Лекция №1 Тақырыбы



бет2/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
кож лекция

Лекция № 2
Тақырыбы: Уланулардың жалпы жиынтық белгілері (синдромдары), оларды анықтау
1. Уланулардың жалпы жиынтық белгілері (синдромдары), оларды анықтау
2. Улануларды емдеу үлгісі және сақтандыру шаралары
1.Уланулардың жалпы жиынтық белгілері (синдромдары), оларды анықтау
Малдардың азық арқылы улануларымен нәтижелі түрде күресу үшін оларды дер кезінде анықтаудың маңызы өте зор. Бұл мәселені шешуде малдың өмірі мен ауруы туралы деректер - анамнез және лабораториялық зерттеулерімен қатар уланудың клиникалық белгілерінің ерекшіліктеріне көңіл аударған жөн.
Себептеріне байланысты улану өте жіті, жіті, жітілеу және созылмалы түрлерінде кездесед. Кейде өте күшті улардан малдар қолма – қол өліп кетуі де мүмкін.
Азықпен уланулардың клиникалық белгілері әртүрлі және күрделі болып келеді. Организм біртұтас болғандықтан удың әсері тек белгілі бір ағзаның қызметіне әсер етуімен шектелмейді, ол орталық жүйке жүйесі арқылы барлық организмге әсер етеді.
Уланудың жіті түрінің өзіне тән клиникалық белгілері бар. Олар:
1.Ас қорыту процесінің ауыр түрде бұзылуы: ауыз қуысынан сілекей ағады, құсады,іші өтеді, месқарыны кебеді, кейде нәжіс қатып қалады, шаншу құбылысы байқалады, нәжіс жалқаяқты болып келеді, тіпті қан аралас болуы да мүмкін. Теріде бөртпе пайда болады.
2. Кеннеттен жүйке жүйесінің қызметі бұзылады: қозу, тынышсыздану, тоқтаусыз ілгері қозғалу, дірілдеп – қплшылдау және т.б.
3. Көздің қарашығы үлкейеді немесе кішірейеді.
4. Дене қызуы көбінесе қалыпты жағдайда, кей кезде төмендеуі мүмкін.
5. Тыныс алу жүйесіне әсер ететін улануларда дем алу ритмі бұзылады, демікпе пайда болады.
6. Кейбір улы заттар бүйректер арқылы бөлінгенде оларды тітіркендіріп қабыну процесін тудырады. зәр шығарудың үдеуі немесе әлсіреуі мүмкін. Онда белок, кей кезде қан және тағы басқа да қосылыстар анықталады.
Улануларды саралауда әрбір ағзаларда кездесетін ерекше клиникалық белгілері көп көмек көрсетеді. Азықпен улануды анықтау үшін төмендегі мәселелерге көңіл бөлген жөн:
1.Аурудың аяқ астынан, кенеттен пайда болуы және бірден көп бас малды қамтуы;
2.Аурудың малды азықтарғаннан кейін немесе жайылымда пайда болуы;
3.Аурудың пайда болған уақыты;
4.Аурудың азықтың аусуымен сәйкес келуі;
5.Ұқсас аурадың басқа шаруашылықта бар – жоғы;
6.Азық пен судың сапасы;
7.Малдардың улы заттар сақталатын жерге бару және оларды жеу мүмкіншілігі.
Уланулардың жалпы жиынтық белгілеріне немесе синдромдарына төмендегідей өзгерістер жатады:
1.Малдың жалпы жағдайы: қозу, әлсіреу, салдану, қалтырау және т.б.
2.Ауыз қуысының кілегей қабығының жағдайы: улану, сілекей ағу;
3.Уланған малдың дене қызуының көрсеткіші;
4.Ас қорыту жүйесіндегі өзгерістер: шаншу құбылысы, іштің кебуі, іштің өтуі, нәжістің қатып қалуы және т.б.
5. Рефлекстердің өзгеруі, салдану:
6.Көз қарашығының жағдайы – үлкеюі немесе кішіреюі;
7.Жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы: қозу, қалшылдап – дірілдеу, көбінесе малдың артқы жағының салдану, дене қызуының қалыпты немесе төмен болуы, кілегей қабықтың құрғаюы, сілекей ағу;
8.Ас қорыту жүйесіндегі өзгерістер: сілекей ағу, кілегей қабықтың қызаруы, кейде бозарған, сарғыш түсті; ұсақ жаралардың пайда болуы; шаншу құбылысының байқалуы; қан аралас іштің өтуі;
9.Тыныс алу жүйесіндегі өзгерістер: жиі және үстіртің дем алу , демікпенің белгілері, кілегей қабығының көгеруі, көпіршікті жалқаяқтың бөлінуі, жүрек пен қан тамырлары жүйесінің қызметтерінің жеткіліксідігінің белгілері.
10.Терідегі өзгерістер: есек жемінің пайда болуы, ірінді безеу, ылғалды экземалар және некроздардың анықталуы.
Жоғарыда келтірілген мәселелерге дұрыстап көңіл аударсақ, онда ауруды дұрыс анықтап оны жан – жақты дәлелдеу онша оңайға түспейтін мәселе екенің байқалады. Олай болатыны көптеген улануларда клиникалық белгілері мен өлекседегі өзгерістері ұқсас болып келеді. Мұнда йжағдайда токсикологиялық зерттеудің маңызы зор.
Қазіргі малдәрігерлік лабораториларда уландырған заттардың құрмаын дәл анықтауға толық мүмкіншілік бар. Тек қана зерттеуге жіберілетін заттардың дұрыс алынуына және дұрыс жіберілуіне тиісті барлық ережені қатан сақтау керек. Ол ереженің негізгі талаптары:

  1. Лабораториға күдікті заттарды – ауырған немесе сойылған малдан алынған заттарды жібереді;

  2. Тексеруге үйілген азықтын әр жерінен 1 кг мөлшерінде алып жібереді;

  3. Ауырған малдың азық жеген жерінде азықтын қалдығын да анализге беру керек;

  4. Жайылымда уланған жағдайда оның өсімдігінің қалыпты жерінің 1 шаршы метр көлемінің шөбін толық шауып зерттеуге жібереді;

  5. Төгілетін азықтарды шыны ыдысқы; сұйық заттарды жақсы жабылатын банкілерге; шөпті, сабан қағаз пакеттерге салып жібереді;

  6. Әрбір жіберілетін заттың этикеткасында оның қасиеті мен алынған уақыты көрсетіледі;

  7. Лабораторияға негізгі күдікті заттардан басқа сол жерде кездескен бөгде күдікті заттарды да жібереді;

  8. Ауру малдардан лабораторияға құсықты, месқарының жынын, нәжісті, несепті; өлген малдардан қарының жынын, ішектердің өзгерген жерлерін, 500 граммдай бауырды өтімен, көкбауырды, бүйректерід, қуықты ішіндегі зәрімен жібереді;

  9. Бұл заттарға жолдама қағаз қоса жіберіледі. Онда жіберіліп отырған заттарға анықтама, аурудың пайда болу, даму ерекшеліктері, негізгі белгілері, өлекседегі өзгерістер және зерттеудің мақсаты көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет