Лекция №1 Тақырып. Жалпы және жеке патология негіздері



бет21/33
Дата11.09.2020
өлшемі145,3 Kb.
#77780
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Байланысты:
Лекция ЕДШ

Екінші кезеңде пайда болған доға латынның «8» әрпіне ұқсап қарама-қарсы жағында томен-деу екінші доға пайда болады. Бұл кезде омыртқа өзегінен алшақтап кеткен бұрыш 30°-қа тең бо-лады. Омыртқалардың бұралып, қабырғалардың сыртқа теуіп, бұлшық еттің білектей бұлтиып қалғаны аңғарылады. Науқасты жатқызып ңой-ғанмен не аздап созғанмен доға қалпына кел-мейді.

Үшінші кезеңде омыртқалар бір бөлігінде бұ-ралып, айқын екі үлкен доға пайда болады. Бұ-рыш 30—60 градусқа жетеді. Кекірек қуысы өз-геріп, қабырғалар шодырайып, бүкірлік байқа-лады. Бұл ішкі ағзаларды бүлдіріп, нерв талшық-тарының түбін зақымдайды, құяң ауруындағы белгілер пайда болады.

Төртінші кезеңде ауру асқынып, омыртқа жо-тасы бұрынғыдан бетер.қисайып, бұралып, адам-ды қатты өзгеріске түсіреді. Бұл кезде тек кеуде ғана емес, жамбас сүйегінде де өзгеріс білінеді. Омыртқа озегінің тік түзуінен алшақтаған доға-ның бұрышы 60 градустан жоғары болады. Нәти-жесінде көкірек қуысындағы ағзалар мен нерв жүйесі айтарлықтай зардап шегеді.

Сколиоз ауруының кезеңіне, белгісіне, себеп-теріне қарай әр түрлі емдеу.әдісі қолданылады. Оның ішінде операция (ортопедия), физиотерапев-тік ем (токпен емдеу), балшық, массаж сияқты түрлерін айтуға болады. Ең бір қажетті ем — ем-дік гимнастика кейінгі кезде өте жиі қолданы-луда.

Сырқаттың бірінші кезеңінде мектептегі бала-ларды арнайы медициналың топта немесе емха-наларда емдейді. Оларға басында жаттығулар-дың белгілі түрлерін қолданады. Ол денеге жақсы әсер етіп, тәуірленсе, спорттың кейбір түрлерін тағайындайды. Мәселен, суда жүзу, шаңгы тебу, ескек есу, спорттық ойындар.

Сколиоздың екінші кезеңінде емдік гимнастика медициналың мекемелерде мамандардың қада-ғалауымен өтеді.

Үшінші-төртінші кезеңдерде емдеу әдісі белгілі — мектеп-интернаттарда арнайы «қалыпқа» са-лып емдейді (гипс, төсек, т. б.).

Мүндай сырқатта тағайындалган емдік гим-настиканың мақсаты:

1. Ауруды әрі қарай асқындырмай, денені тік ұстауға дағдыландыру.

2. Иілген жақтағы қысқарып қалған бұлшық еттер мен сіңірлерді созып, доңес жақтагыларын бекіту.


Арнаулы түзету жаттығуларының алдында омыртқа жотасын босаңсыту.





а — алақаммен тізеге тіреліп туру; 6 — қолды шынтақтан бүгіп, басты төмен иіп, салмақты тізе мен алақанға тусіру; в — тізерлеп турып, қолды созып жіберіп, еденді алақанмен тіреу.

3. Кеуде мен арқа бұлшық еттерін ныгайтып, табиғи қүрсау жасау.

4. Өкпе-жүрек қызметін арттыру.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін жатты-ғулар көбінесе шалқадан, етпеттеп жатқанда, еңбектеп тұрғанда жасалады. Мұның өзі шыдам-дылық, тезімділікті арттырады. Омыртқа жота-сын түзетуге көмегін тигізеді. Ең негізгісі — мұн-дай жагдайда омыртқа жотасына салмақ аз тү-седі, бүлшық еттер толық босаңсиды (9-сурет).

Осы жагдайда түзету (коррекциялық) жаттығуларын орындау әлдеқайда ыңғайлы. Сол сияқ-ты омыртқа аралық шеміршек, сіңір созылып қал-пына келу үшін адам 15—20 минут көлбеу жазық-тықта жатса дұрыс болады. Ол үшін иектің ас-тынан арнайы ілгекпен тосектің жоғарғы басына тартып қояды (10-сурет).

Омыртқа жотасын түзетуде бір сызықпен жү-рудің, тыныс алудың маңызы өте зор. Денені тік ұстап, ішті тартып, басты салбыратпай, иықты төмен түсірмей жүруге дағдылану керек. Немесе басқа бір ауырлау зат (кітап...) қойып жүрсе де болады.

Шалқадан жатып бір қолды кеудеге, екінші қолды ішке қойып дұрыс дем алса, кеуде мен кек ет ширығады. Сколиоз болған балаларға арналған нұсқаулар (А. А. Подьяпольский)

Науқас балалар тек емханада, диспансерде емделіп қоймай, оларға үйде де үлкен қамқор-лық керек.

Уақыттың кобін таза ауада өткізу керек. Түнгі ұйқы үзақ болғаны жөн. Оларды ерте жатқызып, ерте тұрғызуға дағдыландыру керек.

Бала жатқан төсек өте жұмсақ болмай, қатты-лау әрі тегіс, басындағы жастық аласа болғаны дұрыс. Ондай балалар шалқасынан жатады, оқыста аударылып кетсе оятудың қажеті жоқ.

Түнгі ұйқыдан басқа, бір сағатқа созылған күндізгі ұйқы да пайдалы. Онда да тегіс салын-ған қатты төсекте, тек шалқадан жату керек. Ңолға кітап, ойыншықтар ұстауға болмайды.

Сколиоз ауруына шалдыққан балалардың та-мақтануына баса назар аудару керек. Олар мезгі-лінде, витаминдерге бай әр түрлі құнарлы тағам-дармен тамақтануы қажет.

Үйде жасалатын түзету гимнастикасы күніне 2 рет, ертеңгі астан кейін бір сағаттан соң (толық балалар ашқарында орындағаны жөн), түсте

2 сағаттан кейін орындайды. Жазда дене тәрбие-сін далада, таза ауада өткізеді (көлеңкеде).

Допты жоғары лақтырып ойнаудың да пайда-сы көп. Тек оларды спорт жарысына қатыстыр-майды.

Спорттық ойындардың ішінде тек суда жүзу («брасс» түрімен) мен екі қолмен бірдей ескек есумен айналысу керек. Қыста шаңғымен жүру, коньки тебу өте пайдалы. Бұл салада да жарысқа қатысуға болмайды. Жас балалар өз бетімен ой-наған кезде тез бұрылуға, секіруге, шыр айна-луға болмайды. Сондай-ақ жерде жатқан құмда, топырақта еңкейіп ойнау да зиян. Оларға бойы жететіндей биігірек етіп құм үйіп беру керек.

Балаларды аз қимылдайтын ойындармен ой-натқанда (сурет салу, жапсыру), столдың биіктігі қолды төмен түсіргендегі шынтақтың деңгейінен

3 см биік болуы шарт.

Жазда балаларға көп қимыл керек. Сондықтан сабақ дайындағанда не отырып сурет салған-да, әр 20 минуттан соң екі-үш түзету жаттығуларын орындайды.

Велосипед тебуге, секіруге, ауыр жүк көтеруге мүлде болмайды. Үй жагдайында алға көп иілмейтін жұмыстар атқарады.

Таза ауада көп жүру керек, тек күн көзінде емес, көлеңкемен алмастырып отыру керек. Жазда баланың жасына байланысты, дәрігердің нұсқауы бойынша, суға күніне 2 рет 5, 10, 15 минуттан шомылуға болады.

Столдың үстінде ойнайтын ойындардың қа-жеті жоқ.

Осы айтылған нұсқауларды ата-ана мұқият қадағалап, бала өз ықыласымен орындаса, аурудан жазылуға толық мүмкіндік бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет