлшерінен су ваннасында күкіртті эфирмен экстракт жасайды (45-50º температурада, уақыты 18-20 сағат). Алынған экстрактыны сүзеді де, оның фильтратына 0,5 мл таза анилинді қосады. Егер фильтратта госсипол болса, онда ол анилинмен реакцияласады. Осыдан кейін ерітіндіні қалған эфирден тазалайды, суытады, әбден суығаннан кейін оған 2 мл пиридинді қосады. Ыдысты жақсылап тығындап бір тәулікке қалдырады. Осы уақытта дианилин-госсипол кристалы тұнбаға түседі. Тұнбаны сүзіп алып 1 сағатқа 50-55ºС-дегі кептіргіш шкафқа қояды Одан кейін эксикаторда суытып, өлшейді. Осылай тұнбадағы дианилин-госсиполдың салмағын анықтайды. Дианилин-госсиполдың молекулалық салмағы 668, ал бос госсиполдың молекулалық салмағы 531. Олай болса алынған салмақты 0,795-ке (531 : 668 = 0,7949) көбейту арқылы госсиполдың мөлшерін анықтаймыз. Ол мөлшер алынған құрғақ заттың салмағына процент ретінде беріледі.
Микрохимиялық әдіс жылдамдатылған әдіс деп аталады. Ол әдіс арқылы мақта күнжарасындағы бос госсиполдың сан мөлшерін анықтауға болады. Ол үшін мақта күнжарасының әр жерінен аздаған материал алады да, оны жақсылап, ұсақ етіп ұнтақтайды. Одан шыныға 20 немесе 40 мг алады да 8-10 шыныға тең етіп бөледі. Оларды күкірт қышқылының 2-4 тамшысымен ылғалдайды да, жабынды шынымен жабады. Осындай әдіспен дайындалған препаратты көп кешіктірмей микроскоптың кіші үлкейткішімен қарайды. Әрбір препараттағы дөңгелек, сопақша келген, төңірегі айқын-қызыл түске боялған қара дақтарды санайды. Тексеруге алынған мөлшерден дайындалған барлық препараттардағы нүктелерді санап, бір мг күнжараға процент есебінде шығарады. Сол процент бос госсиполдың мөлшері есебінде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет